Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мурзалина.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
68.57 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.........................................................................................................................

    1. Құрылыс ауданының сипаттамасы................................................................

    2. Табиғи-климаттық жағдайы...........................................................................

    3. Бас жоспар шешімдері....................................................................................

      1. Көлемдік жоспарлық шешімдер...................................................................

      2. Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері...........................................

    4. Сәулеттік-конструктивтік шешімдері..........................................................

1.4.1Қоршау конструкцияларының жылутехникалық есебі...............................

Іргетас жоспары.........................................................................................................

Қабат аралық жабын жоспары.................................................................................

Шатыр жоспары.........................................................................................................

    1. Ғимаратты инженерлік жабдықтау...............................................................

    2. Антисейсмикалық шара..................................................................................

    3. Қорытынды.....................................................................................................

    4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

Кіріспе

Құрлыс дегеніміз, жаңадан құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған негізгі фондтарда үлкейтумен және қайта жаңартумен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының жетекші саласы болып табылады.

Бүкіл халықтың материалдық мәдени деңгейлердің көтерілуіне, еңбек өнімділігінің артуына, өндірістің барлық салаларының дамуын, күрделі құрлыс саласының қосар үлесі зор.

Қазіргі заманғы құрлыс дегеніміз,бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыс комплексі. Уақытты үнемдеу шарттарын орындау үшін жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру қазіргі күн талабында тұрган мәселе.

Жұмысты бұлай ұйымдастырудың негізгі ережелерімен нормалардың біріңғай жүйесі, жұмысты ұйымдастыруды жобалау, құрлысты жоспарлау және басқару болып табылады.

Жұмыс көлемдерінің ұлғаюы, обьектілердің күрделенуі, жұмысты тосқанды әдістермен орындауды үлкен жетілдіруді талап етеді.

Соғылатын комплекстердің немесе жеке обьектілердің көлемдерінің қуаттарының ұлғаюы, құрлыстың соғылыуының жоғары болуына, соғылу мерзімінің кішірейуіне, қойылатын талаптардың өсіуіне, үйлердің жинақтық деңгейінің көтерілуіне, құрлыс ұйымдастыруынің жоғары өнімді машина механизмдермен жабдықталуын, құрлысқа жеке мамандырылған құрылыс мекемелерінің көптеп таралуын,құрлыс өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру деңгейін көтеруді талап етеді.

Соңғы жылдары, рыноктық қатынастарға көшуге байланысты, халық шаруашылығының басқа салалары сияқты, күрделі құрылыс саласында өндіріс шамасы төмен құлдырады жұмыс күйінің саны қысқарды, кейбір құрлыс ұйымдары жұмыс көлемінің болмауына байланысты жабылды, жоғары квалификациялы жұмыс күші басқа өндіріс салаларына ауысып кетті. Осы қиыншылықтарға қарамастан нарықтық экономика жағдайында төмен сапалы орындалған жұмыстарға жұмсалған шығындарды мұхият есептеу керек. Осының барлығы өндірістік қызмет міндетіне кіруі керек. Құрылыс өнімінің сапалылығы тапсырыс берушіні қызықтырады.

Біздің еліміздегі жағдайда өндіріс ғимараттарына үлкен көңіл бөлінуде. Өндіріс ғимараттары өнеркәсіп өнімдерін белгілі бір технологиялық процесстермен және қондырғылармен дайындауға негізделеді.

Өндіріс ғимараттарын жобалай отырып оның көлемдік жобалау шешімін, конструктивтік схемасына тоқталғанда міндетті түрде оның технологиялық және архитектуралық сәулеттілік талабына сай, сонымен қатар ғимаратты алдыңғы қатарлы индустриалды методтармен қамтамасыз еткен жөн. Өндіріс ғимараттарын жобалағанда алдын ала онда жүретін технологиялық процесстердің жақсы жағдайда өтуін қамтамасыз ету қажет және де жұмысшылардың жұмыс істеуіне едәуір қолайлы жағдайлар жасалуы керек.

Әлемде қай мемлекетінде әлеуметтік деңгейінің сол елдің инновациялық дамуының қарқынына қарап өлшенетіні дәлелдеуді қажетсінбейтін шындық. Өйткені экономикалық бәсекелестікте тек инновациялық дамуды өзінің басты бағдарының бірі еткен мемлекеттің ғана озатындығы айқындалады. Оны мойынсұнбайтын, осыған қарап бағыт-бығдарын түземейтін ешбір ел жоқ. Біздің елімізде де осы мақсатты жүзеге асыруда, бәсекеге қабілетті өндірісті жолға қоюда нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бәсекеге төтеп беріп, сұранысқа ие болатындай өнімдер шығару ісі өндірісті заман талабына сай жаңғыртып отыруды талап етеді. Бұрынғы таптаурын технологиямен ешқашан алысқа ұзай алмаймыз. Еліміздегі машина жасау, электронды және электротехника, қорғаныс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі мен құрлыс материалдарын өндіруде бәсекеге қабілеттілікті арттыру жан-жақты қарастырылған түбегейлі шараларды қажет еткендігі түсінікті. Осы ретте Елбасының жарлығымен еліміздің 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық –инновациялық даму стратегиясы өмірге келеді. Бұл қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық түрленуінің жаңа кезеңі болады. ТМД жүзінде ең алғаш біздің елімізде технопарк жүйесінің дамуы үшін кешенді түрде қарастырлған заңнамалық негіз қаланды. Әрине, толыққынды инновациялық даму жаңа аумақтық құрлымдар – технопарктерсіз, бизнес-инкубаторларсыз, аумақтық фирмаларсыз елестету мүмкін емес.

Бұған қоса заманауи дамудың айнасы іспеттес биотехнология, нанотехнология, компьютерлік технологияны да өрістетуіне жол ашу да назардан тыс қалмақ емес. Тек бір күндік емес, болашақты ойлаған осындай игілікті істер нәтижесінде еліміз бәсекеге қаблетті болып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп, халықты еңбекпен қамтып, түпкі жарқын мақсатқа – мемлекетімізді экономикалық орнықты дамуға тезірек жеткізетіндігіне күмән тумаса керек. Әрине, мұндай мақсатқа жету үшін ынта-ықыласпен қатар жаңа озық идеялар, тың көзғарастар, батыл жобалар қажет. Осы ретте өндіріс пен ғылым арасында байланыстың маңызы ерекше.