- •1.Қазақстан туризм географиясы. Пән мақсаты және міндеттері
- •2. Қазақстан туризм географиясының зерттелу тарихы
- •3.Қазақстан туризм тарихының даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •4. Туризм дамуына әсер ететін факторларды анықтап, сипаттамасын жасаңыз.
- •5. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін әлеуметтік және экономикалық факторларға талдау жасаңыз
- •6. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін саяси факторлар және қр имиджінің рөлі
- •7.Қазақстан туризмінде демографиялық факторлары
- •8. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін ғылыми және техникалық факторлар
- •9. Қазақстан туризм дамуына әсер ететін экологиялық факторлар және олардың туризмдегі қолайлық себебі
- •10.Туризмнің теориялық негізгі терминологиясын атаңыз және түсініктеріне сипаттама беріңіз
- •11.Туризм дамуындағы территорияны аудандастырудың маңызы. Аудандастыру әдістері.
- •12.Танымдық-рекреациялық туризмді дамытуға мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •13.Діни туризмді дамытуға себеп болатын жағдайларды анықтап, сипаттама беріңіз
- •14.Қазақстанның емдік және сауықтыру туризм дамытуына қажетті мүмкіндіктерге сипаттама беріңіз
- •15.Қазақстанның іскерлік туризм географиясының жағдайы және даму болашағы
- •16.Қазақстан туризм географиясының зерттеу тарихы, қандай ғалымдар үлесін қосты?
- •17 Туризм географиясының зерттеу мақсаты мен әдістерін сипаттаңыз
- •18.Территорияны рекреациялық бағалаудың қағидалары және әдістері.
- •19 Қазақстан туризмін жоспарлау және туристік саясат ерекшеліктері
- •20. Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму бағыттарын анықтайтын факторларын сипаттаңыз.
- •21. Спорттық сауықтыру туризмі дамыған аймақтарға сипаттама беріңіз.
- •22. Қазақстан туризмінің арнайы түрлері және даму болашағы.
- •23. Қазақстан туризмінің тарихи және мәдени мүмкіншіліктері.
- •24. Қазақстанның табиғи және рекреациялық мүмкіншіліктері.
- •25. Әлеуметтік, экономикалық, рекреациялық мүмкіншіліктеріне баға беріңіз.
- •26. Қазақстан ерекше қорғалатын табиғат территорияларының түрлерін анықтаңыз біріне сипаттама берңіз.
- •27. Қазақстан территориясының әлеуметтік және экономикалық ресурстармен қанығу деңгейі бойынша аудандастыру.
- •28. Қазақстан туризмінің дамуына себеп болатын маңызды туристік рекреациялық потенциалына сипаттама беріңіз.
- •29. Қазақстанның белгілі бір аймақтың туризм дамуының ерекшеліктері.
- •30. Солтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •31. Оңтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •32. Орталық Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •33. Шығыс Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.
- •35. Қазақстанның танымдық туризм орталықтарын атаңыз және біреуіне сипаттама беріңіз.
- •36. Қазақстанның емдік туризм географиясы.
- •37. Қазақстанның іскерлік туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •38.Қазақстанның діни туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.
- •39. Қазақстан қалаларының рекреациялық географиясы.
- •40. Туризмді жоспарлау түрлері және әдістері
- •41.Оңтүстік Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •42. Солтүстік Қазақстанның туризмнің даму мүмкіншіліктері мен болашағы
- •43. Орталық Қазақстанның туризм мүмкіншіліктері және болашағы
- •44. Шығыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •45. Батыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы
- •46. Қазақстандағы дамыған туризмнің түрлерін анықтаңыз және сипаттама беріңіз.
- •47. Қазақстанның бір аймағы бойынша турды құрастырыңыз және калькуляциясын анықтаңыз.
- •48. Қазақстан туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •49. Қазақстан белгілі бір ауданның табиғи рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •50. Қазақстан әлеуметтік экономикалық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •51. Солтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •52. Оңтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •53. Орталық Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •54. Шығыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •55. Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру
- •56. Қазақстан территориясы бойынша танымдық маршрутты құрастырыңыз.
