Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
305
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

22 Сурет

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша мақсатта қолданылады:

  1. бронхоскопия;

  2. компьютерлі томография;

  3. флюорография;

  4. СТҚ тексеру.

  1. 23 суретте қандай зерттеу әдісі көрсетілген? Осы зерттеудің көмегімен ауруға қатысты қандай өзгерістерді анықтауға болады?

23 Сурет

  1. Аурудың өршуі кезіндегі негізгі емдеу принциптерін атаңыз?

2 есеп

Жүргізуші 26 жаста, 9 күн бұрын жедел түрде ауырған: әлсіздік, температураның (39,1 С дейін) көтерілуі, қалтырау пайда болды. Жақында қала сыртында болып, батпаққа тығылған автомобильді шығаруға көмектескен. Ауырғаннан кейін екі күннен дәрігердің тағайындауы бойынша тәулігіне 2 рет 300 000 Бірлік пенициллин инъекциясын жасалған, біруақытта бисептолдың 1 таблеткасын тәулігіне 2 реттен қабылдаған. Аурудың бірінші аптасында кешкі уақытта дене температурасы 38,7 – 38,9 С дейін жетеді. Жалпы жағдайы нашарлаған, терең дем алғанда және жөтелгенде күшейетін оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы байқалады. Күнделікті аз мөлшерде қақырық бөлінеді: науқастың айтуы бойынша бұрынғыдан көбірек (8 жылдан бері күніне шамамен 30 темекі шегеді). Екі күн бұрын ұстамалы жөтел кезінде қан аралас қақырық түскеннен кейін, дене температурасы төмендеп, жағдайы жақсарған. Келесі күні ауруханаға жатқызылған.

  1. Қақырық анализінде қандай өзгерістерді анықтаймыз?

  2. Стационарда кеуде мүшесіне рентгенологиялық зерттеу жүргізді. Жүргізілген зерттеудің қайсысы науқастың рентгенограммасы (24 сурет)?

24 Сурет

  1. Қандай антибактериалды терапия тиімді болып табылады:

  1. участкелік дәрігер тағайындаған емді жалғастыру;

  2. пенициллинді кең спектрлі әсер ететін антибиотикке ауыстыру;

  3. қақырық флорасын антибиотикке сезімталдығын анықтау және тиімді дәрілерді тағайындау.

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Бронхоэктаз ауруының графологиялық құрылымын құрастыру.

  • Фармакологиядан «Қақырықты түсіретін дәрілер» және «Антибиотиктер» тақырыбын қайталау.

  • Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

  • Емдеу және диагностика жоспарын құру.

  • «Өкпе гангренасы» тақырыбын оқып үйрену.

  • Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.

Сағат көлемі: 2.

____________________________________________________________________

  • 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

1.5. Плеврит, Өкпе обыры

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

  • аурудың анықтамасын:плеврит, экссудат, транссудат, өкпе обыры;

  • осы ауруларының этилогиясы;

  • осы ауруларының клиникалық белгілері;

  • плевральды пункцияны жүргізу көрсеткіші;

  • плевритті емдеу принциптері;

  • өкпе обырының сатысы, ерте белгілері;

  • өкпе обыры диагностикасы;

  • өкпе обыры емдеу әдісі;

  • осы аурудың алдын алуы.

Студент істей білу керек:

  • науқасты объективті тексеру және сұрастыру жүргізуді;

  • өкпе рагы және плевритқа тән белгілерді анықтау;

  • лабораторлы және аспаптық зерттеудің мәліметтерін анықтау;

  • болжамды диагнозды негіздеу;

  • ажыратпалы диагностика жүргізу;

  • өкпе обыры және плевритпен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жоспарын құру;

  • науқасқа плевральды пункция жасау үшін қажетті құрал жабдықтарды дайындау;

  • науқасты бронхоскопияға дайындау;

  • қан қақыруда және өкпеден қан кеткенде шұғыл жағдайларда көмек көрсету;

  • наркотикалық анальгетиктер жазып беру;

  • атипиялық клеткаларға қақырықты жинау бойынша нұсқау беру.

Бақылау сұрақтары

  1. Плеврит дегеніміз не?

  2. Қазіргі кезде плевриттердің қандай жіктемелері бар?

  3. Плевриттің қандай түрін құрғақ деп атайды?

  4. Плевриттің қандай түрі сұйықтықты деп атайды?

  5. Плевритке алып келетін этиологиялық факторларды атаңыз?

  6. Құрғақ плевриттің клиникалық көрінісін суреттеңіз.

  7. Сұйықтықты плевриттің клиникалық көрінісін суреттеңіз.

  8. Плевритті анықтау үшін қандай зерттеу әдістерін қолданады?

  9. Плевральды пункцияны қандай мақсатта жасайды?

  10. Плевриттің негізгі емдеу принциптерін атап шығыңыз?