Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I_semestr.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
421.89 Кб
Скачать

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз

2. Мәтіннен үстеудің түрлерін тауып, анықтаңыз.

3. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазып, сөйлем

құрастырыңыз.

4.Мәтіннен сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз.

5. Мәтіннен синоним, антоним сөздерді тауып, аударыңыз.

6. Жер, ауа, аспан сөздерін септеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2,3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс.

Алматы, 1996.

3.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СОӨЖ: Туған жердің табиғаты туралы не білесіз?

СӨЖ: «Жер-Ананы аяла» тақырыбына әңгіме жазу. «Туған жер» тақырыбына шығарма жазу. «Қазақстанның қорықтары» тақырыбына слайд жасау.

9-тақырып. Жер тұрғындары.

а) Қазақстан халқы.

ә) Мәдени мұра – Алтын адам.

Грамматика: Есімдік

Жер тұрғындары

Жер планетасы жеті құрлықтан тұрады: Австралия, Антарктида, Африка, Азия, Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка. Құрлықтардың әрқайсысында түрлі елді мекендер, таулар, өзендер, көлдер, шөл далалар, шалғынды жазықтар, ормандар, қалалар сияқты ландшафттар бар.

Құрлықтарда 6 миллиардтан астам тұрғындар өмір сүреді. Олардың қоныстануы әр түрлі. Мәселен, тұрғындары ең аз қоныстанған құрлық – Австралия. Ал, Европа құрлығы аумағы ең кіші құрлық болғанменен, халқы тығыз қоныстанған. Жер тұрғындары нәсіліне қарай төртке бөлінеді.

Ұлттар, ұлт өкілдері ортақ тарихы, генетикалық жақындығы, дәстүріне орай белгілі бір мемлекеттерді құрайды. Әр халықтың өз салты, тілі, діні бар. Кейбір тілдер кең таралған. Мысалы, ағылшын тілі – әлемнің барлық елінде қолданылады. Сол сияқты өлі тілдер, жасанды тілдер де бар.

Салт-дәстүрлер әр елде әр түрлі. Ол сол халықтың наным-сенімімен, тарихымен тығыз байланысты.

Әлем халықтары әртүрлі діндерге табынады. Табынушылар саны көп діндер – ислам, христиан, иудаизм, буддизм, конфуциандық, индуизм, синто және даосизм діндері. Өзге діндерге сикхизм, джайнизм, бахаизм және зороастризм, тағы басқалар жатады.

Тапсырмалар:

  1. Жаңа сөздерді оқыңыз.

  2. Жаңа сөздердің синонимдерін жазыңыз.

  3. Мәтіндегі тірек сөздерді жазыңыз. Сол бойынша жоспар құрыңыз.

  4. Мәтін ішінен жалғау түрлерін ажыратып көрсетіңіз.

  5. Етістіктерді болымсыз етістік формасына айналдырыңыз.

Қазақстанның халқы

2009 жылдың 25 ақпанында елімізде Ұлттық халық санағы өтті. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғанан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Бұл еліміз үшін аза жауапты әрі маңызды іс-шара болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының үндеуінде «Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі», -деп айтылған.

Халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет. 1994 жылы өткен тәуелсіз Қазақстан Республикасында 16 млн. 854 мың адам болды. Ал қазіргі өткізілген санақтың нәтижесі бойынша 16954000. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі 2009 жылғы Халық Санағында республикамызда 16 млн. 402 861 адамның тіркелгенін хабарлайды.(«Заң газеті», №44, 26 наурыз, 2009 жыл). Бұл адамдардың 50,4 пайызы қалада, 49,6 пайызы ауылда тұратынын, сондай-ақ оның 47,9 пайызы ерлер, 52,1-і әйелдер екенін анықтады. Ел халқының 67 пайызы жергілікті ұлт өкілдері.

Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажеттілігінен елімізде Ұлттық халық санағы жүргізілді.

Тапсырмалар.

  1. Мәтін бойынша сөздік құрыңыздар.

  2. Сіз Ұлттық халық санағына қатыстыңыз ба? ситуативтік жағдай.

  3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]