- •57. Қазақстан территориясы бойынша спорт-сауықтыру маршрутын құрастырыңыз
- •58. Қазақстан территориясы бойынша дамыған туристік маршруттарының тізімін құрастырып, сипаттама беріңіз.
- •59. Қазақстанның қай аймақтарының емдік туризмді дамытуға мүмкіншілігі жоғары, не себепті?
3.Қазақстан туризм тарихының даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.
Отандық туризмнің дамуын төрт кезеңге бөлуге болады:
1.КСРО кезеңіндегі туристік қызмет – саланы орталықтан қатаң қадағалап отырды.
2.1992-1996 жылдар аралығы – 1992 ж. үшінші шілдеде Қазақстан Республикасының тұңғыш «Туризм туралы» №1508-ХІІ заңы қабылданды; 1993 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымға толық мүшелікке қабылданды, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық келісімдер жасалды.
3.1997-2000 жылдар 1997 жылы Қазақстан Республикасы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясына қатысты.
4.2000 жылдан қазіргі кезге дейін – 2000 жылдың 30 қазанында «Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі» құрылды. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, республикадағы курорттар, санаторийлер, емдеу-сауықтыру орындары, демалыс аймақтары, басқа да туристік нысандар толық жөндеуден, қайта құрастырудан өткізілді.
Қазақстан Республикасындағы туристік нарықты дамытудың алғашқы кезеңдерінде негізінен шығу турлары жетілдірілді. КСРО құрамында болған кездегі шығу туризміне деген көп жылдық мұқтаждық сыртқы туристік өнімнің жоғары сұранысқа ие болуына әкелді. Кейбір елдер қазақстандық туристерді еліктіру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады:
- бұрынғы социалистік достастық елдеріне визасыз кіру (Чехия, Болгария, Венгрия, Сербия және тағы басқалар).
- Визалық рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде Германия, Испания, Италияға бару оңайлығы;
- кейбір елдерде қазақстандық туристер үшін экономикалық үнемді турлар (Фарнция, Қытай).
Үлкен сұранысқа сол кездері көп турлар, танымдық сипаттағы турлар: Туркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Грекия мемлекеттеріне демалыс және ойын-сауықтық мақсаттағы туризм, жастар туризмі, емдеу-сауықтыру туризмі, теңіз круиздері ие болды.
Шығу туризмнің жалпы сипаты келесі себептермен түсіндіріледі:
- қазақстандық тұтынушылардың шетелдік туристік өнімге деген асқан жоғары қызығушылығы (КСРО-да шығу туризмнің болмауынан);
- шығу ережелерінің жеңілдетілуі;
- сыртқы іскерлік байланыстар аясының кеңейтілуі;
- төлем құралдары артықшылықты жеке азаматтар мен кәсіпорындар санының өсуі;
- шығу туризмінің қол жетімді бағалары;
- шетелдік туристік өнімнің жоғары бәсеке қабілеттілігі (қонақ үй сервисі мен орналастырудың барлық шарттарының аса жоғары деңгейде болуы, турлардағы ыңғайлы да қол жетімді көліктер).
4. Туризм дамуына әсер ететін факторларды анықтап, сипаттамасын жасаңыз.
Қазақстандағы туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:
- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
-туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын
бизнестің дамуы;
- қызмет көрсету секторының өсуі;
- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.
Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады. Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін , осы факторларды есепке алған өте қажет.
Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:
-сыртқы (экзогенді)
-ішкі (эндогенді)
Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.
Туризм дамуына әсерін тигізетін , маңызды сыртқы факторларға мыналар жатады:
-табиғи-географиялық;
-мәдени-тарихи;
-экономикалық;
-әлеуметтік;
-демографиялық;
-саяси-құқықтық;
-технологиялық;
-экологиялық.
Табиғи-географиялық (теңіз, тау,орман, флора, фауна,климат және мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.
Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына зор ықпалын тигізеді.
Экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен негізделеді. Елдің экономикалықдамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады.