- •2. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі анықтамалары.
- •6 Спорттық туризм федерациясының ќұрылымы.
- •8. Қазақстан аймақтарының туризмнің белсенді түрлерін дамыту мүмкіншіліктері
- •10. Жорық барысындағы туристердің қоғамға пайда болатын жұмысы
- •11. Туристік экспедицияларды ұйымдастыру
- •12. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
- •14. Туристік маршруттардың тактикалық схемалары
- •15.Белсенді туристік саяхат тактикасының кезеңдері
- •16. Маршруттың негізгі,қосымша және ақпараттық варианттары
- •17. Спорттық туризм түрлері.
- •18. Туристтік саяхат мақсаттары
- •22.Топтық құрал-жабдықтарды даярлау
- •23. Жеке меншікті құрал-жабдықтар
- •25. Арқан түрлері. Баулар топтары және оларды қолдану
- •26.Жорықтағы тамақтандыру тәртібі, режим
- •28.Тамақтандырудың ғылыми негіздері
- •29.Ақуыз, көмірсу, май үлесі, су-тұз режимі. Азық-түлік түрлеріндегі үлесі
- •30.Азық-түлік тасымалдау ережелері. Алдын ала дайындау, қаптау, іріктеу
- •31.Әртүрлі қиындық дәрежедегі жорықтардағы тамақтандыру ерекшеліктері
- •32 Ас мәзірін жоспарлау. Қажетті азық-түлік есебін жасау
- •33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •36.Топографиялық карталардағы масштаб түрлері
- •37.Маршрут схемасы.
- •38. Топографиялық картада арақашықтықты өлшеу әдістері
- •39. Жорық кезінде ара қашықтықтарды өлшеу, бағдарлау әдістері
- •40.Табиғи қауіп-қатерлері:
- •40Табиғи белгілер мен ишаралар негізінде ауа райын болжау
- •41.Туризмнің белсенді түрлерінде кездесетін кедергілер
- •42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар
- •43.Қозғалу техникасы және табиғи кедергілерден өту
- •44.Қозғалыс пен демалып тоқтау тәртібі. Жетекші, соңынан жүретіндер, қатардың соңында жүруші.
- •46. Тау туризм жорықтарына қойылатын талаптар
- •47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту
- •48. Асулардың қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар
- •50. Аялдаулар және түнеу орындары
- •51. Лагерь (бивак) ұйымдастыру тәртібі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары
- •53.Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері
- •54.Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы
- •55. Мұздықтар.
- •56. Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •57. Мұз беткейлерімен жүру техникасы мен тактикасы
- •58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы
- •60. Су туризмінде кездесетін табиғи кедергілер және олардан өту
- •61. Су туризмінде кездесетін жасанды кедергілер және олардан өту
- •62.Су туризмінің арнайы құрал-жабдықтары.Су туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •63. Қазақстан аймақтарының су туризмін дамыту мүмкіншіліктері
- •67 Әлемнің, Қазақстанның тау шаңғы орталықтары
- •68. Жер бедер формалары мен элементтері.
- •69-70Туристік саяхаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •72.Жорықтағы медициналық қорапша құрамы
- •73.Жорық кезіндегі жиі кездесетін ауру сырқаттар,оларды алдын алу және емдеу
- •75.Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі.Алдын алу.Акклиматизация
- •78. Қауіпті және апатты құбылыстар және олардан аман қалу.
- •79. Лагерь бивак ұйымдастыру қағидалары
- •Бивактарды ұйымдастыру ережелері
- •81. Жорықтың тактикалық схемасы мен график-жоспарын жасау
- •84. Жорық күнделігін жүргізу
- •86. Туристің жалпы және арнайы даярлығы
- •87 Туристерді даярлау тәртібі. Шынықтыру циклдері
- •90. Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізу
- •91. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарды ұйымдастыру ережелері
- •94. Туристік бұқаралық жиналыстардың ұйымдастырушы комитетінің жұмыс тәртібі мен құрамы
- •95. Дәрежесіз жорықтар және демалыс күндерінің жорықтары
- •97.Коммерциялық белсендітурының ұйымдастырылуы.Қажетті құжаттар мен құрал-жабдықтар
- •98. Қызметкерлер тобы мүшелерінің (гид, ассистент (сирдар), аспаз, жүк тасушы, атбегі, аудармашы) міндеттері
- •99. Спорттық туристік жилыстарды өткізу есептері мен калькуляциясы
39. Жорық кезінде ара қашықтықтарды өлшеу, бағдарлау әдістері
Табиғи көрсеткіштер арқылы, қадаммен өлшеу – қадамдар қосарланып саналады, саналған жүз қос қадамды дәптерге сызықшамен белгілейді. Қос қадамның ұзындығы орташа адамның көзге дейінгі бойына тең. Қадамның өлшемі жергілікті жердің жер бедері мен жүргіншінің жылдамдығына байланысты әр түрлі болады. Жорық кезінде қашықтықты қозғалыстың уақыты және жылдамдығы бойынша өлшеу.
