Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I_semestr.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
421.89 Кб
Скачать

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. Мәтіннен шылау сөздерді теріп жазыңыз.

3. Сөйлемдерден есімдіктерді теріп жазып, мағыналық түрін көрсетіңіз.

Сөйлем құраңыз.

4. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөз тіркесін

жасаңыз.

5. Тіл, ұлт, мәдениет, мемлекет, адам, халық сөздерін септеңіз.

6. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз:

маңызды іс, тіл мерекесі, өз ойы, үлкен өнер, сөздік қоры, қатынас құралы, дұрыс сөйлеу, тіл мәдениеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СОӨЖ «Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбына шығарма. «Тіл туралы Заң» конспект. «Тіл – қатынас құралы» шығарма.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 2, 15]

  1. «Төрт Ана» М.Шаханов. «Үш бақытым» М.Мақатаев.

  2. «Ана тілің – арың бұл». Қадыр Мырзалиевтардың өлеңдерін

жаттау.

2-тақырып. Адам бәрін жасайды.

а) Билл Гейтс туралы

ә) Қолөнер

Грамматика: Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік, септік, жіктік, тәуелдік. Тәуелді септеу.

Адам бәрін жасайды

Әр адам өмірге келгенде өзіне сұрақ қояды: адам болу оңай ма? Бұл сұрақ тек қуаныш пен бақыт кезінде қойылмайды. Өз болашақ жолын таңдағанда бұл сұраққа жауап алу өте қиынға соғады. «Адам» деген сөзге не жатады? Алдымен осыны түсініп алуымыз керек. Адамның бойындағы негізгі қасиеттері өз алдында шындық, өз басына жауап беру, өз мақсатына жету, достыққа шақыру, талап қоя білу болып табылады. Өз басына жинаған тәжірибе – адамға өмір бойы көмекеседі, дұрыс шешім қабылдауға жетелейді. Адам осы өмірде бәрін өзі жасайды. Жақсыны да, жаманды да қолдан жасайтын адам ғой! Ғажайып табиғаттың шеккен азабы қандай?! Мысалы, Арал теңізінің кебуі, орман-тоғайлардың жануы, сулардың ластануы, осының бәрін кім жасады? Адам өз ісімен табиғатқа зиян келтіретіні туралы ойланбайды.

Бірақ адамның жетістіктері де көп. Әлемдегі Өркениет адамның қолымен жасалған. Адам өзінің өмір сүруін жеңілдету үшін түрлі шаралар ұйымдастырып құрастырған. Адамның сана-сезімі қарқынды даму үстінде. Ол өз қиялымен неше түрлі техниканы, күнделікті қолданылатын заттарды ойлап тапқан. Бүгінде адам баласының ойының жетілгені соншама, нанотехнология, биотехнологияны дамыту үстінде.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

2. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.

3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Адамның бойындағы негізгі қасиеттерді атаңыз?

ә) Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіруде?

б) Адам баласының бүгінгі күндегі жетістігі қандай?

в) Адам болу оңай ма? -деген сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?

Билл гейтс

Билл Гейтс - әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми орталықтардағы үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты ақша тұратын. «Болашаққа жол» кітабында «Біз Поль Алелен екеуіміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу үлкен қаржы еді» - деді.

Сонау 1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстің программасы – программистер үшін құралмен (Бейсик тілінің интерпретаторы) жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.

Алғашқы жетістікпен қанаттанған олар екінші курстан оқуларын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді.

IBM-ның сенімін алған соң енді кезек күттірмей операциялық жүйе жасау керек. Бұл үшін операциялық жүйемен айналысатын инженер Тим Паттерсон дегеннен дайын жобаларды сатып алады. Мұның бәрі IBM-ның «тұңғышы» саналатын MS-DOS көпшілік үшін IBMPS-DOS операциялық жүйесі жарыққа шығардан бір ай бұрынғы тірлік еді. Осы отыз күн Гейтстің табандылығы мен фирмадан 60 инженердің «ми шабулының» нәтижесі еді. Арада бірер жыл өтеді. Гейтстің фирмасы енді операциялық жүйе жасауда «көгілдір алып» IBM-ның өзін басып озады. Олардың жүйесі ондаған миллион компьютерді іске қосады, сұраныс күн сайын арта түседі. Осылайша, Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болады.

Гейтстің жетістіктерінің сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. Сонда ол тауар өзін қайта-қайта сатып отырады. Гейтс қолдануға ыңғайлы, жан-жақты жетілдірілген жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатының дер кезінде бағалай білді. «Бір үйреніп алған

тұтынушы өзгені қажетсінбейді (немесе өзгені қолдана алмайды)». Ол ұстанған бағыт осы болды.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Жеке меншік, құрайды, қызығушылық, қаржы, қондырғы, нарық, жоба, жүйе, жетістік, тауар, тұтынушы, бағыт.

