Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK-PZhB-novy_2014.doc
Скачиваний:
86
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.24 Mб
Скачать

1. Ауданы келесідей ағаш өңдейтін цехтардағы автоматты өрт сөндіру жүйесін есептеу, м2

Вариант I500;

Вариант II 1000;

Вариант III 10000.

Есептеу жүргізу үшін алдымен ғимарттың өрт жарылыс қауіпсіздігі бойынша категориясын анықтау қажет (спринклерлі және дренажды).Өрт сөндірудің автоматты қондырғыларының типін негіздеп және қандай құралмен сөндірілетінін табу керек (сулы және көбікті) Өртті сумен өшіру әдісі кезінде, құбыр өткізгіштің диаметрін ескере отырып, судың шығынын есептеу керек және учаскедегі арынды ескеріп, гидравликалық есептеу жасау керек. Көбікті қондырғыларды есептеу көбік жасайтын ерітінділердің шығынымен анықталады. Одан кейін құбыр өткізгіштердің гидравликалық есептеулері жүргізіледі және сораптар таңдалады.

2. Көрсеткіштері келесідей мұнай өңдейтін цехтардың автоматты өрт сөндіру жүйесін есептеу:

Вариант I S=1000 м2; h=5 м;

Вариант II S=5000 м2; h=7 м;

Вариант III S=10000 м2; h=10 м.

h- я еденнен төбеге дейінгі қашықтық.

Есептеу алгоритмі біріншідегідей. Мұнда қосымша жарылыс қауіпті қоспаның көлемі беріледі.

3. Келесі көрсеткіштермен мұнай сақтайтын объектілердің найзағай қорғанысын есептеу:

Вариант I S=10000 м2; h=10 м;

Вариант II S=5000 м2; h=15 м;

Вариант III S=10000 м2; h=20 м.

h – мұнай өнімінің ең үлкен ыдысының сыйымдылығы.

4. Екі қабатты административтік ғимараттан өрт кезінде адамдарды құтқару уақытын анықтау.

Ғимараттың өрт жарылыс қауіптілігі бойынша категориясы анықталады. Содан кейін қауіпсіздік деңгейі есептеледі Рва, Рвшамасы келесі формуламен есептеледі

мұндағы КВ- өрттің пайда болуы мен даму мүмкіндігі; Ра- өрт қорғанысының і-лі элементінің жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігі.

5. Өртті сөндірудің оперативті жоспарын жасау.

Ғимараттың өрт қауіпсіздік категориясы мен функционалды өрт қауіпсіздігі беріледі, сонымен бірге жұмыс істеуші адамдардың саны беріледі. Өрт ошағының пайда болу орынына байланысты әрбір жағдайлар үшін, схемамен адамдарды оқшаулау жоспары жасалады.

6. АЗС өрт жарылыс қауіпсіздік жүйесін жасау.

Май құятын нүктелердің саны мен май құятын машиналардың санына байланысты, өрт сөндщіру құралдары мен қызметтік нұсқаулар жасалынады.

7. Өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шараларды жасау

ҚР Заңына сәйкес нұсқаулар мен нұсқауламаларды құрастыру «Өрт қауіпсіздігі туралы», СНмЕ ҚР2.02-05-2002 «Ғимараттар мен үймереттердің өрт қауіпсіздігі».

Курстық жобаның варианттарын студентке оқытушы береді.

Курстық жұмысқа қойылатын талаптар:

1. Курстық жұмыс А4 форматына жазылуы керек

2. Титулдық беті

3. Мазмұны

4. Аңдатпасы

5. Басқы бөлім

6. Арнайы бөлім

7. Қортынды

8. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Курстық жұмыстың көлемі 20-25 бет болуы керек. Курстық жобаға кеңесті пәнді жүргізген оқытушы жүргізеді. Курстық жобаны студенттер қорғағаннан кейін, оларға баға қойылады.

2.8. Өздік бақылауға арналған тестілік тапсырмалар

1. Өрттің пайда болу мүмкіндігі қандай факторларға байланысты?

A) өртке ұқыпсыз қарау;

B) технологиялық режимнің бұзылуы;

C) қысқа тұйықталу мен найзағай соққысынан;

D) дәнекерлеу кезіндегі ұшқын, өздігінен тұтану, жарылыс;

E) барлық аталғандар.

2. Өрт қауіпсіздігі қандай шартты шешеді?

A) өрттің алдын –алу (профилактика);

B) жою, шығынды төмендету;

C) адамдар мен материалдық құндылықтарды қорғау;

D) өрт сөндіру;

E) барлық аталғандар.

3. Өрт сөндіру негізіне не жатады?

