Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
305
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

2 Тапсырма

Айтылғандарды толықтырыңыздар:

  1. Жүрек ақауларын даму механизмі бойынша түрлерін атаңыз:

  1. ...

  2. ...

  1. Стеноз деген...

  2. Қақпақ шамасыздығында болады...

  3. Митральды стеноз кезінде жүрек бөліктерінің ... гипертрофиясы және дилятациясында болады.

  4. Аортальды стеноз кезінде жүректің сол жақ шекарасның тұйықтығы...

  5. Стеноз кезінде жүректе шу пайда болу механизмі (А), ал қақпақ шамасыздығында (Б)...

  6. Үшжармалы қақпақ шамасыздығында қан ұю болады...

  7. Жүрек ақауларын емдеу әдістерін атаңыз:

  1. ...

  2. ...

3 Тапсырма

Жүрек ақауларына сәйкес белгілерді бөліңіздер: митральды стеноз (А), митральды қақпақ шамасыздығы (Б), аорта сағасының стенозы (В), аортальды жеткіліксіздік (Г), үш жармалы қақпақ шамасыздығы (Д).

  1. Қарау кезінде беті көгерген.

  2. Қарау кезінде тері жамылғыларының бозғылттығы, ұйқы артерияларының пульсациясы күшейген, капиллярлық тамыр соғысы.

  3. Қарау кезінде мойын веналарының қатты соғуы.

  4. Жүрек ұшы түрткісінің көтерілуі (приподнимающий).

  5. Жүрек ұшы түрткісінің солға және төменге қарай ығысуы.

  6. Пальпацияда бауырдың ұлғайғанын анықтауға болады.

  7. Перкуссияда оң жақ қарынша және оң жақ жүрекше ұлғаяды.

  8. Перкуссияда жүрек шекараларының солға және төменге қарай кеңеюі.

  9. Перкуссияда жүрек шекараларының оңға және жоғарыға қарай кеңеюі.

  10. Жүрек ұшы аймағын тыңдағанда систолалық шу естіледі.

  11. Оң жақ төстен 2 қабырғааралықты тыңдағанда систолалық шу естіледі.

  12. Аорта үстінде аускультацияда диастолалық шу.

  13. Семсер тәрізді өсінді негізінде аускультацияда систолалық шу.

  14. Тамыр соғысы көп, тез.

  15. Тамыр соғысы аз, сирек.

  16. Систолалық артериялық қысым жоғарылаған, диастолалық төмендеген.

Ситуациялық есептер

1 есеп

Науқас Ш. 52 жаста. Ер кісі ауруханаға ентігуге, күнделікті күштемеден кейін жүрек соғуына, жүректің кейбір кезде сыздап ауырсынуына, оң жақ қабырғастының ауыртпалығына, көбіне кешкі уақыттарда аяқтарының ісінуіне шағымданып келді. 14 жасынан бастап ауырады, бастапқы кезде баспамен ауырғаннан кейін жалпы әлсіздік, дене қызуы, аяқ буындарында ісіну және ауырсыну пайда болған. Жедел ревматикалық қызба деген диагноз қойылған. Түскен кездегі қарауда: жүрек ұшы түрткісі 6 қабырғааралықта пальпацияланады. Оң жақ төстің 2 қабырғааралығында пальпацияда систолалық діріл анықталады. Аускультацияда – 1 және 2 әлсіреген, Боткин нүктесінде және оң жақта 2 қабырғааралықтарында систолалық және диастолалық шуыл естіледі. Күрделі тембрлі біріншілік шуыл мойындырық ойықтан және ұйқы артериясынан жүргізіледі.

  1. Науқаста қақпақтық зақымдалудың қандай диагностикалық белгілері? Мына ақаудың гемодинамикасын суреттеңіз (35 сурет).

35 Сурет

  1. Науқасқа қандай тексерулер жүргізу қажет?

  2. Емдеу тәртібін анықтау және жоспарын құру.

2 есеп

15 жастағы науқасты клиникалық тексеру барысында жүрек ұшы түрткісі солға ығысқан, жүрек шекаралары солға және жоғарыға ығысқан. Аускультацияда – жүрек ұшында 1 тон, систолалық шу әлсірейді, өкпе артериясы үстінде 2 тон акценті. Рентгенографияда жүрек сол бөліктерінің ұлғайғанын, жүрек талиясы тегістелген.

  1. Науқаста жүрек ақауының қандай түрі? Диагностикалық белгілерге қатысты жауаптарын негіздеңіз.

  2. Ақаулардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.

  3. Осы ақауға қатысты гемодинамикалық өзгерістерді суреттеңіз (36 сурет).

  4. Науқасты тексеру әдістері көрсетіңіз.