Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гундар реферат.DOC
Скачиваний:
34
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
126.98 Кб
Скачать

Ғұндардың шаруашылығы. Әлеуметтік-экономикалық қатынастары

Ғүндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Сыма Цянь былай деп жазады: «Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендей жүріп, олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға кешеді. Үй малынан жылқы, ірі қара және кой-ешкі өсіреді; біразытүйе, есек ұстайды. Шөптің калың, судың мол болуына карай бір жерден екінші жерге көшіп жүреді... Шонжарларынан бастап бәріде үй малыныңетіментамақтанады, олардыңтерісін киім қылады, жүн мен аңтерісін жамылады». Ғұндардың өмірінде жылқы ерекше маңызды рөл аткарды. Ал койдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқкиім жасады, жүннен киіз басылды.

Малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда куаңшылық немесе қыста кектайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Деректемелер мұны да жиі көрсетеді.

Қытай әскерлерінің ғұндарға жорыктары суреттемелерінде келтірілген жанама деректерге қарап, халыктың жан басына шакхандағы орташа мал санын аныктауға әрекет етуге болады. Мәселен, б. з. б. 72 жылы келтірі-лген ең толық мәліметтер бойынша, әскербасылар ездерінің реляцияла-рында былай деп хабарлаған: 700 тұтқын мен 10 мың бас мал қолға түсірілді - 15 : 1; 100 тұткын мен 2 мын. бас мал — 20 : 1; 300 және 7 мың — 29 : 1; 19 және 100 - 5 : 1; 1900 және 70 мың - 35 : 1; 39 және 700 мың - 18 : 1. Сонымен, орта есеппен халықтың жан басына шакканда 19 малдан келеді. Қарапайым мал шаруашылығы жағдайында мұндай аракатынас оңтайлы болатын.

Гұндар отырықшылык. пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «солтүстік жерлерде суык ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардын жерінде тары себіледі» деп жазылған. Байкал сыр-тындағы Нижнс-Иволгинск кала жүртын казған кезде еденді сыллған бал-шык арасынан туралған сабан шықты. Нак осы жерден қысқы, гүраклы жартылай жертөлелердің жұрты табылды, олар кандар жүйесімеи жылы-тылған. Тары дәндері, шойын түрендер, темір орак, тас дәнүккіш гер және астык. сақтайтын ұралар шыклы. Адам жерленген ағаш кималар да ғүнда-рда отырыкшылык. болғанын дәлелдейді.

Ғұндар өмірінде аң аулау манызды рөл аткарды. Бұл жөнінде деректе-мелерде былай делінген: «... балалар қойға мініп, садак тарта алады және күстар мен тышкандарды ата біледі; біраз өскен соң олар түлкілерді және тамақ етіп жейтін қояндарды атады... Олардың арасында орнаған ғұрып бойынша, тыныштықкезде мал бағып, оған қоса күс пен аңаулайды, сөйтіп тіршілік етеді». Ғұндардың кабірлерін казған кезде киіктің, кабанның, қүланның, бұғының, таутекенің, еліктің, қоян мен түлкінің сүйектері табылды.

Кабірлерде керамика — қүмыралар, көзелер, саптыаяқтар аз емес, олар қолдан жапсырып және құмырашы ұршықшасында дайындалғаң, мүның өзі кыш-күмырашылыктың дамығанын дәлелдейді. Баска жақтан әкелі-нген заттар, жібек маталар, айналар, көз салған әшекейлер кездеседі.

Ғұндарда әскердің негізі тез орын ауыстыра алатын атты әскер болған. Салт атты жауынгердің қару-жарағы — садақ пен жебелер. Қазба жұмыс- тарының материалдарына карағанда, садақтар екі үлгіде жасалған. Ерте-дегі садак ағаштан иіліп, адырнасын тарамыстан жасаған. Садактың жағы сүйек каптырмалармен капталды (барлығы жетеуге дейін), екі үшында адыр-наны байлайтын кертпешесі бар екі каптырма, ортасына - жебе атылатын жеріне трапеция тәрізді каптырма орнатылды. Осылайша садактың иілгіштігі күшейтілді. Садақтың ұзындығы 70-80 сантиметрге жетті. Жебеге үш кырлы темір үш салындй. Садактың екінші түрі үлкен әрі ауырлау болады. Оған үңғысы бар үш кырлы салмақты темір ұшты жебе колданы-лды. Мұндай садақтар мен жебелер сауыт киген жауды атуға арналған. Дөңгелек және сопаксипатгағы, шыбықтардан тіреу орнатылған ағаш жак-таулы қалқан да болған.

