Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

11.Туризм дамуындағы территорияны аудандастырудың маңызы. Аудандастыру әдістері.

Аудандастыруға тікелей байланысты халық шаруашылық салаларын территориялық ұйымдастыру мен жоспарлы реттеудің жетістіктері ғылыми дәлелденген.

Туризмнің дамуы, оның материалдық-техникалық базаларын салу мен ұлғайту, туризмнің мақсаты үшін табиғи және мәдени тарихи элементтерді тығыз пайдалану, олардың аймақтың әлеуметтік экономиклық өміріне әсерінің өсуі, міне, осылардың барлығы территорияның туристтік мақсатпен аудандастыру үшін арнайы зерттеулерді қажет етеді.

Көптеген авторлар мен ғылыми ұйымдар рекреациялық мақсат үшін аудандастырудың әдістемесі мен қағидаларын еліміздің көлемінде, сондай-ақ жеке аймақтарда да жасау үшін күш салып келеді. Бірақ аудандастырудың әдістемелік қағидалары жөнінде әзірге бірдей сәйкес пікір жоқ.

КСРО-да ең алғаш рекреациялық аудандастыру жөнінде ұсыныс жасағандар Б.Н. Лиханов пен В.С. Преображенский болды. Аудандастырудың шешуші шарты – бұл рекреациялық кәсіпорындардың орналасу тығыздығы мен олардың елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі ролі болып табылады. Авторлар елді 4 рекреациялық зонаға, ал зоналарды тағы да шағын рекреациялық аудандарға бөледі.

Көптеген елдерде туристтік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастырумен шатастырады. Туризм бұл таным процесімен байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп ұлғаятын түрі бар. Туристтік аудандардың шекарасы әкімшілік аудандардың шекарасы болады. Туристтік аудан экономикалық географтарды зерттеу объектісіне жатады. Туризм ауданы – сәулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу объектісіне кіреді.

Туристтік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда туристтік іс-әрекеттер басымды болып келеді. Сонымен, туристтік аудан – бұл әлеуметтік – экономикалық категория.

Рекреациялық мақсатпен территорияны аудандастыру және оған баға беру үшін көптеген факторлар есепке алынады: табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, сәулетті-көркемдік және тағы басқалар.

Өте дұрыс қорытынды алу үшін зерттеудің негізгі объектісі табиғи территориялық кешен болуы керек. Туризм үшін бағалысы – жер бедері, сулар, өсімдіктер, климат, табиғат, пен мәдениеттің көрнекті объектілері.

Қазірдің өзінде-ақ азды-көпті тұрақталған таксономиялық сатылы территориялық рекреациялық жүйені байқап көруге болады. Мысалы, біздің пікірімізше, екі ірі автордың жұмысын алып қарауға болады. Е.А. Котляровтың айтуынша, туристтік-рекреациялық аудандастырудың токсономиялық мөлшері 4 сатылы жүйеде болғаны дұрыс: республика (өлке, облыс), аудан, рекреациялық жер, рекреациялық шағын аудандар. Н.С. Мироненко және И.Т. Твердохлебов бұл жүйені шынжырдың бес буыны ретінде көреді: рекреациялық зона, рекреациялық макроаудан, рекреациялық мезоаудан, рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт.

Туристтік-рекреациялық аудандастыру турситтік саланы жоспарлау мен басқарудың негізін құрайды. Туристтік аудандастыру арқылы оның негізгі даму бағыты анықталады, туризмнің материалдық-техникалық базасының қоғамдық әсерлі өсуінің территориялық жабдықтары бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]