Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

53. Орталық Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру

Қарағанды облысында мәдениет пен өнер ұйымдарының кең ауқымды жүйесі жұмыс істейді, 2012 жылдың I жартыжылында олардың саны 701-ге жетті, соның ішінде мемлекеттік жүйедегілер саны - 643 нысан.Мемлекеттік жүйеге кіретіндер: 339 кітапхана, 244 клуб үлгісіндегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 17 мұражай, 2 концерттік ұйым, мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция, хайуанаттар бағы, 10 мәдениет және демалыс саябағы, кинопрокат, көрме залы.

1. Қарағанды бейнелеу өнерінің музейі Қарағанды бейнелеу өнерінің музейі 1988ж қыркүйек айында ашылды. (1988ж. 4 маусымдағы № 183 Қаз КСР Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеттің бұйрығымен), 1989 ж бейнелеу өнерінің музейі деген мәртебе берілді. Мұражайдың жалпы көлемі −1116 м, оның ішінде эспозицияда — 466 м, қорда — 114,6м. Экспозициялар:Қарағанды Суретшілер

2. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры 1973 жылы 16 қарашада құрылған. Сол кездегі театрдың белгілі әртістері КСРО-ның халық әртісі И.Г. Войнаровский және КСРО-ның еңбек сіңірген әртісі Н. Симонова болды. Театрдың негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және алғашқы директоры - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Е.Л. Пелещук болды.

3.Қарағанды облыстық орталық мешіті. Қарағанды облыстық мешіті Облыстың бұрынғы басшысы қазіргі премерминистр Ахметов Серік Нығметұлының тікелей басшылық етуімен және жергілікті кәсіпкерлермен облыс тұрғындарының қолдауымен салынды.Тәуелсіздіктің 10 жылдығы атындағы орталық саябақта 2011жылыдың қараша айының 20 –ждұлдызында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылды.Мешіт сйымдылығы 4000 адам.мешіт 3 қабаттан тұрады.Мешіт іші қазақи ою- өрнектермен нақышталған.Мешіт мұнаралары (4 мұнаралы)жерден бастап 51 метр.Мешіт айналасы арнайы тапсырыстармен алғызылған қарағайлармен көмкерілген.Мешіт алдында субұрқақта бой көтерген.

1.Ұлытау. Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің табылуы мен ғалымдардың зерттеулерімен Ұлытау көне заманнан бері

2.Ақсоран шыңы. Ақсоран Қызыларай тауы мен Қазақ ұсақ шоқыларының (Сары-Арқаның) жалпы алғандағы ең биік нүктесі болып табылады, оның биіктігі 1565 метр құрайды. Төбеден ашылып көрінетін таулы көгалын (оазисін) қоршаған даланың панорамасы 600 метрге көтерілуіне шыдауға арзитын көрініс.

3. Балқаш. Балқаш көлін қазақстандыктар «Көктеңіз» деп атайды. Балқаш — жер бетіндегі ежелгі көлдердің бірі. Көл жағасында шипажайлар шоғыры және демалыс базалары жайғаскан. Қала сыртында 3 жағажай жұмыс істейді. Жыл өткен сайын Балқашта демалушы адамдар саны артып келеді. Мұнда су спорты, жүзу, қайық есу спорты, спорттық балық аулау дамыған. Әсіресе, судың астында балық аулауға қызығушылық мол.

54. Шығыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру

1. Семейдегі бір мұнаралы мешіттің әсем ғимараты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Бір мұнаралы мешіт 1908-1910 жылдары салынған. Құрылысқа белгілі дарынды сәулетші Баязит Сатбаевтың белсенді көмегімен,Осман Империясының сәулетшісі Габдулла Эфенди басшылық етті. Осы орында 1837 жылы Қазан татарларының қаражатына ағаштан мешіт салынғанмен, 1902 жылдың 13 мамырында өртеніп кетеді. Жаңа мешіт енді ағаштан емес тастан салынды. Еш өзгеріске ұшырамай сол қалпында сақталған мешіт осы күнде жасыл түске боялып, ал ғимараттың декоративтік бұйымдары ақ түспен әрленіп жаңа келбетке ие болды. Ертіс маңындағы қалаларды мекен еткен тұрғылықты халықтың бір бөлігін қазан татарлары құрады. Татарлардың үлкен шоғыры Өскемен, Павлодар, Зайсан қалаларында да болды.

2.А.С.Пушкин ескерткіші.А.С.Пушкин атындағы өскемен облыстық кітапхана алдына орнатылған А.С.Пушкин мүсінінің авторы өскемендік мүсінші Владимир Самойлов. Граниттен жасалған тұғырда (биіктігі 2,30 м) Пушкиннің қоладан құйылған мүсіні (биіктігі 1,60 м) орын алған. Орыс халқының ұлы ақынының мүсіні ақын есімімен аталатын кітапхана алдындағы саябақтан өзінің мәңгілік мекенін тапты.Ашылған күні : 29 тамыз 2009 ж.

3. Шілікті патша қорғандары - Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында орналасқан. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар. Соның бірі 1960 жылы қазылған "Алтын қорған" деген оба. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дөліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Сонымен қатар обадан 13 кола жебе, жебе салатын корамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі кырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалған бүғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жапсырылған. Қабірден 9 бүркіт, 29 қабылан, қабан, балық, т.б. бейнелер қазылды.

3. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы . Алтай тауларының көп бөлігін алшып жатқан Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар(4506 м).\Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, «қара» және «қызыл» балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын таулы аймақтар, курорттар(радонды бастаулар мен пантымен емдеу)-мұның барлығы зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызады.

4. Тарбагатай мемлекеттік зоологиялық қаумалы.Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы . Қаумалдың ауданы – 240 000 га.Қаумалдың өсімдіктер әлемі шөл, дала және таулы флораға тән сан алуан. Шырғанақ, бұталы тал, сары қараған, арша, қылша, бөріқарақат, тошала, тобылғы, ырғай, таңқурай, итмұрын, мойыл, шие, итшомырт, алқызыл долана кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]