Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гундар реферат.DOC
Скачиваний:
34
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
126.98 Кб
Скачать

Хундардың экономикасы және мемлекетті басқару дәстүрі

Сыма Цяньнін жазғанына қарағанда, хун қоғамының экономикасы тіптен қарапайым болғанға ұқсайды: «Жай уақытта олар мал бакты, әрі аң, құс аулаумен айналыс-ты, ал киын-кыстау кездердегі шабуылдың дайындығы ' ретінде әркім өзінше әскери істерге үйренді.

Жылқы табынынан басқа хундардың негізгі байлығы — сиыр, қодас, түйе, қой және ешкі отарлары болады. Мал жеке меншікте ұсталды, әр отбасы туыстығына байланысты аумактың белгілі бір бөлігіғіде мал жайды, әрі ол жерді бүкіл туыстарына қорған түтты. Адам ба-ласы мүліктерінің бүтіндігін сактау мақсатымен, Сыма Цянь айтпакшы,. «Әкесі немесе баласы өлген жағдайда, олардың әйелдерін туыстары әмеңгершілік жолымен өздері алып отырған», басқа көршілері сиякты хундар да көп әйел алу болған. Бөтен мүлікті ұрлағандығы үшін бүкіл отбасы катаң жауапка тартылып, ал мал ұрлаған кінәлі отбасы кұлдыкка түсіп отырған.

Хун коғамының жоғарғы тұсын төрт аристократия-лық ру құрды, олар — яғни кез-келген бір ер кісі өзіне әйелді тек қалған үш рудан ғана алуға болатын, бір-бі-рімен некелік қатынаста байланысқан рулар еді.

Бағынышты тайпалар осы төрт тайпаға мата, қой те-рісін және басқа да салық түрлерін төлеп отырды. Егер салықты дер кезінен кешіктірсе, хундар олардын. ру бас-шыларын дарға асты. Борышкердің әйел-баласын ездері алатын болды. Бостандыққа шығу үшін ерекше төлем талап етті. Хундардағы қүлдықты көрсететін мәліметтер жиі кездеседі. Құлдыққа негізінен тұтқындар алынды, ал кейде әр түрлі қылмыстары үшін хундардың өздері де құлдыққа түсіп отырды. Өзге тайпалықтар яғни қүл-дар көбінесе отырықшы шаруашылықта пайдаланылды, олар бекітілген калада хундармен бірге өмір сүрді, жер жыртты, тас қалау және құрылыс жұмыстарына қатысты, қолөнер өндірісіне араласты. Құлдықтағы хундардың жағдайы онша анық емес, олар патриархалдық от-басынын, ең төменгі тобын құрауы мүмкін.

Хун мемлекетінің кұрылымы да қатал иерархиялы болды. Б. з. б. V—IV ғасырларда жун (хун) тайпасының әскери демократиясынан өсіп шыққан хун державасы көршілес тайпа одактары және кытай патшалығымен соғыста әбден шыңдалды. Мұндай мемлекет тек әскери әкімшілік принциппен ұйымдастырылған, орталықтан-дырылған империяда ғана болуы мүмкін.

Қатал билік жүргізген ел басын «тәңірқұты» деп атаған. Оны «Аспан мен Жерден жаралған, Күн мен Айға теңестіріп қойылған ұлы хун— Тәңірқұты» деген арнайы титулға ие болған. Оны «Көк ұлы» деп те атаған. Оның билігі мынадай міндеттер мен функциялардан көрінеді: а) мемлекеттің барлық аумағы мен басқару мін-деті, осы аумақты корғау функциясы;' ә) соғыс және бейбітшілік шартты жариялау міндеті мен әскерге жетекшілік ету функциясы; б) мемлекеттің барлық қарулы күштеріне жүмсалатын шығынды өз қолына жұмылдыру және сыртқы саяси бағытты анықтау функциясы; в) қарамағындағы әрбір адамның өмірі мен өліміне жа-уаптылык міндеті.

Тәңірқұты «таңертең ордадан шығып, шығып келе жатқан күнге, ал кеште туып келе жатқан айға иіліп тағзым еткен». Осыдан Тәңірқұты мәдениеттілікті сақтау мен корғау ісінін, кепілдігіне ұқсайды. Жоғарғы ие-лік етушіні көмекші, кенесші, әскербасылардың көпте-ген топтары қоршаған, алайда айналасындағылардың пікірімен санасқанның өзінде шешуші сөз ылғи да Тәңірқұтының өзінде қалып отырған.

Мемлекетте Тәңіркұтынан кейінгі лауазымды кісілер — сол және оң (батыс, шығыс) «дана басшылар», яғни олар Тәңірқұтының балалары мен жақын туыстары болды. Олар империяның батыс және шығыс аумағын басқарды, әскердің сол жЗне оң канатын басқарды. Бұлардан кейін Тәңірқұтының белгілі бір аумағын басқаратын басқа да туыстары тұрды, олардың бәрі әр түрлі лауазымға ие болды және «он мың жауынгердің үстінен . қарайтын басшылар» деп аталды. Бүлардың жалпы саны , империяның батыс, щығыс жақ бөліктеріне, әскердін. сол, оң қанаттарына бекітілген 24 жоғары әскер басы-лардан кұралды. Бұл орындарға Тәңіркұтына туыстық жакындығына қарай алынды. Басшыларды Тәңіркүты езі белгіледі. Ол эр басшының иелігіне сонда мекендеу-ші тұрғындарымен бірге аумақтар беліп берді. Тәңірқұтының рұқсатынсыз тайпалардың баска жаққа көшуіне қатаң тыйым салынды.

Басшының билігі мен әскери куші онын. әскер үлесі-не емес, тұрғындарының санына қарай аныкталуына көбірек мән берілді. Онын, кол астында он мың жауынгер болды, «24 басшының әрқайсысы 10 мыңнан бірнеше мыңға дейінгі әскерге ие болды»,— дейді Сыма Цянь.

Басшы ез иелігінің шегінде мыңдықтарды, жүздіктер-ді, ондықтарды тағайындады, оларға көшпелі түрғында-ры бар жер берді. Басшыны ауыстыруға не жазалауға тек Тәңіркұтының әлі жетті. Кейін басшылар сайлау қатаң мұрагерлік жүйеге ауысты.

Мемлекетте барлық ер адамның негізгі борышы әске-ри қызмет болды. Әр хун жауынгер атанды және әскери міндетті орындауға бас имегендерді өліммен жазалады. Барлық.ер адам балалық шағынаң өмірінің сонына де-йін катал бекітілген әскери бөлімшелерге жазылып кой-ды, әркайсысы өз басшысының бұйрығымен соғысты.

Міндетті турде төрт аристократиялық рудан шыққан басшылар «аспанға, жерге, адам рухына, аспан әлемі-нің рухына күрбандық шалуға» жылына үш рет, ал «мемлекет істерін талқылауға, адамдар мен үй жануар-ларынын, санағын тексеруге» күзде бір рет Ордадағы тәңірқұтына барып түрды. Бұл жиынды басқару ұйымы дегенмен, ол туыстардың отбасылык. кеңесі ретінде өте-ді, өйткені- оның қатысушылары Тәніркұтынын. туыста-ры болатын.

Сөйтіп Хун империясынын, баскарушы тобы рулык-таппалық негізде қалыптасты; мемлекеттің жоғарғы бас-шыларын сайлауда туыстық қатынас шешуші мәнін сақ-тады. Барлық ақсүйектер ру ішілік және тайпа ішілік байланыстарды сақтай отырып, катардағы тайпалармен кандас ретінде көрінді. Сондай-ақ ру арасында азық-тү-ліктерді бөлу жайылым жерлерге деген жеке меншікті-лік жоғарыдағылардың саяси күшінщ негізін қүрады.

Хун империясынын. үш ғасырдай өмір сүргенін және ұсақ хун мемлекетінің бірнеше ғасырғы емірін жалғас-тыру үшін бүл қүрылымдардың барлығы толық түрақ-тылыққа ие болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]