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Б.Гейтстің жеке байлығы қанша доллар құрайды?

2. Ата-анасы кім болған?

3. Б.Гейтс қандай мектепте оқыған?

4. MITS фирмасы не шығарды?

5. Б.Гейтс қандай университетте оқыды?

6. Қандай жүйе жасау жөнінен жетекші ролге ие болды?

4-тапсырма. Мәтін мазмұнын түсінгеніңізді дұрыс жауабын шын (Ш) немесе жалған (Ж) таңдай отырып, дәлелдеңіз.

Ш

Ж

Б.Гейтс әлемдегі бай адамдардың бірі.

Анасы адвокат, әкесі жазушы болған.

Жеке байлығы 1000 млдр. Долларды құрайды.

Б.Гейтс екінші курстан оқуын тастап, компаниясын құрады.

Ғылыми орталықтарда үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты тегін болатын.

Б.Гейтс Гарвард университеттінде оқыды.

Ол кезде жеке компьютерлер болды.

Б.Гейтс Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болды.

MITS фирмасы шағын қондырғы шығарды.

Б.Гейтс жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатынын кезінде бағаламады.

5-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Осында компьютерге деген ... артады.

2. Гейтстің ... сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр.

3. Арада ... жыл өтеді.

4. Кейіннен бұл ... алғашқы жеке компьютерлер болып саналады.

5. MITS фирмасы шағын... шығарды.

6. Осының бәрі Гейтстің мектептегі ... еді.

7. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен... .

8. Б. Гейтс қолдануға ... жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет екенін бағалай білді.

ҚОЛӨНЕР

Қазақ жерінде ХVІІІ – ХІХ ғасырларда қолөнер дәстүрлері қатты дамыған. Әсіресе жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, ал қызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шекпен, шапан, т.б.

Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі – зергерлік өнер. Бұрынғы заманда Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы тағы басқа металдар өндірілген. Олардың түрлері бұйымдар, киім-кешектер де әзірленген. Әсіресе әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, қапсырма, сақина, жүзік, сырға, алқа, түймелер жасаған.

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен тұрады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзендер бойында тұрады. Олар – Еділ, Жайық, т.б. кішірек өзендер. Ағаш бөлшектерді жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық жабдықтарды пайдаланған.

СОӨЖ: «Адам бәрін жасайды» тақырыбында әңгімелеу .

«Қазақтың қолдан жасалған ұлттық бұйымдары» туралы мәліметтер беру.

СӨЖ: «Адам бәрін жасайды» тақырыбына әңгіме. «Билл Гейтс» туралы әңгіме. «Қол өнер» тақырыбына буклет жасау.

3-тақырып. Уақыт

а) Менің күн тәртібім

ә) Мен бос уақытымды қалай өткіземін.

Грамматика: Сөз таптары. Сан есім.

УАҚЫТ

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

2. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

Әр күнге жоспар құрасыз ба?

Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

Уақыт – алтыннан қымбат дейді.

5. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы сөйлемдерді табыңыз.

мәтіннен сан есімді сөйлемді табыңыз;

мәтіндегі дерт сөзіне синоним табыңыз.

6. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.

Шын (ш) немесе жалған (ж) Ш. Ж.

1. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтіруден басталмақ

-

-

2. Даналық жасқа байланысты

-

-

3. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар

-

-

4. Тек оны әркім әр түрлі пайдаланады

-

-

5. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне 25 сағат

-

-

6.Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия бар

-

-

7. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады

-

-

8. Өзіне-өзі бағыт белгілейді

-

-

9. Дүниедегі ең жаман дерт- еріншектікті жеңеді

-

-

7. ХХ ғасыр ғажаптарын атаңыз.

Мысалы:

а) адам ғарышқа ұшты; в)

ә) медицина жақсы дамыды;г)

б) техника өте жақсы дамыды;ғ)

8. ХХ ғасырдағы техника жаңалықтарын атаңыз.

Мысалы:

а) компьютер пайда болды;

ә) телефон, телефакс;

б) электротолқынды пеш;

в) автомобильдің көптеген түрі;

г) кір жуғыш машина;

ғ) тоңазытқыш;

д) электронды пошта;

е) ұшақ (самолёт);

ж) теледидар;

з) магнитофон;

9. Жоғарыда аталған ХХ ғасырдың техника ғажаптарын нөмірлеңіз, сіз үшін ең маңыздылары қайсысы? Уақытыңызды осы техникалар арқылы үнемдей аласыз ба?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]