Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОДУЛ..энд-кан-жуйке-Ас.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
478.72 Кб
Скачать

Тесттік тапсырмалар Бауыр жеткіліксіздігі

1. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі көмірсулар алмасуының бұзылысы: 1) гликогеногенез,глюконеогенездің тежелуі; 2) гипергликемия; 3) моносахаридтерден гликоген түзілуінің күшеюі; 4) галактоза мен фруктозаның глюкозаға айналуының күшеюі; 5) гликогеннің қорға жиналуы.

  1. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде қандағы лактат мөлшері: 1) жоғарылайды; 2) азаяды; 3) қалыпты деңгейде қалады; 4) анықтауға мүмкін болмайды; 5) аздап өзгереді.

3. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі майлар алмасуы бұзылысының көрінісі: 1) холестерин түзілісі,майлар тотығуының бұзылуы; 2) кетондық денелер түзілуінің азаюы; 3) май қорынан май қышқылдары жұмылдыруының төмендеуі; 4) жоғары тығыздықты липопротеидтер түзілісінің жоғарлауы; 5) бауырдан ішекке үшглицеридтер шығарылуының төмендеуі.

4. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі ақуыздар алмасуы бұзылысының көрінісі: 1) гипопротеинемия мен дерттік ақуыздардың пайда болуы; 2) қан сары суы мен зәрде бос амин қышқылдары құрамының төмендеуі; 3) қан мен зәрге мочевина түсуінің жоғарлауы; 4) протромбин мен фибриноген түзілуінің жоғарлауы; 5) гиперальбуминемиялар мен гипогаммаглобулинемиялар.

5. Мочевинаның түзілуі осының залалсыздануы мен жойылуына әкеледі: 1) индол; 2) холестерин; 3) аммиак; 4) фенол; 5) кетондық денелер.

6. Аммиак залалсыздануының ең негізгі әдісі: 1) мочевинаның түзілуі; 2) кетондық денелердің түзілуі; 3) зәрмен шығарылуы; 4) тері арқылы бөлінуі; 5) глюкурон қышқылымен қосылуы.

7. Аммиактың жиналуы әсіресе осыған улы: 1) іш қуысы ағзаларына; 2) орталық жүйке жүйесіне; 3) теріге; 4) бұлшықетке; 5) сүйек тініне.

8.Аммиак,аминдер,фенолдар осында залалсызданады: 1) өкпеде; 2) орталық жүйке жүйесінде; 3) ішекте; 4) асқазанда; 5) бауырда.

9. Парапротеиндер – бұл сапалы өзгерген: 1) глобулиндер; 2) альбуминдер; 3) май қышқылдары; 4) аминқышқылдары; 5) липопротеидтер.

10. Айқын бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қанның ұюы, әдетте: 1) жылдамдайды; 2) өзгермейді; 3) баяулайды; 4) толығымен басылады; 5) анықтауға мүмкін емес.

11. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде гемостаз жүйесіндегі бұзылыстардың көріністері: 1) қан кетулер; 2) тромбоздар; 3) эмболиялар; 4) тромбогеморрагиялық көріністер; 5) тромбоэмболиялар.

12. Бауыр зақымдалуындағы қанталауды,алдыменен осылай түсіндіреді: 1) фибриноген мен протромбин түзілуінің төмендеуімен; 2) антигемофильді глобулин (қан ұюының VIII факторы) түзілісінің төмендеуімен; 3) мочевина түзілісінің жоғарлауымен; 4) С протеині түзілісінің жоғарлауымен; 5) антитромбин-III синтезінің жоғарлауымен.

13. Айқын бауыр жеткіліксіздігіне, қышқыл-сілтілік бұзылыстардың осы көрінісі тән: 1) метаболикалық ацидоз; 2) экзогенді ацидоз; 3) газды ацидоз; 4) метаболикалық алкалоз; 5) бөлінулік алкалоз.

14. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі организмнің гормональді реттелу бұзылыстары осы бұзылулар әсерінен дамиды: 1) бауырда гормон синтезделуі; 2) тері кері байланыс механизмі; 3) бауырдағы гормондар метаболизмі; 4) либериндер мен статиндер түзілуінің; 5) гормондар байланысының.

