Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОДУЛ..энд-кан-жуйке-Ас.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
478.72 Кб
Скачать

Тесттік тапсырмалар Жүйке жүйесінің қозғалыстық қызметінің бұзылыстары

1. Қозғалыстық анализаторға кіреді: а) жұлынталамды жол; б) пирамидалық жолдар; в) Голл және Бурдах шоғыры; г) жұлын миының алдыңғы мүйіздерінің нейрондары; д) жұлын миының артқы мүйіздерінің нейрондары: 1) а,б,д; 2) а,в,г; 3) б,г; 4) б,д; 5) в,г.

2. Қозғалыстық анализатор бас миы қыртысының осы бөлімінде орналасқан: 1) маңдай бөлімі; 2) желке бөлімі; 3) шеке бөлімі; 4) артқы орталық иірімде; 5) таламуста.

3.Жүйке жүйесінің қозғалыстық қызметі бұзылуынан дамитын қозғалыстың жоғалуы аталады: 1) сал; 2) парез; 3) миастения; 4) миотония; 5) гиперестезия.

4. Жүйке жүйесінің қозғалыстық қызметі бұзылуынан дамитын қозғалыстың әлсіреуі аталады: 1) парез; 2) сал; 3) миотония; 4) миастения; 5) тетраплегия.

5.Дененің бір жақ бұлшықеттерінің салдануы аталады: 1) гемиплегия; 2) параплегия; 3) тетраплегия; 4) парез; 5) гипокинезия.

6.Жоғарғы немесе төменгі екі аяқ-қолдардың салдануы аталады: 1) параплегия; 2) гемиплегия; 3) тетраплегия; 4) парез; 5) гиподинамия.

7. Аяқ-қолдардың түгелімен салдануының аталуы: 1) тетраплегия; 2) параплегия; 3) гемиплегия; 4) парез; 5) гипостезия.

8.Сопақша ми зақымдалғанда дамиды: 1) бульбарлы сал; 2) фантомды ауыру; 3) децеребрациялық сіреспе; 4) атетоз; 5) парастезия.

9.Зақымдалған бұлшықеттер тонусы төмендейді: 1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) вазоспастикалық салда; 4) вазодилятациялық салда; 5) атетозда.

10.Рефлекстердің жоғалуы байқалады: 1) шеткері салда; 2) орталық сал кезінде; 3) рефлекторлық салда; 4) парез кезінде; 5) гиперестезияда.

11.Бұлшықеттер атрофиясы байқалады: 1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) парез кезінде; 5) парестезияда.

12.Бос сал кезінде зақымдалған бұлшықеттер тонусы: 1) жоғарылайды; 2) төмендейді; 3) өзгермейді; 4) шамалы жоғарылайды; 5) қалпына келеді.

13. Бос сал осылар зақымданғанда дамиды: 1) орталық мотонейрондар; 2) шеткері мотонейрондар; 3) бас миы қыртысының самай аймағы; 4) қызыл ядро; 5) бас ми қыртысы.

14. Зақымдалған бұлшықеттер тонусы жоғарылайды: 1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) истериялық салда; 5) парезде.

15.Рефлекстердің күшеюі тән: 1) орталық салда; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) парез кезінде; 5) атония кезінде.

16. Нейромедиаторлар мен фармакологиялық дәрілерге зақымдалған бұлшықет сезімталдығының күшеюі байқалады : 1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) истериялық салда; 5) бұлшықеттер атониясында.

17. Спастикалық сал осылар зақымданғанда дамиды: 1) қозғалу жолының орталық нейроны; 2) омыртқа жотасының бел бөлімі; 3) омыртқа жотасының мойын бөлімі; 4) бас ми қыртысының шүйде аймағы; 5) жүйкелердің шеткі өсінділері.

18. Спастикалық салда байқалады: 1) зақымдалған бұлшықеттер тонусының жоғарылауы; 2) зақымдалған бұлшықеттер тонусының төмендеуі; 3) бұлшықеттер тонусы қалыпты; 4) бұлшықеттердің жеңіл парезі; 5) бұлшықеттер фибрилляциясы.

