Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
305
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

3 Тапсырма

Инфекциялық эндокардитке сәйкес клиникалық белгілерді белгілеңіз (39 сурет).

39 Сурет

  1. тапсырма

Перикардитте клиникалық түрлеріне сәйкес клиникалық симптомдарды бөліңіз: құрғақ перикардит (А), сұйықтықты перикардит (Б).

  1. Айқын ентігу.

  2. Науқастың мәжбүрлі жағдайы: отырып, жастықтың алдына қисайып, тізерлеп жату.

  3. Жиі сол жақ кеуде клеткасының терең тыныс алуына, жөтелге, дене қалпын ауыстыруына байланысты жүрек аймағындағы ауырсыну.

  4. Ауырсыну шалқасынан жатқанда күшейеді және кеудесін алдына қарап еңкейіп отырған жағдайда азаяды.

  5. Жөтелге, дауыстың қырылдауына, жұтынудың қиындауына шағымданып келді.

  6. Жүрек үсті аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі.

  7. Қарау кезінде: цианоз,кеуденің жоғарғы және төменгі бөліктерінің ісінулері, бауырдың ұлғаюы.

  8. Жүрек ұшы түрткісі сезілмейді, жүрек түрткісі перкуссияда ұлғайған, жүрек тондары бірден әлсіреген немесе естілмейді.

Ситуациялық есептер

1 есеп

Студент Н. 20 жаста. Жасөспірім туа біткен жүрек ақауымен ауырады – қарынша аралық қалқалардың бұлшық ет бөлігінің ақауы. Келіп түскенде қатты әлсіреуге, дене қызуының 39-40 С дейін жоғарылап қалтырауына, дене қызуы төмендеген кезде су тер басу, аз физикалық күш түскенде ентігуге, артралгияға шағымданып келді.

Бір аптадан бері өзін аурумын деп есептейді, 3-4 күн бұрын оң жақ азу тісін жұлдырғаннан кейін дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік пайда болған. Қызуды басатын дәрілер қабылдаған бірақ әсері болмаған. Қалтырау және әлсіздік күшейген, ентігу, буындардың ауырсынуы қосылған.

Қарау кезінде: жағдайы ауыр, қоректенуі төмендеген, терісі бозғылт – cары, жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады: сол жақта – 1,5 х 2 см, эластикалы, ауырсынусыз, оң жақта - 2 х 3 см, эластикалы, әлсін ауырсынады. Дене қызуы 38,9 С құрайды, буындарында өзгеріс жоқ. Кеуде клеткасының перкуссиясында – өкпелік дыбыс анық. Аускультацияда – тынысы везикулярлы, төменгі бөліктерінде әлсіреген, біртекті дыбыссыз ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 24 рет. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасы бұғана ортаңғы сызық бойынша бесінші қабырғааралықта тұйықталады, тондары тұйықталған, ырғақты, сол жақ төстің 3-4 қабырғааралықтарында жауырын асты аймағынан өтетін қатты систолалық шу, тұрып тұрған жағдайда аорта үстінде диастолалық шу естіледі. ЖЖЖ минутына 100 рет, АҚ 110/60 мм.сын.бағ., Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұрады, көк бауыр пальпацияланбайды. Балтырдың ісінуі анықталады, Пастернацкий симптомы екі жағынан да оң нәтижелі.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.

  4. Емдеу тактикасын анықтаңыз.

  5. Клиникалық қан анализінің ұсынылған нәтижесіне баға беріңіз.

№85 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 10.09.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :10. Дәрігерге : Семенова. Науқас Н. 20 жаста.

Көрсеткіштер

СИ мөлшер бірліктері

Гемоглобин

Е

Ә

107 г/л

130,0- 160,0

120,0-140,0

г/л

Эритроциттер

Е

Ә

2,6 х 10 12/л

4,0-5,0

3,9-4,7

Х 10 12/л

Түстік көрсеткіш

0,7

0,85-1,05

Тромбоциттер

220 х 10 12/л

180,0-320,0

Х 10 9/л

Лейкоциттер

19,3х 10 9/л

4,0-9,0

Х 10 9/л

Миелоциттер

0,5%

Х 10 9/л

Жас клеткалар

0,5 %

% х 10 9/л

Таяқша ядролы

10 %

1-6

0,040-0,300

% х 10 9/л

Сегментядролы

71 %

47-72

2,000-5500

% х 10 9/л

Эозинофилдер

2 %

0,5-50

0,20-0,300

% х 10 9/л

Базофильдер

0 %

0-1

0-0,065

% х 10 9/л

Лимфоциттер

12 %

19-371

200-3000

% х 10 9/л

Моноциттер

5 %

3-11

0,090-0,600

% х 10 9/л

Эритроциттердің тұну жылдамдығы

Е

Ә

44 мм/сағ

2-10

2-15

мм/сағ

  1. Клиникалық зәр анализінің ұсынылған нәтижесін бағалаңызү

№»5 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 10.09.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :10. Дәрігерге : Семенова. Науқас Н. 20 жаста.

Мөлдір, реакциясы – әлсіз қышқылды, салыстырмалы тығыздығы – 1008, белок – 0,066 г/л, қант – жоқ, өт пигменттері – 0, лейкоциттер -0-1-2 көру алаңында, эритроциттер -2-3-5 көру алаңында, эпителийлер – 0-1-3 көру алаңында, бактериялар ++, тұздар – зәр қышқылы (40 сурет).