Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОДУЛ..энд-кан-жуйке-Ас.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
478.72 Кб
Скачать

Созылмалы гепатиттер

70. Созылмалы гепатитке тән: 1) бауырдың бөліктік құрылысының сақталуы; 2) гепатоциттер мен өт капиллярларының некрозы; 3) бауырдың қалыпты құрылымының қайта құрылуы; 4) портальды гипертензия мен өңештің кеңейген веналары мен геморроидалды венадан қан кету; 5) құрылымды-ақаулық регенераторлы түйіндердің түзілуі.

71. Созылмалы гепатиттің ең жиі себебі болады: 1) аутоиммунды бұзылыстар; 2) гомональді препараттар; 3) зат алмасудың тұқымқуалаушылық бұзылысы; 4) АІЖ аурулары; 5) вирустар.

72. Инфекцияның персистенциясы болжайды: 1) үрдістің клиникалық айқын ағымын; 2) әр жасушадан шығатын вирус пен оның бөлшектерінің жасушада болуын; 3) гепатоциттер өліміне әкелетін ,жасушадан вирустың үнемі шығуын; 4) жасуша геноосы оның қосылуынсыз,вирустың жасушаға енуін; 5) жасуша мембранасында вирустың болуы және құрамына арнайы h-антигеннің қосылуын.

73. Дәрілік заттардың ішінде ең жиі созылмалы гепатиттің дамуына әкеледі: 1) сульфаниламидті дәрілер; 2) психотропты заттар; 3) дәрумендер; 4) стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер; 5) фитодәрілер.

74. Дәрілік заттардың ішінде ең жиі созылмалы гепатиттің дамуына әкеледі: 1) гипотензивті дәрілер; 2) гепатопротекторлы заттар; 3) дәрумендер; 4) туберкулезге қарсы дәрілер; 5) аритмияға қарсы дәрілер.

75. Созылмалы гепатит патогенезінің негізінде жатыр: 1) бауыр паренхимасының ишемиясы; 2) иммунды қабыну; 3) бауыр жасушалары метаболизмінің бұзылысы; 4) гепатоциттер некрозы; 5) бауырдың қалыпты құрылымының қайта құрылуы.

76. Созылмалы гепатит патогенезінің бастапқы кезеңінде маңызы бар: 1) өзгерген және өзгермеген гепатоциттерге сенсебилизацияның дамуы; 2) гепатоциттерде некроздық өзгерістердің дамуы; 3) гепатоциттердің эндоплазмалы ретикулумының зақымдалуы; 4) гепатоциттер мембранасының біртұтастығының бұзылысы және арнайы антигендер құраосы кіретін липопротеидтердің босауы; 5) плазмалық жасушаларға В-лимфоциттерінің трансформациясы.

77. Т-лимфоцит-супрессорлардың генетикалық ақауы кезінде созылмалы гепатит: 1) өздігінен дамитын ауру болады(аутоиммунды үрдіснысана-жасушаның зақымыаутоиммунды үрдіс); 2) қатерсіз ағымға ие; 3) цирроз-ракқа өтеді; 4) организмнен вирустың тез шығарылуымен жүреді; 5) жедел гепатитке ауысады.

78. Бауырлық липопротеид немесе гепатоциттер антигеніне иммунды реакцияның әлсізденуі кезінде дамиды: 1) персистенцияланатын СГ; 2) активті СГ; 3) холестатикалық СГ; 4) люпоидті СГ; 5) аутоиммунды СГ.

79. Бауырлық липопротеид немесе гепатоциттер антигеніне иммунды реакцияның күшейген түрі кезінде дамиды: 1) персистенцияланатын СГ; 2) активті СГ; 3) холестатикалық СГ; 4) аз прогрессияланатын СГ; 5) билиарлы СГ.

80. Бауырішілік холестаздың дамуы осы кезде айқын көрінеді: 1) персистенцияланатын СГ; 2) активті СГ; 3) люпоидті СГ; 4) холестатикалық СГ; 5) идиопатикалық СГ.

81. Люпоидті (аутоиммунды) гепатит осының бір түрі болады: 1) персистенцияланатын СГ; 2) активті СГ; 3) холестатикалық СГ; 4) қатерсіз СГ; 5) билиарлы СГ.

82. Люпоидті идиопатикалық созылмалы аутоиммунды гепатитке тән: 1) бауырдың қабынулық-дистрофиялық өзгерістерінің жоғары белсенісі және басқа ағзалар мен жүйелердің аутоимунды зақымдануы; 2) бауыр мен бүйректің микросомальді антигендеріне антиденелер; 3) қатерсіз,аз прогрессияланатын ағым; 4) бауырішілік және бауырдан тыс холестаз; 5) жалған бөліктер түзуімен бауыр жасушаларының күшейген регенрациясы.

83.Холестериннен өт қышқылдары түзілуінің бұзылысы және өт қылтамырлары өткізгіштігінің өзгерісі осының дамуына ықпал етеді: 1) персистенцияланатын СГ; 2) активті СГ; 3) холестатикалық СГ; 4) люпоидті СГ; 5) аутоиммунды СГ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]