Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гундар реферат.DOC
Скачиваний:
34
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
126.98 Кб
Скачать

Ежелгі хундар туралы тарихи деректер және хундардың шығу тегі

Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар кытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: Біріншісі — Қытай тарихшыларының атасы ' деп саналатын Сыма Цянь (б. з. б. 135—67 жылдар). Оның еңбегі «Ши-цзи»"і)«Та-рихи жазбалар») 130 бөлімнен тұрады.

Еікінші тарихшы — Бань-Гу. Ол жазған еңбек «Цянь Хапь-шу» («Батыс Хань мемлекетінің кұжаттары») деп аталады. Бұл еңбек біздің заманымыздан бүрынғы 206 жылдан басталып, біздіц заманымыздың 25 жылына дейіегі оқиғаны қамтиды.

Үшінші тарихшы—Фай Е-ніц «Хоу Хань-шу» («Шығыс Хань мемлекетінің күжаттары») — жогарыда атал^ ған скі тарихшыныц ізімен жазылған аса күнды еңбек. Бір артықшылыгы — туркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар: «Чжоу-шу» («Чжоу ұлысыныц кұжат-тары»), «Бэи-ши» («Алдьщғы үлыстар тарихы»), «Түн-дянь» («Бөгде таііпалар жылнамасы»), Таншш хуан-юи» («Көне тарих туралы дерек») және тағы баскалары.

Орыс тарихшылары ішінде аса құнды деректер жазған Бичурин Н. Я. (1777—1853)— архимандрит, орыстың белгілі кытайтанушысы.

Міне, осы еңбектерге сүйене отырып, әу баста копыл-ған сүрақтарға тоқталайық. Хундардың шығу тегі тура-лы тарихшылардын зерттеулеріне сүйенсек, б. з. б. III ғасырда хундар туркіше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, кырғыз т. б. жиырмадан астам түркі таппаларымен бірге өмір сурген. Өткен ғасырларда-ақ Еуропа ғалым-дары хундардың кім болғанын, Еуропаға қайдан келге-ні туралы ғылыми зерттеулер жүргізе бастаған. Хундар өздерін әр турлі атаған: монғолмыз, түрікпіз, славян-быз, неміспіз, иранбыз деген және басқа да халыктарды айткан. Кейінгі жылдары казіргі Монғолия мен Байқал өңірінде ,көп ғасыр өмір сурген сюннуларды (хундарды) жамаида'п жазған кытай жазбалары табылды. Қытай-лардың оларды жек көруінің себебі де бар еді. Сюнну-лар (хундар) туралы- жазылған бір қолжазбада мына-дай мінездеме берілген: «Дәстүрлері бойынша малдың етін жеген, оның сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап кнген, малд-ары шөп жеп, су ішкен, жылдың әр мезгілі-не қарай су, шөп іздеп олар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі жэне сырткы корғандар жок, түрақты мекен-жайлары жоқ, қалалары болмаған және жер өңдеуіМен айналыспаған. Әрбір еркек жауын-гер болған. Соғыста құстардын тобы сияқты жауына бәрі құлшына жабылады, ал женілген кезінде бытырап кетеді, сонан сон кайта жиналады» дейді.

Сюннулардың тарихы кытай жазбаларында біздіц заманымыздан бұрынғы 403 жылдан басталады. Біздің заманымыздан бұрыиғы 206 жылы олардың көсе.мі Моде еді. Ол жоғары колбасшының баласы болғаны айтыла-ды. Қытайлар түркілерді сюннулардың (хундардың) ұрпақтары деп есептейді.

Хундардың шығыс көршісі ретінде кытай жазбала-рында біздің заманымыздың I ғасырының соңында Мон-ғолиядан хундарды ығыстырып шығарған сәнбилер ата-лады. Қейінірек сәнбилер хундар сиякты Қытайда бір-неше әулеттін негізін калайды, сәнбилер әулетінің ішін-де Солтүстік Вэй әулеті (386—534 жылдар) ерекше аталады.

Белгілі француз ғалымы Пеллио 1925 жылдыц кү-зіндс Санкт-Петербургта оқыған өзінін бір лекциясында қытап әдебиеттерінде сәнбилердін, түркі тілдес халық екенін аңғаруға болатын сездік сакталғандығын хабар-лайды. Егер сәнбилер туркілер болса, онда бүдан мына-дай корытынды келіп шығады: өте ерте уақыттарда түр-кілер Монғолияның шығысын мекен еткен. Сэнби және Сібір халыктары жайында Византия және Армян жаз-баларында алғаш рет 463 жылы, соңғы рет 558 жылы айтылады. Алайда сәнбилердің батыска коныс аударуы туралы ешнәрсе белгісіз.

