Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I_semestr.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
421.89 Кб
Скачать
  • Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Suleimenova E., M. Lekic, K.Kadashova, D.Akanova. Kazakh langage: Module 1,1999, Module 2. 3 2000, Module 4-11, 2001. [Elektronic resource]://http//www.cenasianet.ord/.

2. Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996.

3. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

СОӨЖ 1. Уақыт, мезгіл, шаққа байланысты өлеңдерден жатқа айту.

Мысалы, Абай өлеңдері

2. Уақытты бағалау. Сұхбат.

3. Менің сүйікті ісім. Әңгімелеу.

СӨЖ: «Мен бос уақытымды қалай өткіземін» тақырыбына әңгіме жазу.

4-тақырып. Ұлы іс отаншылдықтан туады.

а) Атамекен

ә) Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

Грамматика: Фонетика(Үндестік заңы). Жұрнақ: сөз тудырушы,

сөз түрлендіруші

Ұлы іс отаншылдықтан туады

Ұлы іс Отанға деген сүйіспеншіліктен, халыққа деген құрметтен, осы екеуі үшін еткен еңбек пен ерліктен туады.

Жастарымыз отаншыл болсын. Отаншылдық - әр адмаға керекті ұлы қасиет. Ал отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. Өз ұлтын жақсы көрмеген өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек. Екеуі аспан мен жердей. Намыс - азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада намыс болады. Ер жігіттің елі - ата-анасы. Отаны - өз үйі.

Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде. Ата-анасын сыйлаған шәкірт, студент сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды, шаруақор, адал, әділ болып өседі. Іс деген – осы. Патриотизм осыдан басталады.

(Бауыржан Момышұлы).

Тапсырмалар:

1.Мәтіннен сын есім сөздерді тауып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

2.Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін ажыратыңыз.

3.Мәтіндегі тәуелдік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз.

Атамекен

Халық ұғымында туған атамекеннен қасиетті, одан ыстық ешнәрсе болған емес. Сондықтан да қатерлі сапарға аттанарда немесе ел басына күн туып, уақытша қоныс аударған кезде кіндік кесіп, қаны тамған жердің бір уыс топырағын ата-бабаларымыз әрқашан өзімен бірге ала жүрген.

Ата-бабаларымыздың түсінігі бойынша: «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық».

Атамекен

Сөзін жазған: Қадыр Мырзалиев.

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев.

1.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем!

Қайырмасы:

Қайда жүрсең, атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына

Қимай оны батады екен!

2.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспаныммен астасқан

Қазағымның мәртебесі деп білем!

3.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты деп білем!

Тапсырмалар:

1.Өлеңді мәнерлеп оқыңыз.

2.Төмендегі сөздерді сөз құрамына талдаңыз: қазағымның, аспаныммен, ойнаймын.

3.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырыңыз: самал, атамекен, асқар тау, күннің нұры.

4.Өлеңнен тәуелдік жалғауларды табыңыз.

5.Өлеңнен сын есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

6.Өлеңді жаттап алыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]