Деректемелерге карағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды рубасыла-ры(аксақалдар) баскарған. Рулык күрылыстың ақсакалдар кеңесі және ха-лык жиналысы сияқты институттары сакталды. Деректемелерде былай деп айтылған: «ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды. олар бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, «сюй» деп аталатын күні көк рухына кұрбан шалынды... сол жиналыстарда рубасылары мемле-кеттік істерді талкылап, ат жарысы мен түйелердін жарысын кызыктайды». Алайда ғұндардын патриархаттық-рулык, құрылысы койнауында жана коғамдық катынастар пісіп-жетілді. Мұның себептерінің бірі айырбастың, сауданың дамуы болды. Обаларды казған кездетабылған алтын бүйымдар, қымбат маталар ғұн ќоѓамы үстем топтарында жинаісгалған байлықты дәлел-дейді.

Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны туралы мәлімет-тер бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарынын хань елшісі Су Уға екі рет жылкы үйірі мен кой отарын тарту еткенін және сыйлык ретінде мал бер-генін айтады.

Ғұндардыңдағдылы кұқында мыналар көзделген: «¦рлыќ жасап кінәлі болғанның жері алынады; шайкаста жаудың басын шауып алған немесе оны түткынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал түткынға алынғандар (соның) күлдары мен күндері етіледі»; «...ұрыс алаңынан қазатапқан адамныњ сүйегін кім әкелсе, оныњ от-басының бүкіл мүлкін сол алады».

Сыма Цянь бүдан әрі былай деп жазады: «Суы мен оты мол жер іздеп, бір жерден екіншісіне көшіп жүреді, оларда ішкі және сырткы дуалдармен коршалған қалалар, тұракты тұратын жері жок, болса да және егістік өнде-умен айналыспаса да, әркайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі бар». Ғүндарда ауыл болып көшіп-қону әдісі болған деп жорамалдауға, ал деректемелерде айтылатын «әрқайсысының өзіне бөлініп берілген жер учас-кесі бар» деген сөздерді жеке қожалыктарға жаткызуға болады75.

Қабірлерден шыккан материалдар ғүн қоғамындағы мүліктік теңсіздік жайын айкын сипаттайды.

Ғүндарда соғыс тұткындарынан және бағынышты өңірлердің халқынан түратын күлдар болған. Олар үй кызметшілері, бакташылар, колөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды.

Елді шаньюй басқарды, оның колында шексіз дерлік билік болды. Одан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жакын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әркайсысының көшіп жүретін өз жері болды. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді. Алайда шаныой езіне бағынбаған немесе жазықты болған түменбасылардың жерін кайтарып алатын, өздерінің жүзбасылары мен онбасылары жөнінде түмен-басыларыныңда нақ сондай күкығы болды. Лауазымдар мен жоғары шен-дер мұраға калдырылды. Қарапайым халыктан алынған салыктар туралы мәліметтер бар.

Сонымен усун және ғүн коғамдарындағы әлеуметтік-экономикалык катынастар шамамен алғанда бірдей даму денгейінде болды. Оларда ерте-дегі алғашкы таптық коғамдардың кұрылуы кезінде канау мен байлық жи-наудың әр алуан түрлері калыптасады. Алайда олардың бірде-біреуі түтас алғанда бүкіл жүйені аныктайтын доминанттык маныз алған жок. Сондык-тан күлдардың және күл иеленушілік катынастардың болғанына карама-стан, бұл коғамдарды күл иеленушілік немесе патриархаттық-құл иеле-нушілік қоғамдар деп сипаттауға болмайды. Усундер,'ғүндар коғамдары-ның үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптык бірлестіктердің баска бір сипатты белгісі езінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар мемле-кеттіліктің калыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық құрылыс органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардын бейнесін алып, оларды жана жагдайларға бейімдеді.

Ертедегі түрік коғамына және ежелгі көшпелілер бірлестіктеріне тән әр түрлі өндіріс әдістері мен қанау түрлерінің катар емір сүруінің жағдайында феодалдық құрылымы барған сайын тереңірек айкындала түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]