Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Автоматизация марк.геод. изм. ГД каз 2013.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
554.5 Кб
Скачать

2 Жергілікті жердің сандық моделін құру әдістері мен олардың дәлдіктері

3 Жергілікті жердің математикалық моделі.

5- Тақырып Автоматтандырылған түсірістер әдістері. Топографиялық түсірістердің автоматтандырылған әдістері туралы жалпы мәліметтер. Жергілікті жерді сандық модельдеу бойынша планын құрудың автоматтандырылған әдістері туралы түсінік (4 сағ)

Дәрістің жоспары

1.Топографиялық түсірістердің автоматтандырылған әдістері туралы түсінік

2.Электронды тахеометриялық түсіріс

3.Жергілікті жердің сандық моделі бойынша планды жасаудың автоматтандырылған әдістері туралы түсінік

Жергілікті жердің сандық моделі базасында жүйелі автоматтандырылған жобалауға ауысу түсірілетін жер туралы ақпараттың көлемін үлкейтуге және дәлдігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Бұл автоматтандыру әдістерін, топографиялық түсіріс үдірісін, сонымен қатар оның нәтижелерін өңдеуді қажет етті. Жер беті топографиялық түсірістерінің автоматтандырылған үдірісі геодезиялық практикаға жаңа әдістерді енгізуді, жинақтау жүйесі мен топографо-геодезиялық ақпараттарды біріншілік өңдеуді, оның ішінде динамикалық топографиялық және лазерлі-параллактикалық жүйелерді атап өтуге болады, электронды тахеометрия және спутникті жүйені позициондауды қамтамасыз етеді.

Динамикалық топографиялық жүйелер нысаналаудың шексіз қозғалуын пайдаланумен негізделген, планды координаталар жағдайы сызықты кертпемен анықталады, ал биіктік лазерлі жазықтықты пайдаланып геометирялық нивелирлеу әдісімен өлшенеді. Осындай жүйенің мысалы автоматтандырылған топографиялық операциондық жүйе болып табылады (АТОС), ол рельеф қимасы 0,5м арқылы 1:2000 масштабта түсірісті орындау үшін қажет.

АТОС алаңды комплексі автомобильде және лазерлі тіректі жазықтық базасында биіктікөлшегішті қосады, төрт геодезиялық радиоқашық-тықөлшегіш түрі РДГВ немесе РДЛ және жартылайавтоматты регистратор ақпаратын құрайды. Биіктікөлшегіш негіздің түсіріс нүктелерінде орналасқан лазерлі жазықтықты сәулелендіруден, фотоқабылдағыш рейка және автомобиль кузовында орнатылатын қоздырғыш блогынан тұрады. Төрт радиоқашықтықөлшегіш, оның екеуі негіздің түсіріс нүктелерінде, ал екеуі - автомобилде орналасқан, екіканалды жүйені құрады, ол кері сызықты кертпе пикеттерінің планды координаталарын анықтауға мүмкіндік береді.

Түсіріс үдірісінде автомобильдің қозғалысы доға бойынша болады, радиоқашықтықөлшегіштің үштігі 90°-қа жақын бұрышпен қиылысады. Пикеттер 15м арқылы концентрлік доға бойынша анықталады, бір-бірінен 15-30м аралығында орналасқан. Қозғалыстағы пикеттердің пландағы жағдайын анықтау дәлдігі 0,5м (аялдама кезінде 0,13м), ал көру дәлдігі 600 м биіктік болған кезде 3,3см.

Алаңды ақпарат тіркегіші (РИП 01) компакт-кассеттаға мәліметтерді жазу магнитофоны түрінде беріледі, оған 1000 пикетке дейінгі жазулар енгізіледі. Нәтижелер камералды кешенге беріледі, есептеу орталығы мен экспедиция базасындағы ақпараттарды өңдеу техникалық құралдарынан тұрады.

Қазіргі ақпаратты тіркегіштер, алаңдық жағдайда алынған ақпараттарды сақтау және өңдеу, тіркеу үшін қажет, микропроцессордан, мәліметтерді енгізу клавиатурасынан, есептегіш пен жинақтаушыдан тұрады. Алаңды тіркегіш негізіндегі интерфейс ЭЕМ қосылған; осы жағдайда автономды тәртіпте тіркегішпен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Спутникты позиционерлеу әдісі. Жаңа геодезиялық технологияларға анықталған орбитамен қозғалатын арнайы Жердің спутнигімен сигнал бойынша координата нүктелерін анықтау әдістері жатады.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Поклад Г.Г., Гриднев С.П. Геодезия. – М.: Академический проект, 2007. – 592 с.

2. Федотов Г.А. Инженерная геодезия. – М.: Высш. шк., 2004.- 463 с.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [1-2]