- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.8. Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- •1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы
- •Тау жынысы және пайдалы қазбалар Сұхбат
- •Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы
- •Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары
- •Инженер мамандығының қажеттілігі және оның салалары
- •Кен орындарын жерасты арқылы қазудың болашағы
- •Кен байыту саласында қолданылатын терминдер
- •Сұрақ-жауап
- •Пайдалы қазынды кен орындарының кен- геологиялық сипаттамасы
- •Маркшейдерлік істің даму тарихы
- •Металлургия саласының зерттелуі
- •Металлургия саласының зерттелуі
- •Түсті металдардың техникалық классификациясы
- •XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуы
- •3 Апта. 9-тәжірибелік сабақ
- •Қазақстандағы металлургияның дамуы
- •Геология ғылымы
- •Геологиялық зерттеу әдістері
- •Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)
- •Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы
- •Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)
- •Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы
- •Қазақстандағы баспалардың қысқаша тарихы
- •Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқалары
- •Түпнұсқалар үш топқа бөлінеді:
- •Ақпараттық технологиялар
- •Ақпарат
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютерлік вирус
- •Билл Гейтс және оның компаниясы
- •Пайда болуы
- •Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуі
- •336Тапсырма. Сөйлемдерден түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалға ұшыраған сөздерді табыңыздар.
- •337Тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың анықтамасын тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
- •338Тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын сақтай отырып, дұрыс орналастырыңыздар.
- •Мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы маңызы
- •Сәулеттік құрылыс саласы
- •Ғимараттар мен имараттардың түрлері
- •Сәулеттік құрылыс жүйелері
- •Айша бибі кесенесі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
- •Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
- •Құрылыс машиналары
- •Экономикалық дамудың жалпы негіздері
- •Өндіріс және оның ерекше формалары
- •Меншік – экономикалық категория
- •Меншік және иемдену заңдары
- •Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны
- •Ресурстар
- •Өндіріс процесі мен тұтыну процесі
- •Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары
- •Кәсіпкерлік және кәсіпорын
- •Экология ғылымы және оның құрылымы
- •Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
- •Табиғат – тәңірдің сыйы
- •Табиғаттағы зат айналымдары
- •Машина жасау технологиясы негіздернiң даму тарихы
- •Машина жасау кешені
- •III. Аралық бақылау жұмысы.
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері
- •2.3. Өздік бақылау үшін тест тапсыралары
Металлургия саласының зерттелуі
Қазіргі кезде металлургия дегеніміз ғылыми-зерттеу мекемелерінде немесе өнеркәсіп саласында металдарды және олардың құймалары мен қосылыстарын өндіру деп түсінуге болады. Ерте кезден бастап-ақ адам баласы металл өндіруді меңгере білген.
Металлургия – өнеркәсіптің бір саласы ретінде кенді өндіріп, оны байыту, металдарды, оның құрамаларын, тұздарды, қышқылдарды шығарудан тұрады.
Ал, қысқаша айтқанда, металлургия өндірісінің міндеті - концентраттардан таза металдар алу. Осыған орай металлургия ғылыми пән ретінде кен шикізатынан металдар алудың әдістері мен сол процесс кезінде орын алатын теорияның негіздерін де қарастырады.
Еуропа елдеріндегі зауыттарда металлургия саласындағы бірінші зерттеулерді 1494-1555 жылдары жүргізген ғалым-металлург Агрикола (Бауэр) болған. Ресейде 1711-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов 1748 жылы өзінің химиялық реакциялардағы массаның сақталу заңын ашуына байланысты, металдарды өндіру тәсілдерін ғылыми жолмен шеше бастады. Сондықтан М.В. Ломоносов ғылыми металлургияның негізін қалаушы және бірінші рет орыс тілінде 1763 жылы металлургия туралы өзінің еңбегін жазған.
