Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

58. Қазақстан территориясы бойынша дамыған туристік маршруттарының тізімін құрастырып, сипаттама беріңіз.

Оның 78-і - экологиялық турлар (ұлттық парктер, қорықтар және т.б.), 126 - сауықтыру бағыттары. Мемлекетімізде санаторно­­-курорттық ем алу мен демалыс біріктірілген. Аңшылық пен балықшылықты ұнататындарға 61 бағытта маршрут жұмыс істейді. Ал жылқымен жүрем деушілерге 18 бағыт бар.  Сауықтыру емдік мақсатта адамдардың шипалы ем алып, ой тынықтыруына арналған туризмнің бір түрі. Елімізде мұндай сауықтыру кешендері көп. Оның себебі емдік қасиеттерге бай жер асты сулары мен тұзды минералды көлдері, шипалы қасиеттерге ие саз балшықтар соның айғағы бола алады. Экологиялық туризм мен сауықтыру туризмі жақсы қарқынмен дамып келе жатыр.

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жерiндегi Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетiсу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстiрт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңiрi, Орталықта Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау табиғи нысандар жатады. Сонымен бiрге Алматы облысындағы ұлттық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Iле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендерi аралығындағы шатқалдар, Түрген, Есiк, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елдi мекендерi жатады. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан бойынша туристік қызмет көрсететін фирмалар агентіктері түрлі саяхаттар ұйымдастырады.

Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы петроглифтердi атауға болады. Оларға әйгiлi бiрегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегi Ешкiөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кiндiктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 6-3 ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскерi киiмiн киген “Алтын адам”, 2001-2002 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай ауданының Бергiел (Берел) қорғанында табылған “Сақ патшайымы” археологиялық туристiк нысандарға жатады.

Ортағасырлық Түркiстан, Отырар, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары, тағыда б. елдi мекендер қазiргi туристiк нысандар болып табылады. Түркiстан — қазақ хандығының алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иасауи кесенесi салынған, кесене iшi мен айналасына қазақ мемлекетiнiң негiзiн қалаған Тәуке, Тәуекел, Жәңгiр, Есiм, Абылай, Қазыбек би жер Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысан Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба-Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында - Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында - Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.   

 Республиканың әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше туристiк базалар орналасқан. Оларға Iле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай қаласы жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгенi жағасындағы “Алтай мүйiсi”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам жазығындағы “Оңтүстiк”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады. 

Енді бірнеше туристік маршруттарға тоқталып өтеміз!!

  • Орал қаласымен танысу!

  • 1-ші күн- топтың Орал қаласына келуі. Таңдалған қонақ үйге орналасу.Кешкі ас. “Кешкі Орал” атты экскурсия.Бос уақыт.

  • 2-ші күн- таңғы ас. Автобустық экскурсия “ Оралдың шіркеулері мен мешіттері” немесе “Орал әмәдениеті”. Түскі ас. Бос уақыт. Музейді таңдау бойынша аралау: С.Гумаров музей-үйі, Облыстық тарихи-өлкетану музейі, “Ескі қала” музейі.Кешкі ас.Бос уақыт. Таңдау бойынша облыстық театрға немесе сауда- ойын-сауық орталығы “Атриум” бару.

  • 3-ші күн- таңғы ас. Қаланың сыртына автобустық экскурсия жасау: “ Шолохов және біздің өлке”. Түскі ас. Топтың шығуы.

  • Бөкей хандығына саяхат

  • 1-ші күн-Орал қаласынан 06.00 шығу. Жол бойында экскурсавод қазақтардың тұрмысымен, өмірі, кіші жүз туралы айтып өтеді. Чапаево ауылына 09.00-де келу. Таңғы ас. Экскурсия “ Азаматтық соғыс 1919ж”. В.И.Чапаевтың музейіне,ескерткішіне,қайтыс болған орына бару. Чапаевтан сағ.11.00-де шығу. Одан соң, 14.00-де Жнангалға келу,жолда Бөкей далалары мен нарын құмдары туралы әңгімелеу. Түскі ас. Жанғалдан сағ.16.00-де шығу. Орда ауылына сағ.21.00-де жетеді. Кешкі ас. Қонақүйге орналасу.

  • 2-ші күн- таңғы ас. Орда ауыланда жаяу экскурсиялар. Түскі ас. Жәңгір хан мавзолейіне бару. Кешкі ас. Бос уақыт.

  • 3-ші күн- таңғы ас.таңғы сағ.07.00-де Орда ауылынан шығу.Жанғалға келу. Түскі ас. Чапаевтан Орал қаласына қайту. Кешкі ас. Орал қаласына сағ.22.00-де келу.

  • Осы тур құны – әр адамға 4000тг. Топта 20 адамнан аз емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]