A) жану ошағын оқшаулау және суыту (оттегінің келуін тоқтату);

B) тотығу реакциясының жылдамдығын тоқтату;

C) жалынның механикалық үзілуі;

D) өрт қоршауларын қабылдау;

E) барлық аталғандар.

4. Сүзгіш өздік құтқарғышты қабылдауға бола ма, егер ауадаға оттегінің құрамы 17 % болса ?

A) жоқ;

B) болады, бірақ 30 минуттан көп емес;

C) болады, егер ауада тұншықтырғыш газ болмаса;

D) болады, 1 сағаттан көп емес;

E) болады, ауадағы метанның құрамы 1 % болса.

5. Өрт қауіпсіздігі қандай нормативті құжаттармен регламенттеледі?

A) «ҚР өрт қауіпсізідігі ережелерімен»;

B) ҚР СНмЕ 2.02-05-2002 «Ғимарат пен үйлердің өрт қауіпсіздігі »;

C) А және В пункттерінің құжаттарымен;

D) МЕСТ 12.1.004 «Өрт қауіпсізідіг» және ҚР 20.12.04 заңы «Өрт қауіпсізідігі туралы»;

E) аталғандардың барлығы.

6. Қандай шығатын жерлер оқшаулағыш деп саналынады ?

A) егер олар ғимараттың бірінші қабатынан сыртқа шығарса;

B) егер олар ғимараттың кез-келген қабатынан, біріншісінен басқасынан шығарса;

C) егер олар көрші ғимаратқа шығарса;

D) қылтимадағы баспалдақтар;

E) аталғандардың барлығы.

7. Суретті галереялар мен музейлерде қандай өрт сөндіргішпен өртті сөндіруге болады?

A) ОУ типті көмір қышқылды өрт сөндіргіштермен;

B) ОХП типті көбікті өрт сөндіргішпен ғана;

C) ОВП типті ауалық –көбікті өрт сөндіргішпен;

D) ОП типті ұнтақты өрт сөндіргішпен ғана;

E) аталғандардың барлығы.

8. 155 м2 ауданды ғимараттағы өртті сөндіру үшін қадай өрт сөндіргіш қанша көлемде керек?

A) біреу;

B) төртеуден көп емес;

C) екеу;

D) үшеу;

E) бесеу.

9. Оқшаулағыш өздік құтқарғышты қанша рет қолдануға болады?

A) көп рет;

B) жөндеуден кейін көп рет;

C) үш реттен көп емес;

D) ауысым аралығында;

E) бір рет.

10. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау кабинеті қандай жағдайда құрылады?

A) кез-келеген ұйымдарда;

B) адамдардың саны 40 –тан көп болмаған кезде;

C) адамдардың саны 100-ден көп болмаған кезде;

D) адамдардың саны 50 және одан көп;

E) адамдардың саны 20-дан көп.

11. Егер адам улы газбен уланып қалса не істеу керек?

A) жасанды дем алдыру керек;

B) оттегімен демалдыру керек немесе таза ауаға шығару немесе дәрігер шақыру керек;

C) дәрігер келгенше жасанды дем алдыру керек және су немесе ыстық шай беру керек;

D) мүсәтір спиртін иіскету керек;

E) дәрігер шақыру керек.

12. АЗС территориясында қандай жазулы кестелер жасалынады?

A) жолаушыларды түсір;

B) шылым шегуге болмайды (шылым шегуге тиім салынады);

C) өрт жарылыс қауіптілігі бойынша ғимараттардың категориясы;

D) шылым шегетін орын;

E) А, В және С дағы барлық аталғандар.

13. 4-ке дейінгі отын тарататын бағаналары бар маймен толтыратын жерлер қандай өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталуы керек?

A) әрқайсысының сыйымдылығы 50л аз емес қозғалмалы ұнтақты екі өрт сөндіргішпен және өрттік щиттермен;

B) бір ауалы - көбікті және ұнтақты өрт сөндіргіш;

C) бір ауалы- көбікті, ұнтақты және өрттік щиттермен

D) сыйымдылығы 50 л көп емес қозғалмалы ұнтақты өрт сөндіргіш және өртті щит;

E) А және В- да аталғандар.

14. А және Б категориялы ғимараттарда қандай шамдар қолданылады ?

A) қарапайым шамдар;

B) люминесцентті;

C) ртутты;

D) жарылыс қорғанысты жасалған;

E) тек қана кварцті.

15.Өртке қарсы қызмет ұйымдарының қызметкерлері, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған жағдайда бір уақытылы ақшалай көмек, туыстары мен мұрагерлеріне қандай көлемде төленеді

A) он жылдық орташа еңбек ақы;

B) соңғы орындаған қызметі бойынша бес жылдық ақшалай көмек;

C) төленбейді, тек жерлеуге кететін шығындарын төлейді;

D) соңғы орындаған қызметі бойынша бір жылдық ақшалай көмек;

E) кәмілеттік жасқа толмаған балаларына ғана зейнет ақы.

16. Өртке қарсы қызмет ұйымдарының қыметкерлері, қызметтік міндетін орындау кезіндегі мүгедек болмай, алған ауыр зақымына (жарақат, травма) қандай көлемде бір уақытылы жәрдем ақы беріледі?

A) емделу ақысы төленеді;

B) жарты айлық төлем ақы;

C) егер қызметкердің кінәсі болса;

D) А және С дұрыс;

E) «Өрт қауіпсізідігі туралы» ҚР Заңы 10-9 бөліміне сәйкес бір айлық жалақы көлемінде.

17. Өртке қарсы қорғаныс қызметкерлерінің жыл сайынғы дем алысы қандай ұзақтылықта болады?

A) 30 календарлық күн, қосымша қызмет еткен жылы;

B) 45 календарлық күні;

C) 56 календарлық күні;

D) 24 календарлық күні;

E) 45 жұмыс күні.

18. Автоматты өрт дабылының қабылдау станциялары нені қамтамасыз етуі керек?

A) сәуле мен хабарлағыштың нөмірін талдауды;

B) бақылауды жүзеге асыру және қондырғыларды өшіруді қамтамасыз ету және электр жабдықтары мен желдетуді өшіруді;

C) өртке қарсы қорғаныс дабылын автоматты қосуды;

D) өрт қорғанысы құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;

E) аталғандардың барлығы.

19. Өрттің жылулық хабарлағыштары арасындағы қашықтық қандай, егер олар 3,5м –де орналасқан болса?

A) әрбір 1 м сайын;

B) әрбір 9 м сайын;

C) әрбір 5 м сайын;

D) әрбір 2 м сайын;

E) әрбір 3 м сайын.

20. Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үйлер қандай белгілері бойынша бөлінеді?

A) оларды пайдалану әдісінен;

B) өрт кезіндегі адамдардың қауіпсізідігі дәрежесінен;

C) А және В аталғандардан;

D) құрылыстық конструкцияның өрт тұрақтылығынан;

E) аталғандардың барлығы.

21. Өрт депосының қызмет ету радиусы қандай?

A) 3 км-ден көп емес;

B) әрбір мекеменің ішіне өрт депосы құрылады;

C) 2 км-ден көп емес;

D) 1 км-ден көп емес;

E) 3 км-ден көп

Өрттің негізгі себептері?

А) оттық және дәнекерлеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеу;

В) отқа назар аудармау;

С) үйкеліс кезіндегі қызу мен ұшқындау;

D) аттыру жұмыстары;

Е) барлық аталғандар.

23.Жану қанша жағдайда болуы тиіс?

А) 1;

В) 3;

С) 5;

D) 2;

Е) 6.

24.Эндогенді өрттердің негізгі себептері?

А) тотықтыруға қабілетті материалдардың болуы;

В) технологиялық режимінің бұзылуы;

С) жанғыш заттардың өздігінен жануы;

D) отқа назар аудармау;

Е газдардың жануы).

25. Жануды неше түрге бөлуге болады?

А) 2;

В) 1;

С) 7;

D) 5;

Е) аталғандардың бәрі.

26.Өздігінен тұтануы ол .…

А) алаудың пайда болуымен, жағу көзінің әсерімен болатын жану;

В) ашық оттың қатысынсыз, ішкі қыздырылған жану көзінің тұтану үдірісі;

С) агрегаттық жағдайыныңы бұзылуы;

D) газдар мен сұйықтардың жарылысы;

Е) төменгі және жоғарғы жарылғыштығы.

27.Жану дегеніміз:

А) тұтандыру көзінің әсерінен болған жану;

В) сұйықтар мен газдардың тұтануы;

С) температураның көтерілуі;

D) тұтану көзімен жағу кезіндегі жылдам жану;

Е) тұтанудың минималды энергиясы.

28.Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттарды неше категорияға бөлуге болады?

А) 5;

В) 3;

С) 2;

D) 10;

Е) 6.

29.Өрт тұрақтылық дәрежесі бойыншы ғимараттарды неше категорияға бөлуге болады:

A) 3;

B) 2;

C) 5;

D) 12;

E) категорияға бөлінбейді.

30.Антипирен дегеніміз не ?

А) сіңдіруге арналған арнайы химиялық заттар;

В) жанғыш заттардың қоспасы;

С) ағаш конструкциясы;

D) ғимараттардың тасушы элементтері;

Е) өрттен қорғайтын қабырғалар.

Дұрыс жауаптың кілті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Е

Е

Е

А

Е

Е

Д

В

Е

Д

В

Е

Е

Д

В

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

В

А

Е

С

С

А

Е

Е

В

А

А

В

А

А

С

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]