Ол өзінің еңбегінде металдардың ауамен тотығатындығын ғылыми негізде дәлелдеп, металлургия саласына даңғыл жолды ашып берді. Осындай зерттеулерге байланысты металлургия процестері кеңінен өріс алып, М.В. Ломоносов алғаш рет университетте физикалық химия пәнінен сабақ берді.
Сөздік:
құйма – литье; сплав; отливка
құрама – комбинированный; соединенный; сборный
шикізат – сырье; сырое вещество
тәсіл – тактика; средство; прием; способ
тотығу – окисляться; окисление; почернеть; заржаветь
тотықтандыру – окислять
даңғыл жол – проторенный путь; проезжий тракт
өріс алу – распространиться
108-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.
Ү л г і:
– Төле би қай ғасырда өмір сүрген?
– Төле би Әлібекұлы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген, 1663 жылы
дүниеге келген.
109-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Металлургия дегенді қалай түсінесіздер? 2. Адам баласы қай уақыттан бастап металл өндіруді меңгерген? 3. Металлургия өнеркәсібінің саласы неден тұрады? 4. Металлургия өндірісінің міндеті не? 5. Металлургия ғылымы нені қарастырады? 6. Еуропа елдерінде металлургияны алғаш рет қай уақыттарда, кім зерттеді? 7. Ресейде металлургияның негізін ең бірінші қалаған кім? 8. Неге байланысты металлургия процестері кеңінен өріс алды?
110-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Мысты байыту, металлургия мамандығы, дүниежүзілік өндірісте, мыс кенінің түрлері, табиғи металдарды қолдану, Ресейдегі металлургияның дамуы, сирек кездесетін металдар, түсті металлургия, металдарды алу.
111-тапсырма. Көп нүктенің орнына рай категориясының тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Егер қалмақтарға ірі-ірі соққылар бер... , онда оларды кейін қайтарар еді. Осы шайқасты қазақ халқы жең..., онда Тәуке хан Төлені Ұлы жүздің бас биі етіп сайламақшы еді. Тәуке өзінің «Жеті жарлығын» (заңдарын) жаса... , онда оны жүзеге асыру үшін, көрші елдермен достық қарым-қатынас жасауға кірісер еді. Үш жүздің ұлы ханы деген атағы болма... , әр жүздің ханы өз бетімен, өз билігімен басқарады. Байтақ Отанды алып жатқан қазақ бір жерде ғана қырылған бол... , ол арнайы сөз болмас еді (шындыққа жанаспайды).
112-тапсырма. Жақшаның ішіндегі етістіктерді тиісті формаға қойып жазыңыздар.
Қаралы 1723 жылға дейін қазақ хандығы Ұлы жүз жерінде орналасып (келу). 1722 жылы жоңғарлықтар жоралғы топ құрып үлкен шабуылға дайындала (бастау). 1727 жылы жоңғарлықтар қазақпен қайта (соғысу). Бұл соғыстың салдарынан наймандар батысқа (көшу). Найманның Садыр деген руы қатты қырғынға (ұшырау). Төле жаудың алдын бөгеп, шегіне (соғысу). Бұл соғысқа басқа батырлармен бірге Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар (қатысу), олар жауға қатты соққы (беру).
113-тапсырма. Сөйлемдерден рай категориясында тұрған сөздерді тауып, астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Отбасының берекесі, ердің ырысы жақсы болса, ол әйелге байланысты деп, Төле би олардың бақытты болуларына жағдай жасап отырған. Шындықты танытып, әділдікке қол жеткізсе, ол Төле бидің әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана білгені. Төле би шабындыққа таласқан екі жігітті ертіп сыртқа шықса, бидің сөзін жерге тастамай, екеуі қол алысып, татуласып кетіпті. Халқының ынтымақ-бірлігін ойласа, қолынан келгеннің бәрін жасар еді.
114-тапсырма. Металлургия саласының зерттелуінің жалғасын мұқият оқып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.