Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
236
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

32 Ас мәзірін жоспарлау. Қажетті азық-түлік есебін жасау

Адамға қажетті энергия оның іс-әрекетіне байланысты. Физикалық жүктемесіз жұмысты орындайтын қызметкер немесе студентке 2500-3000ккал/тәулік жеткілікті. Жорықтарда, олардың қиындығына байланысты, 3300-4000, тіпті 7000-8000ккал шейін жетеді.

Тау ауруы (түтек) болмау үшін тамақтанудың ролі жоғары. Консервіге көшу тау ауруын қоздырады. Биік тауларда адамның тәбеті ашылмайды, дәм де өзгереді. Ағза ащы, қышқыл тағамдарды, жас көкөністер мен жемістерді аңсайды.

Тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін мынадай факторларды білу қажет:

1) саяхатшылардың жынысын, жас мөлшерін, ұлтын, тұратын жерін, мамандығын;

2) ас арасындағы күнделікті маршруттың техникалық сипаттамасын;

3) маршрут кесінділеріндегі физикалық, техникалық, психологиялық жүктемелерді;

4) маршруттың дәл графигін.

Тамақ таңдау критерийлері:

1) құрамы бойынша ғылым дәлелдеген және маршрутқа, су-тұз режиміне сәйкес болуы;

2) салмағын азайту: шыны ыдысқа салмау, металл ыдыстарына салынған азық-түлік мөлшерін мүмкіндікше азайту, пластик ыдыстарын қолдану, азық-түліктің кейбір түрлерін кептіру (сублимация);

3) пісіру, дайындау уақыты ұзақ болмау керек, сонда отын үнемделеді;

4) туристердің ұлттық салттарына сәйкес тамақты таңдау.

Тау туризмінде тамақтандыруды дұрыс ұйымдастыру үшін маршрутты үш негізгі кезеңіне бөледі: 1-ші кезең – биік тауға қары жоқ жазықпен жақындау; 2-ші – биік тауда техника жағынан қиын емес жерлерде жүру; 3-ші – биік тауда қиын жерлерде жүру.

В.Н.Вуколовтың кітабында 190-192 беттерде ас мәзірінің үлгісі көрсетілген. Маршрут қиындаған сайын энергиялық құны өседі: 1 кезеңде 2850-3150 ккал, 2 кезеңде 3400-4100 ккал, 3 кезеңде 4600-5600 ккал.

Әдетте көже 200-300 ккал, жарма сүт көже немесе ет көжелер – 400 және одан көп, екінші тағам гарнирімен – 500-600 ккал, балық тағамдары – 500, май қосылған көкөніс тағамдары – 200-400, май немесе сүт қосылған ботқа – 350-400, компот, кисель, желе, сүт қосылған кофе – 100-150 ккал.

33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері

Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау; 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру; 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау; 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін іріктеп алу.

Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерінен өту графигін үнемі реттеп, түзетіп отыру; 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу; 3) әрбір кесіндіден өтуде топтың қимыл тәсілдерін нақты жоспарлау мен іске асыру; 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау.Тактикалық әзірлену кезеңдері: Саяхат ауданын таңдау, топ құрамын анықтау, маршрутты әзірлеу, маршрут ауданын зерттеу, маршрутты рәсімдеу мен жасақтау, саяхат қорытындысын жасауСаяхат ауданын таңдауСаяхат ауданын таңдау саяхат мақсатына, қатысушылар мүдделері мен қызығатындығына байланысты.Саяхат ауданын таңдаған кезде жолдарды, жолға қажетті уақытты, саяхат шығындарын, көптеген басқа да факторларды ескеру қажет. Көмекші, кеңес беруші ретінде әртүрлі ақпарат көздері: кітап, БАҚ, карталар, Интернет, осы өңірді аралаған тәжірибелі адамдар болуы мүмкінТоп құрамын анықтау

Жас мөлшері, мүдделері, көзқарастары, техникалық, физикалық дайындық дәрежесі жақын болғаны жақсы.Спорттық топ болса, жорықтың күрделілігіне орай қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптарға, ережеге сәйкес топ құрамы анықталады.Ереже бойынша, 1-2 күрделілік дәрежесіндегі жаяу, тау, су, велосипед жорықтарының топ құрамы 4 адамнан кем болмауы керек. Шаңғы туризмінің 2 дәрежелік, жаяу, тау, су, велосипед 3 дәрежелік жорықтарының топ құрамы 6 адамнан кем болмауы керек.Топ тым үлкен болса да жорық қиындап кетеді.Саяхатқа қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптар. Топ жетекшісі бұрын осы күрделілік дәрежедегі саяхатқа қатысып, одан бір дәреже төмен жорықты бұрын басқарған болуы тиіс.

Қатысушылардың тәжірибесі жорық күрделілігіне сәйкес болуы керек. Топ ішіндегі міндеттер Алдымен міндеттерді тағайындау қажет.Топ жетекшісі топтың дайындығы мен спорттық шынығуын басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұқсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орында ғандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.

35.Топографиялық карталарда жер бедерді, гидрографияны, өсімдікті және жасанды нысандарды көрсетуЖердің бедері және оны топографиялық карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді. Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады. Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]