Азиядағы хундар құрған мемлекет

«Сүй патшалығьіның тарихы» деген кітаптың «Жағрапиялық дерек» деген бөлімінде былай делінген: «Бес-балық құмды аймағының терістігі — алдыңғы хань пат-шалығы тұсында (б. з. б. 223—206 жылдарда) үйсіндер-дің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 225—220 жылдары) хундардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хундардың, әскери лагері мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хун-дардан шекаралык аймакты босатуды талап етті. Соғыстан қауіптенген ақсақалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кенес айтты. Бұған Моде: «Жер — мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сі-рә?»— деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шы-ғыска карай жылжиды. Дунхуларға тұткиылдан шабуыл жасап, оларды талкандады, басшысын өлтірді, адамда-рын және малдарын өзіне қосып алды». Хун тәңіркүты-ның алғашкы кадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.

Б. з. б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы-аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді Оның негізін қалаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын қауіпсіздендіруге тырысып, 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші кактығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі кушінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған Хундар шегіністі бірден тоқтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында коршауға алды. «Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азық-түлік кемегін де, әскери көмек те бере алмады»— деп жаза-ды тарихшы Сыма Цянь.— Батыстағы сюннулар атты әскері — ақ аттарға, ал шығыс беттегілер — тұмсығын-да ақ дағы бар сұр аттарға, солтустіктегілер — қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар — жирен аттарға мінген».

Императорға. хундармен туыстыққа негізделген бей-біт келісім шартын жасауға уәде беруден баска жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайым^ды беруге тура келді. Бірақ император өз уәдесін хундар-дын, дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орын-дады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлыктар — жібек маталар, шарап, күріш, әшекей бүйымдар еді. Шындығына келгенде бұл салыктар кезбояушылық еді. Хундар мен Хань арасын-дағы бейбіт қатынас б. з. б. 166—163 жылдарға дейін созылды. Бүдан сон, туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.

Моде мен оның мұрагерлері, дәлірек айтқанда, тәңір-құт Лаошань ең қатал соғысты үлы жүздермен (юэчжи-лермен) жүргізуге тура келді (б. з. б. 177—176 жылда-ры). Күрес ширек ғасырға созылды және біздің зама-нымыздан бұрынғы 174—167 жылдары хундар үйсіндер-мен одақта болудың нәтижесінде катты шйвленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі ұрыста қаза та-уып, оның бас сүйегінен тәңірқұт Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бүл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: «Хундардын, тәңіркүты Аслан (Лауо-шань) үлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасатқан. Алғашында ұлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында бтыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге карай ауып кеткен. Ұлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жа-сап, оларды бағындырып, өз ордаларын күрғаң» делін-ген. Осылайша бұл жолғы шабуылдар арқылы хундар мен үйсін тайпалары ұлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.

Хун.империясының кұрылуымен және ұзаққа созыл-ған хун — юэчжи (ұлы жүз) соғысының аяқталуымен кең далада бейбітшілік орнады. Б. з. б. II ғасыр хундардың көшпелі шаруашылығының өркендеген уақыты болды.

Біздің заманымызға дейінгі 119 жылы орасан мол кытай армиясы Тәңіркұтының ставкасын басып алып, 90 мыңға жуық хундарды қырып салды, қытайлықтар-дың өздері де үлкен шығынға ұшырады.

Сонымен біргечҚытай әскерлері Батыска, Орта Азия бағытына жылжи бастады, ол жерде біздің заманымыз-дан бүрынғы 101 жылы Ферғана калалары тоналып, хун-дар Шығыс Түркістан алқаптаррынан бөлініп калған еді. Б. з. б. 99—97 жылдары ханьдықтар (кытайлар) хундарға қарсы тағы ірі екі шабуыл жасады. Жетпіс мыңдай қытай армиясы колбасшы Ли Гуан-лидің басшылығымен хун жеріне басып кірді. Бірақ бұл жольг қытайлар өз күштерімен хундарды жене алмады, тек 20 жылдан соң ғана оларды басқа көшпелі халықтардың батыстағы үйсіндердің, шығыстағы ухуан (дунху) және солтүстіктегі Енисей динмендіктерінің көмегімен жеңіске жетті. Жан-жақтан жау анталаған ауыр соғыста хундар көп қырғынға ұшырады. Хундардың саяси дағдарысы басталды.

Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тәңірқұты Хуханье-нің басшылығымен шапкыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал қытайлар олардың тынышталуы үшін бәрін істеді, сөйтіп 50 жыл-дай уақыт бойы хун— кытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тәңірқұты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтті, бірақ бұл жерде хундар қытайдың экспедициялық корпусына тап болып, талқандалады.

Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік және оңтустік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хундардың тағдыры негізінен Хань империясына тәуелді болды. Солтүстік хундар — Енисей (ежелгі қырғыз) тайпалары-нан, әсіресе дуньху — үйсін ұрпактарынан, сәнби—Ман-чжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың II ғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының мигра-циясы әуелі Қазақстанның шығысына — Тарбағатайға және Жетісуға карай ығысты. Осы кезде хундар өздері-нің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін кұрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орна-ласты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайлаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңындағы жерлерге қоныс аударды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]