Қашықтықты көзбен анықтау – жеке объектілердің көрінісі немесе өлшеніп жатқан қашықтықты алдыңғы кесіндімен салыстыру.
Заттың бұрыштық көлеміне қарай қашықтықты өлшеу көлемі белгілі затқа дейінгі қашықтықты анықтауда қолданылады.
Өзеннің енін өлшеу. Қашықтықты тікелей өлшеуге мүмкін болмаған жағдайда геометриялық құрал жолы арқылы анықтауға болады.
Көлеңкесінің ұзындығы бойынша заттың биіктігін анықтау – заттан көлеңке ұзындығын өлшейді және заттың анықталмаған биіктігінен көлеңке ұзындығын өлшейді.
Абсолютті биіктік анықтау – арнайы құралдарды немесе топографиялық карта арқылы жүзеге асырылады.
40.Табиғи қауіп-қатерлері:
жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері;
ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.
Қар көшкіні қауіпі бар жерден өту ережелері:
Мұндай жерде қалың қар түскеннен кейін, тұман мен жауыннан кейін жүруге болмайды. Қар түскеннен кейін 2-3 күн, ал құрғақ және аяз қыста – 6 күнге шейін күте тұру қажет.
Қауіпті жерден тәңертең не кешке, қар аязда қатып тұрғанда өткен дұрыс. Беткейдің төбе жағында, жартасқа жақындап жүру керек.
Қауіпті жер үлкен болса, екі-екіден, арқанды бар ұзындығына созып өту керек. Арқанды ілгек арқылы жартасқа бекітіп топ мүшелерін сақтандыру үшін арқанды асып қою керек. Қауіпті жерден жылдам, кең қадамдап, із арасындағы қарды бұзбай өту қажет.
Ұзындығы 25-35 метр, бір ұшы белге байланған қызыл қар көшкін бауларын қолдану керек: біреу көшкіннің астында қалса, оны қар үстінде қалатын бауға қарап табуға болады.
Тас көшкіні
Қар мен мұз жапқан жартастардың қауіпі төмен. Күн шыққаннан кейін жартастар жылынып, мұз болып жабысып тұрған тастар жібіп құлай бастайды. Тас құлауы таудың шығыс және оңтүстік беткейлерінен басталады. Тас түске таман ең көп құлайды. Түнге қарсы тастар тағы да қатып қалады да құлауын аяқтайды дерлік. Ең қауіпті жерлер – клуарлар, тар сайлар, басқа да арна тәрізді жерлер. Ең қауіпсіз жерлер – суайрықтар таудың жотасы, жоны. Тастар құлаған кезде қабырғаға сүйеніп, кертпеш немесе жартастың шығып тұрған жерінің астына тығылу керек. Таса жер болмаса, тастың құлауын байқап, тап жанына жақындағанда секіріп кету керек.
Сел және оның салдары
Селдің алдында су күрт көбейе бастайды, судың түсі топырақ түсімен теңдесіп кетеді.
Кун.
Күннің жарығынан күн ашық болса да, тұман, бұлт болса да, мұз бен қардың үстімен жүргенде күйіп кету қауіпі бар.
Жел.Жел тас пен қар көшкінінің басталуына үлес қосады. Жел температураны өзгертеді. Таудың жоғары тұсында, әсіресе шыңдарда, жондарда, асуларда жел ерекше қатты соғады. үшін желдің 1 м/с күшеюі ауаның 10С төмендеуіне тең. Қатты жел адамды құлатып жіберуі мүмкін.
Тұман. Тұман болса жол мен бағдарларды табу қиын. Топ мүшелері бірін-бірі көре алмай қалады, және де тұман психикаға кері әсер тигізеді.
Қар
Киім су болып қатып қалса, дене суып кетеді. Жауын мен қар көктайғақ туғызады. Тас пен қар көшкінінің қауіпі шұғыл өседі. Нөсер жауын өзен суы деңгейін көтеріп өзеннен өтуді қиындатады. Турист, альпинист су өтпейтін киім алып жүру керек.