15. Майда еритін дәрумендер сіңірілуінің бұзылуы осыған байланысты: 1) бауырдың өт үзуші және өт бөлуші қызметіне; 2) бауырдың тосқауылдық қызметіне; 3) қорғаныстық қызметіне; 4) бауырдың ақуызсинтездейтін қызметіне; 5) дезинтоксикациялық қызметіне.

16. Бауырлық кома қанда осылардың жиналуы нәтижесінде дамиды: 1) аммиак,аминдер,фенолдар; 2) катехоламиндер; 3) гормондар; 4) әртүрлі тығыздықты липопротеидтер; 5) тармақталған тізбекті амин қышқылдары.

17. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде қанда аммиактың жоғарлауы осыған байланысты: 1) бауыр аурулары кезіндегі ақуыздың жоғары анаболизміне; 2) тармақталған тізбекті аминқышқылдары қолданылуының жоғарлауына; 3) ароматты аминқышқылдары метаболизмінің қарқындылығына; 4) адренергиялық нейротрансмиттердің артық түзілуіне; 5) аммиактан мочевина өндіретін гепатоциттердің бұзылуына.

18. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде қанда аммиактың жоғарлауы осыған байланысты: 1) бауыр аурулары кезіндегі ақуыздың жоғары анаболизміне; 2) тармақталған тізбекті аминқышқылдары қолданылуының жоғарлауына; 3) ароматты аминқышқылдары метаболизмінің қарқындылығына; 4) кетонды денелердің артық түзілуіне; 5) анастомоздардың дамуына,ол арқылы аммиак бауырға соқпай үлкен қанайналымы шеңберіне түседі.

19. Бауырлық комада мидағы жасушалық тыныс алудың тежелуі қанда осының жиналуынан болады: 1) мочевина; 2) ақуыз; 3) ферменттер; 4) аммиак; 5) тармақталған тізбекті аминқышқылдары.

20. Бауырлық энцефалопатия мен команың дамуы қанда осының азаюымен байланысты: 1) аммиак; 2) тармақталған тізбекті аминқышқылдары; 3) ароматты аминқышқылдары; 4) катехоламиндер; 5) билирубин.

21. Тармақталған тізбекті аминқышқылдарының (валин+лейцин+изолейцин) ароматты аминқышқылдарына (фенилаланин+тирозин+триптофан) қатынасы қалыпты жағдайда осыған тең: 1) 0,5-1,0; 2) 1,5-2,0; 3) 3,0-3,5; 4) 4,0-4,5; 5) 5,0 ден жоғары.

22. Бауырлық комада тармақталған тізбекті аминқышқылдары мен ароматты аминқышқылдарының қарама-қатынасы осылай болады: 1) 3,5 тен жоғары; 2) 3,5-ке тең; 3) 3,0-ге тең; 4) 1,5-тен аз; 5) 0-ге тең.

23. Бауыр аурулары кезіндегі қандағы тармақталған тізбекті аминқышқылдары құрамының азаюы түсіндіріледі: 1) ақуыздың жоғары катаболизмі және бұл амин қышқылдары құрамының энергия көзі ретінде қолданылуының жоғарлауымен; 2) ақуыздың жоғары анаболизмі және аминқышқылдары құрамының энергия көзі ретінде қолданылуының төмендеуімен; 3) бұлшықет тіндерінде бұл аминқышқылдарының төмен метаболизмімен; 4) ЖОО-не олардың гематоэнцефалды тосқауыл арқылы түсуінің жоғарлауымен; 5) бауырда ароматты амин қышқылдарының қарқынды ыдырауымен.

24. Бас миына ароматты амин қышқылдарының артық түсуі әкеледі: 1) рефлекторлы әрекеттің күшеюіне; 2) тамыр қозғалтқыш және тыныс алу орталығының қозуына; 3) адренергиялық нейротрансмиттердің түзілуіне; 4) тирозинді диоксифенилаланинге айналдыруға қатысатын ферменттердің белсенісімен; 5) серотонин құрамының азаюына.

