Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
305
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

1 Тапсырма

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Көбіне ревматикалық емес миокардиттің жиі себептері:

  1. вирустар;

  2. бактериялар;

  3. саңырауқұлақтар;

  4. аллергиялық реакция.

  1. Миокардиттің негізгі клиникасына тән емес белгі:

  1. жүрек аймағының тұрақты ауырсынуы;

  2. жүрек аймағындағы тұрақсыз ауырсыну;

  3. жүрек соғуы;

  4. субфебрильды дене қызуы;

  5. ентігу.

  1. Миокардитке тән:

  1. жүрек шекараларының кеңеюі;

  2. тондарының тұйықталуы;

  3. жүрек ұшында систолалық шу;

  4. барлық аталғандар.

  1. Миокардит диагностикасында тиімді ақпарат беретін әдіс:

  1. ЭКГ;

  2. фонокардиография;

  3. жүрек рентгеноскопиясы;

  4. Эхо КГ.

  1. Ревматикалық емес миокардиттегі патогенетикалық терапия дәрілері:

  1. дигоксина;

  2. сустак форте;

  3. верапамил;

  4. ибупрофен.

  1. Инфекциялық эндокардит жиі дамиды:

  1. жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА);

  2. синус түйіндерінің әлсіздік синдромында;

  3. ревматикалық жүрек ақауларында;

  4. жүрекше аралық қалғалардың ақауларында.

  1. Инфекциялық эндокардиттің қауіпті факторларына кірмейтіндер:

  1. цистоскопия;

  2. көк тамырды катетерлеу;

  3. өкпелік гипертензия;

  4. жатырды қыру;

  1. Инфекциялық эндокардит қоздырғышы болып табылады:

  1. стафилакокк;

  2. көгерген стрептококк;

  3. энтерококк;

  4. саңырауқұлақтар;

  5. барлық аталғандар.

  1. Бактериалды эндокардит кезінде біріншілік инфекция ошағы шығады:

  1. бадамша безі, ортаңғы құлақ, мұрын маңы кеңсірігі;

  2. тіс түйіршіктері;

  3. өт жолдары, қуық, ішек, жыныс мүшелері және т.б.;

  4. барлық аталғандар.

  1. Инфекциялық эндокардитке тән:

  1. инфекцияның гематогенді жолмен таралуы, эмболиялар болуы мүмкін;

  2. аутоиммунды процесстің дамуымен организм сенсибилизациясының жалғасуы;

  3. токсикалық және аллергиялық сипатта басқа ағзалардың зақымдануы;

  4. барлық аталғандар.

  1. Бактериалды эндокардитқа тән емес клиникалық белгі:

  1. қалтырау, дірілдеу;

  2. көк бауырдың ұлғаюы;

  3. бауырдың ұлғаюы;

  4. жүрек ақауларының пайда болуы (жиі аортальды қақпақ шамасыздығы);

  5. Лукин –Либман симптомы, қабақтың төменгі бөлігінің қансырауы, тері қабаттарында петехиялар.

  1. Перикардит дамуы мүмкін:

  1. жедел ревматизм;

  2. туберкулез;

  3. пневмония;

  4. миокард инфаркты;

  5. барлық аталған аурулар.

  1. Перикардқа сұйықтық жиналуының клиникалық белгілерінің айқындылығы негізінен байланысты болады:

  1. сұйықтық мөлшеріне;

  2. негізгі ауруының ауырлығына;

  3. сұйықтықтың жылдам пайда болуына;

  4. сұйықтықта қан кездесуі немесе болмауы.

  1. Көбіне констриктивті (қысатын) перикардтың жиі себептері:

  1. жедел ревматизм;

  2. обыр;

  3. жедел идиопатиялық перикардит;

  4. туберкулез.

2 Тапсырма

Сұрақтарға сәйкес (1-10), дұрыс жауаптарын табыңыз (А-К).

  1. Миокардит дегеніміз не?

  2. Миокардиттің негізгі себептері.

  3. Ағымы бойынша миокардиттің жіктемесі.

  4. Миокардитпен ауыратын науқастың негізгі шағымдары.

  5. Перикардит дегеніміз не?

  6. Көбіне перикардит түріне қатысты клиникасындағы маңыздылық?

  7. Экссудативті перикардит кезінде жүректің қатерлі тампонадасы дегеніміз не?

  8. Эндокардит дегеніміз не?

  9. Бактериалды эндокардиттің негізгі клиникалық симптомдары.

  10. Эндокардитті емдеу мақсаты.

  1. Қабырғалық эндокард немесе жүрек қақпақтарында септикалық ошақ болуынан дамитын жұқпалы ауру.

  2. Жедел қатерсіз (арнайы емес); инфекциялық перикардит (серозды және іріңді) өкпе және плевра ауруларында (пневмония, ӨСОА, плевра эмпиемасы және т.б.); туберкулез кезіндегі перикардит, ревматизм және дәнекер тіннің жүйелі ауруларында; ісікте, сепсисте, уремияда.

  3. Жоғары дозалы антибактериалды терапия, иммунореактивтілікті жоғарылату үшін қолданылатын дәрілер, глюкокортикоидттар.

  4. Инфекциялық және инфекциялық емес агенттер шақырылуынан миокардттың диффузды және ошақты зақымдалуы.

  5. Перикардттің париетальды немесе висцеральды жапырақшаларының инфекциялық және инфекциялық емес қабынуы.

  6. Жедел, жеделдеу және созылмалы.

  7. Әлсіздік, шаршағыштық, тершеңдік, субфебрильді температура. Жүрек соғуы, физикалық күштемеден кейінгі ентігу, жүрек аймағының сыздап ауырсынуы немесе жайсыздық, жүрек соғуы – ырғақ және өткізгіштігінің бұзылуына байланысты шағымдар, жүрек жұмысының артуы, «қатып қалу», «тоқтау» сезімдері.

  8. Вирустар, токсикалық заттардың әрекеті, дәрілік препараттар, аллергиялық реакция, сәуленудің әсері.

  9. Эндокардитке тән эмболия. Жүректің оң және сол бөліктерінің зақымдалуына байланысты эмболдар үлкен және кіші қан айналым шеңберіне түседі. Үлкен қан айналым шеңберіндегі эмболдар жиі миды, көк бауырды, бүйректі, АІЖ, жүректі және аяқ қолдарды зақымдап, сәйкес ағзалардың инфарктын немесе аяқ қолдарда жедел ишемия шақырады. Жүректің оң жақ бөлігінде эндокардит орналасуынан өкпе инфаркты пайда болады.

  10. Перикард қуысында сұйықтық жиналуы жүрек қарыншаларында қан жиналуына кедергі келтіреді. Клиникалық көріністер жүрек лақтыруының төмендеуімен және венозды жүйеде қан ұюымен байланысты болады.