Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гундар реферат.DOC
Скачиваний:
34
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
126.98 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорытып айтқанда, ежелгі замандағы һундер батысқа қоныс аударудан бұрын ежелгі қазақ тайпаларымен тығыз байланысты болған. Олар бір мезгіл үйсін, қаңлы, тағы басқа тайпаларды билеген. Солтустік һұндер батысқа қо-ныс аударғанда уйсін, қаңлы, алан жерлеріие келіп, одан соң шығыс Европаға қарай ауған. Осы кезде һұндердің бір бөлегі осы өңірлерде қалып, үйсін, қаңлы, алан ұлыс-тарымен тоғысып, оларға сіңісіп кеткен. 5-ғасырда Еділ мен Днепр аралыгындағы һұн одағы ыдырағаннан кейін, бүлардың бір бөлегі қайта толқып, қазақ даласына келіп, олардың кейінгі үрпақтары оғыз, қыпшақ, қарлық атанып кеткен. Бул тайпалардың бір бөлегі қазақ халқының құ-рамына қосылып, қазақ халқын қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Соның үшін ежелгі һұндерді қазақ халқын құраған қайнардың бірі деуге болады.

Жоғарыда баяндалған үйсін, қаңлы, алан ұлыстары өзара тығыз саяси, шаруашылык және мәдени қарым-қатынаста болды, тіпті олар аралас-құралас ғұмыр кешті. Кейбір тайпалар біресе үйсін ұлысының, біресе қаңлылар ұлысының құрамына кіріп отырды. Үйсіндер алғашқы кезде һұндерге бағынды, кейін келе һұндердің бір бөлегі үйсін, қаңлы, аландарға қосылып кетті. Ал қаңлылардыц кейде үйсіндерді, кейде аландарды өз қол астына қаратқан кездері де болды. Бұл ұлыстар арасында айырбас сауда жүріп жатты. Бұл қарым-қатынастар оларды бір-біріне жақындата берді.

Кейінгі кезде жүргізілген археологиялык зерттеудіц анықтауынша, уйсін, қаңлы, алан ұлыстарының дәуірлеген кезі — темірден жасалған құрал-саймандардың барлык жерде таралған кезі болды. «Үйсіндердің, қаңлылардың, алаңдардың және басқа тайпалардың мәдениеті сақ тай-палары мәдениетінің заңды жалғасы және дамыған түрі болды. Бұл мәдениет сақтар мәдениетінің негізгі элементтерін қамтып, оны ары қарай дамытты». Бұл ұлыстардың өз заманындағы экономикалық өмірі, даму дәрежесі деңгейлес еді.

Әдебиеттер тізімі

  1. 1-том Алматы “Атамұра” 1996ж 245-248 б, 258-260 б.

  2. Түрік халық тарихы Алматы “Білім” 1996ж 26-44 б.

  3. Көне тарих 103-108 б.

  4. Түркістан халық энциклопедиясы Алматы 2000ж 268-270 б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]