- •1.Қазақстан туризм географиясы. Пән мақсаты және міндеттері
- •2. Қазақстан туризм географиясының зерттелу тарихы
- •3.Қазақстан туризм тарихының даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •4. Туризм дамуына әсер ететін факторларды анықтап, сипаттамасын жасаңыз.
- •5. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін әлеуметтік және экономикалық факторларға талдау жасаңыз
- •6. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін саяси факторлар және қр имиджінің рөлі
- •7.Қазақстан туризмінде демографиялық факторлары
- •8. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін ғылыми және техникалық факторлар
- •9. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін экологиялық факторлар және олардың туризмдегі қолайлық себебі
- •10.Туризмнің теориялық негізгі терминологиясын атаңыз және түсініктеріне сипаттама беріңіз
- •11.Туризм дамуындағы территорияны аудандастырудың маңызы. Аудандастыру әдістері.
- •12.Танымдық-рекреациялық туризмді дамытуға мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •13.Діни туризмді дамытуға себеп болатын жағдайларды анықтап, сипаттама беріңіз
- •14.Қазақстанның емдік және сауықтыру туризм дамытуына қажетті мүмкіндіктерге сипаттама беріңіз
- •15.Қазақстанның іскерлік туризм географиясының жағдайы және даму болашағы
- •16.Қазақстан туризм географиясының зерттеу тарихы, қандай ғалымдар үлесін қосты?
- •17 Туризм географиясының зерттеу мақсаты мен әдістерін сипаттаңыз
- •18.Территорияны рекреациялық бағалаудың қағидалары және әдістері.
- •19 Қазақстан туризмін жоспарлау және туристік саясат ерекшеліктері
- •20. Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму бағыттарын анықтайтын факторларын сипаттаңыз.
- •21. Спорттық сауықтыру туризмі дамыған аймақтарға сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан туризмінің арнайы түрлері және даму болашағы.
- •23. Қазақстан туризмінің тарихи және мәдени мүмкіншіліктері.
- •24. Қазақстанның табиғи және рекреациялық мүмкіншіліктері.
- •25. Әлеуметтік, экономикалық, рекреациялық мүмкіншіліктеріне баға беріңіз.
- •26. Қазақстан ерекше қорғалатын табиғат территорияларының түрлерін анықтаңыз біріне сипаттама берңіз.
- •27. Қазақстан территориясының әлеуметтік және экономикалық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша аудандастыру.
- •28. Қазақстан туризмінің дамуына себеп болатын маңызды туристік рекреациялық потенциалына сипаттама беріңіз.
- •29. Қазақстанның белгілі бір аймақтың туризм дамуының ерекшеліктері.
- •30. Солтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •31. Оңтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •32. Орталық Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •33. Шығыс Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •35. Қазақстанның танымдық туризм орталықтарын атаңыз және біреуіне сипаттама беріңіз.
- •36. Қазақстанның емдік туризм географиясы.
- •37. Қазақстанның іскерлік туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •38.Қазақстанның діни туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •39. Қазақстан қалаларының рекреациялық географиясы.
- •40. Туризмді жоспарлау түрлері және әдістері
- •41.Оңтүстік Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •42. Солтүстік Қазақстанның туризмнің даму мүмкіншіліктері мен болашағы
- •43. Орталық Қазақстанның туризм мүмкіншіліктері және болашағы
- •44. Шығыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •45. Батыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •46. Қазақстандағы дамыған туризмнің түрлерін анықтаңыз және сипаттама беріңіз.
- •47. Қазақстанның бір аймағы бойынша турды құрастырыңыз және калькуляциясын анықтаңыз.
- •48. Қазақстан туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •49. Қазақстан белгілі бір ауданның табиғи рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •50. Қазақстан әлеуметтік экономикалық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •51. Солтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •52. Оңтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •53. Орталық Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •54. Шығыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •55. Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •56. Қазақстан территориясы бойынша танымдық маршрутты құрастырыңыз.
- •57. Қазақстан территориясы бойынша спорт-сауықтыру маршрутын құрастырыңыз
- •58. Қазақстан территориясы бойынша дамыған туристік маршруттарының тізімін құрастырып, сипаттама беріңіз.
- •59. Қазақстанның қай аймақтарының емдік туризмді дамытуға мүмкіншілігі жоғары, не себепті?
20. Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму бағыттарын анықтайтын факторларын сипаттаңыз.