25. Жалған нейротрансмиттерге жатады: 1) норадреналин; 2) серотонин; 3) тирамин; 4) ацетилхолин; 5) гамма-аминомайқышқылы.

26. Энцефалопатия мен баурлық команы осы нейромедиаторлар шақырады: 1) дофамин; 2) норадреналин; 3) ацетилхолин; 4) октопамин; 5) гистамин.

27. Жалған нейротрансмиттер түзілген кезде жүйкелік серпіннің өтуі: 1) шын адренергиялық нейротрансмиттер кезінде жүйкелік серпіннің өту жылдамдығымен салыстырғанда баяулайды; 2) шын адренергиялық нейротрансмиттер кезінде жүйкелік серпіннің өту жылдамдығымен салыстырғанда жылдамдайды; 3) шын адренергиялық нейротрансмиттер кезінде жүйкелік серпіннің өту жылдамдығымен салыстырғанда өзгермейді; 4) кезеңді тежеледі; 5) толық басылады.

28.Бауырлық кома қанға көп мөлшерде осы зат түскенде дамиды: 1) альбумин; 2) катехоламиндер; 3) гормондар; 4) антиоксиданттар; 5) ароматты амин қышқылдарының ыдырау өнімдері .

29. Ароматты амин қышқылдары ыдырау өнімінің жоғары уытты түріне жатады: 1) аммиак; 2) мочевина; 3) индол; 4) пуртесцин; 5) кадаверин.

30. Бауырлық кома қанға көп мөлшерде осы зат түскенде дамиды: 1) ақуыздың шіру өнімдерінің тарауында; 2) глюкокортикоидтар; 3) тропты гормондар; 4) бикарбонаттар; 5) ферменттер.

31. Ақуыздың шіру өнімдерінің тарауының жоғары уытты түріне жатады: 1) аммиак; 2) мочевина; 3) индол; 4) скатол; 5) кадаверин.

32. Бауырлық-жасушалық (шынайы,эндогенді) кома осы кезде дамиды: 1) бауыр паренхимасының массивті некрозында; 2) портокавальді тамырластырудың дамуында; 3) гепатоэнтеральді тамырластырудың дамуында; 4) портальді гипертензия синдромында; 5) спленомегалияда.

33. Тамырластық (экзогенді,жалған) бауырлық кома осы кезде дамиды: 1) бауыр некрозында; 2) портальді гипертензияда; 3) некроз,цирроз және жетілген қосылымдардың бірігуінде; 4) спленомегалияда; 5) жедел гепатитте.

34. Тамырластық бауырлық кома дамуының ерекшелігі болады: 1) бауырдың өт түзуші қызметінің аз ғана өзгерістерінде дамуы; 2) бауыр паренхимасының массивті некрозында дамуы; 3) қанда аммиак пен фенол құрамының төмендігінде дамуы; 4) портокавальді қосылымдар дамуының болмауы; 5) бауырлық энцефалопатия дамуының болмауы.

35. Тамырластық бауырлық кома дамуының ерекшелігі болады: 1) бауырдың өт түзуші қызметінің аз ғана өзгерістерінде дамуы; 2) бауыр паренхимасының массивті некрозында дамуы; 3) қанда аммиак пен фенол құрамының жиналуында; 4) портокавальді қосылымдар дамуының болмауы; 5) бауырлық энцефалопатия дамуының болмауы.

36. Бауырлық энцефалопатияның патогенезінде негізгі рольді атқарады: 1) жасушадан тыс гипокалиемиялық алкалоз; 2) жасушадан тыс гиперкалиемиялық ацидоз; 3) газды ацидоз; 4) газды алкалоз; 5) гипохлоремиялық ацидоз.

37. Бауырлық кома кезіндегі гипокалиемиялық алкалоздың дамуын осыған байланыстырады: 1) бүйрек үсті безімен минералокортикоидтардың жоғары өнімімен; 2) бауырмен минералокортикоидтар әсерсізденуінің төмендеуімен; 3) АІЖ арқылы калий иондарын көп жоғалтумен; 4) ішекте калий секрециясының жоғарлауымен; 5) натрий реабсорбциясының жоғарлауымен..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]