Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
236
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

16. Маршруттың негізгі,қосымша және ақпараттық варианттары

Туристтік жорыққа шығу алдында туристтер ең алдымен жорыққа сай маршрут таңдап алады. Бұл алдын-ала таңдалып,дайындалып,схемасы сызылған маршрут болады. Оны негізгі маршрут деп атайды.

Бұдан бөлек маршруттың қосымша вариантты да жасалады.Бұл маршруттың бір ғана үлгісі дайындалады, және негізгі маршрутқа қарағанда қиындығы мен өту дәрежесі неғұрлым төмен жерлер арқылы жасалады.Бірақ,қосымша маршруттың бір ерекшелігі оның соңғы нүктесі негізгі маршруттағы ең соңғы нүктемен бірдей болады. Басқаша айтқанда қосымша маршруттың мақсаты неғұрлым оңай жолмен негізгі маршруттағы белгіленген нуктеге жету болып табылады.

Қосымша вариант негізгі вариантқа қарағанда аз уақытқа арнап жасалады, және ауа райының күрт нашарлауы мен топтың берілген негізгі маршрутты өтуінің физикалық мүмкіндігі жрамаған жағдайда қолданылады.

Апаттық маршрут төтенше жағдайда ең жақын тұрған елді мекенге жедел жету үшін жолдың кез келген нүктесіне жету үшін қолданылады.Маршруттың апаттық нұсқасын дайындау кезінде,төтенше жағдайдың маршруттың кез келген жерінде орын алуы мүмкін екендігін ескерген жөн. Сондықтан да апаттық вариантта туристтік топтың қалай және қандай жолдармен неғұрлым аз уақытта жорықтың кез келген бөлігінен шығып кету мұмкіншілігі қарастырылуы керек.

Апаттық вариантты даярлай отырып ең алдымен қайтару нүктесін анықтау керек, ол дегеніміз – бастапқы маршрут пунктіне оралуға болатын жер. Бұл апаттық варианттың бірінші нұсқасы болады. Ал қалған варианттар максималды қарапайымдылық белгілеріне және жақын орналасқан елді мекенге дейінгі қысқамерзімді жолдың немесе адамдардың транспорттпен эвакуация жасалуы мүмкіндігіне байланысты дайындалады.

17. Спорттық туризм түрлері.

Спорттық туризм деп спорттық жарыстарға қатысу,спорттық дәрежелерді алу және жоғарылату мақсатында немесе жай ғана спорттық жаттығуларды жасау арқылы саяхат жасауды атайды.

Тау туризмі деп тау жер бедерінің қиын бөліктерін өту арқылы тауға саяхат жасауды атайды.Тау туризміне төмен қысым жағдайында және жоғары дәрежедегі күн радиациясында адам организміне үлкен көлемді физикалық қиыншылықтың түсуі,әр түрлі қозғалыс пен сақтандыру әдістерін қолдана отырып таудағы кедергілерден,арнайы маршруттардан өту тактикасы тән.

Жаяу туризм деп ешқандай көліксіз,адамның өз күшін жұмсай отырып жасалатын барлық жорықтар мен саяхаттар жиынтығын атайды. Жаяу туризм әрдайым белсенді туризмнің ең кең таралған түрі болып табылады.

Шаңғы туризмі деп қар үстімен шаңғы тебу арқылы жасалатын саяхаттарды атайды.Шаңғы туризмі қыс мезгіліндегі ең танымал және кең қолданысқа ие туризм түрі болып саналады. Шаңғы туризміне жазық жерлермен қатар,аласа және биік таулардағы да төмен температура жағдайындағы көпкүндік жорықтар тән.

Велотуризм деп велосипед арқылы жасалатын спорттық жорық немесе саяхатты атайды.Велотуризм кез келген жастағы саяхаттаушылар үшін қолайлы,себебі велотуризм аса ауыр қиыншылықтарды қажет етпейді.

Мототуризм де велотуризм сияқты.Бірақ мұнда жорық жасау құралы велосипед емес,мотоцикл болып табылады және мұндағы кедергілер велотуризмдегіге қарағанда әлдеқайда қиын болады.

Су туризмі деп моторсыз кеме немесе қайықтар арқылы өзен,көл,теңіздерде жасалатын жорықтарды атайды.Су туризмі туризмнің белсенді түрлерінің қатарына жататындықтан мұнда тек моторсыз қайықтар(салдар,желкенді қайықтар,ескекті қайықтар,байдаркалар және т.б.) ғана қолданылады.

Спелеотуризм деп таудағы үңгірлерге саяхат жасауды атайды.

Альпинизм деп таудағы әр түрлі кедергілерден өтіп,тау шыңдарын бағындыру,тауға өрмелеуді атайды.

Ат туризмі деп ат үстінде көпкүндік жорықтар жасауды атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]