Біздің елімізде, Қазақстан Республикасында, туризм саласы даму үстінде. Оған дәлел ретінде төмендегідей статистикалық мәліметтерді ұсынуға болады, мысалы, Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы бойынша бірінші жылдың қорытындысына сәйкес даму динамикасының біршама жоғары көтерілгенін, тұрақталғанын байқауға болады, яғни 2007 жылы сырттан келушілер саны 12,8% өсті және келушілердің жалпы саны 5310,6 мың адамды құраған, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5% өсті. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн теңгені құрады, ал сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн теңгені құрап алдыңғы жылдармен салыстырғанда 1,9% өскендігін дәлелдейді.
Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Халықаралық туризм шетел валютасының белсенді көзі болып табылады және де ол мемлекеттің төлем балансына әсер етеді. Халықаралық туризм көптеген елдердің экономикасына ғана емес, соныме қатар олардың әлеуметтік-мәдени ортасына, экологиясына да әсерін тигізеді. Ал ол өз кезегінде туристер ағымына әсер етеді.
21. Спорттық сауықтыру туризмі дамыған аймақтарға сипаттама беріңіз.
Спорттық-сауықтыру туризмі - дара және әлеуметтік бағыты бар сала, қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір салты; тұлғаның рухани және физикалық дамуындағы, табиғатқа деген нәзік сезіміндегі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; халықтардың мәдениетімен, өмірімен, таррихымен, салттарымен танысуға негізделген «халықтық демократияның» формасы; әр ұлтқа тән халық шығармашылығын, барлық әлеуметтік демографиялық топтардың, мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап зейнеткерлерге дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін сипаттайтын көрнекті демалыс түрі.Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм.Спорттық-сауықтыру туризмі нысаналы мақсатты функцияға ие – ол табиғи кедергілерді өтудегі спорттық жетілдіру. Бұл адамның кесіп өткен жері бойынша қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті біліктер мен дағдыларды, білімдердің барлық кешенін жетілдіру және күрделі табиғи кедергілерді өту үшін физикалық дайындықты барынша жетілдіру болып табылады.
1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Шығыс Қазақстандағы таушаңғы туристік курорттары - «Нур Тау», «Алтай Альпісі» Глубокий ауданында орналасқан, «Эдельвейс» базасы, «Star dust» Риддер қала маңында, «Орел» Зырян ауданында, «9 километр» Өскемен қала маңында орналасқан. Таушаңғы базалары экологиялық таза жерде, аралас сатының ортасында, қарағай, самырсын балқарағай, қайың, көктерек жамылғыларымен көмкерілген аймақта орналасқан. Әуесқой шаңғышылар, тәжиірбелі шаңғышылар және сноубардисттар үшін белсенді қысқы демалыстың бірегей, тамаша орындардың бірі болып саналады.
«Шымбұлақ» – Алматының маңында, Іле Алатауының жанында әйгілі «Медеу» биік таулық мұз айдынынан сәл ғана биік орналасқан, баршаға мәлім Қазақстандағы таушаңғылы курорт. Шымбұлақ шатқалы теңіз деңгейінен 2200-2500 метр биікте. Оған таяу жерде биіктігі 3200 метр Талғар асуы, биіктігі 3800 метр Школьник шыңы, 4200 метрлік Амангельды шыңы, 4010 метрлік Абай шыңы, 4376 метрлік Комсомол шыңы бар. Соңғы аталған шыңның басына шығу үшін жыл сайын олимпиада өткізіледі.
Сонымен қатар Еліміздің әйгілі мақтаныштарының бірі – солтүстіктегі, астана мен көкшетау қалаларының арсында Бурабай алабы бар. Міне осы Бурабай аймағы әрқашанда өзекті және туризмнің қалыптасуына қазіргі кездегі тың мәселелердің бірі болып табылады. Көкшетау Бурабай аймағы – Солтүстік Қазақстан аймағының ең әдемі жері, демалыс орындарының, шипа жайлардың спорт-сауықтыру лагерлердің өлкесі. Өзінің әсемділігімен, бірегейлігімен Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің түкпір-түкпір жерлерінен он мыңдаған адамдарды баурап алуда.
Жалпы , Қазақстан аумағында спорттық сауықтыру туризмін негізінен Республикамыздың барлық аймақтарныда дамыту мүмкіншілігі мол. Әсіресе тау шаңғы туризмінін болашағы зор.