Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I_semestr.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
421.89 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының елтаңбасы

Біздің Елтаңбамыз – шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Отбасы – шаңырақ, сіздің үйіңіз. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі.

Шаңырақ - әлемдік геральдика тарихында тұңғыш рет пайдаланып отырған бейне. Шаңырағы бар Елтаңба тарихта болған емес.

Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен өте байланысты, ал ат, жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түстес. Елтаңбаның авторлары танымал суретшілер – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Қазақстан республикасының туы

Мемлекеттік Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Зеңгір көк – табиғаттағы жеті түстің бірі. Көк түс - аспанның, ауа мен құрылықтың белгісі. Көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі.Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндіктің белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқының мәдениетін, өнерін білдіреді. Қасиетті көк байрақтың авторы халқымыздың талантты ұлдарының бірі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан - Еуропа мен Азияның орталығында орналасқан егеменді, ірі ел. Қазақстанның жер көлемі – 2, 7 млн шақырым. Елордасы – Астана қаласы. Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км), және Қырғызстан (980 км) республикаларымен шектеседі. Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады.

Қазақ жері ұлан-байтақ. Осы ұлан-байтақ далада есепсіз байлық бар. Мұнай, көмір, темір, алтын, күміс және басқа да байлықтар жеткілікті. Мұнай қоры бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі ірі мұнайлы державалармен иық теңестіріп тұр.

Қазақстан – біріккен Ұлттар ұйымына мүше ел. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды. Ол - бейбітшілікті сүйетін ел. Қазақстан қазір дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Ол басқа мемлекеттермен өз ақшасы арқылы сауда жүргізеді. Мемлекет басшысы – Президент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге. Халқының саны – 15301,4 мың. (2006 ж. 1 шілде.). Қазақстан жаңа мыңжылдыққа тек дербес қана емес, сонымен қатар қуатты мемлекет ретінде аяқ басты. Мемлекеттік тәуелсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз

күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, сұрқтарға жауап беріңіз.

  • Қазақстан қандай ел, қайда орналасқан?

  • Қазақстан егемендігін қашан алды?

  • Қандай табиғи байлықтары бар?

2. Мәтіннен сан, сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

3. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.

4. Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: орталығында,

мемлекеттерімен, нәтижесінде.

5. Досыңызбен осы тақырыпқа сұхбат құрастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

  1. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

  2. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991

СОӨЖ: Тапсырма:

1. «ҚР рәміздері» жаттау

2. «Менің Отаным - Қазақстан» шығарма.

СӨЖ: «Мемлекет және біз» тақырыбына әңгіме жазу. ҚР рәміздерін жатқа айту. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына шығарма жазу.

7-тақырып. Табиғат.

а) Табиғаты ғажап Қазақстан

ә) Диктант

Грамматика: Сын есім

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]