19.Децеребрациялық сіреспе дамиды: 1) жұлын миының артқы түбіршіктері зақымдалғанда; 2) мишық бұзылысында; 3) орталық ми жабындысының жоғарғы және төменгі төмпешіктері арасындағы миды кескенде; 4) пирамидалық жүйе зақымдалғанда; 5) декортикацияда(мүшенің сыртқы қыртысын сылып тастау).

20. Децеребрациялық сіреспе жағдайы осылар жарақаттанғанда дамиды : 1) мишық; 2) орталық ми; 3) жұлын миы; 4) үлкен жартышарлар қыртысы; 5) лимбикалық құрылымдар.

21. Децеребрациялық сіреспеде осылардың тонусы кенеттен жоғарылайды : 1) жазушы бұлшықеттер; 2) мимикалық бұлшықеттер; 3) бүгуші бұлшықеттер; 4) әкетуші бұлшықеттер; 5) әкелуші бұлшықеттер.

22.Жұлын миы қызметінің бұзылысымен байланысты қозғалыстың өзгеруі: а) децеребрациялық сіреспе; б) эпилепсия; в) астазия; г) атаксия; д) асинергия; е) жұлындық шок: 1) а,б,г,д,е; 2) а,в,д; 3) б,в,г,д; 4) б,в; 5) е.

23.Жұлындық шок дамиды : 1) жұлын миының мотонейрондары зақымдалғанда; 2) жұлын ганглиі бұзылысында; 3) орталық ми жабындысының жоғарғы және төменгі төмпешіктері арасындағы миды кескенде; 4) жұлын миын кескенде; 5) декортикацияда(мүшенің сыртқы қыртысын сылып тастау).

24. Жұлындық шокқа тән: а) рефлекстердің қайтымсыз жоғалуы; б) рефлекстердің қайтымды жоғалуы; в) мидың үзілісі жоғары жерінен рефлекстердің бұзылысы; г) бас миы жағынан белсендіруші әсерлердің қажеттілігі; д) бас миы жағынан тежеуші әсерлердің белсенуі: 1) а,б,в,д; 2) а, в, г, д; 3) б,в, г, д; 4) б, г; 5) в, д.

25. Мишық қызметінің бұзылысымен байланысты қозғалыстың өзгеруі: а) децеребрациялық сіреспе; б) эпилепсия; в) астазия; г) атаксия; д) асинергия ; е) астения: 1) а,б,г,д,е; 2) а,в,д; 3) б,в,г,д; 4) б, в, е; 5) в, г, д, е.

26.Бұлшықет тонусының төмендеуі аталады: 1) атония; 2) асинергия; 3) астазия; 4) атаксия; 5) анестезия.

27.Аяқ-қолдар мен дененің әрдайым қалтырап және тербелуі аталады: 1) астазия; 2) атаксия; 3) эпилепсия тәрізді тырысулар; 4) дисметрия; 5) дистония.

28.Қимыл үйлесімділігінің бұзылуы аталады:1) атаксия; 2) астазия; 3) асинергия; 4) амблиопия; 5) анестезия.

29.Қозғалыстағы бір қалыптылық, күш пен ептілікті жоғалту аталады: 1) асинергия; 2) астазия; 3) атаксия; 4) астения; 5) аграфия.

30.Жеңіл бұлшықеттік қажу аталады: 1 атония; 2) астения; 3) амблиопия; 4) астазия; 5) парез.

31.Осылар зақымданғанда астения байқалады: 1) мишық; 2) пирамидтік жолдар; 3) Форел қиылысы; 4) қабық; 5) шеткері жүйке рецепторлары.

32. Пирамидтік және экстрапирамидтік жүйелер қызметі бұзылыстарымен байланысты қозғалыстың өзгеруі: а) гипокинезия; б) гиперкинезия; в) астазия; г) атаксия; д) Паркинсон ауруы; е) парестезия: 1) а, б, в, д; 2) а,б,г,е; 3) а, б, д; 4) в, г, д; 5) г, д, е.

33.Қозғалыстың епсіздігі,бір түрлілігі,тұсалып қалуы аталады: 1) гипокинезия; 2) акинезия; 3) амблиопия; 4) хорея; 5) атетоз.

34.Гипокинезияға жатады: а) клоникалық тырысулар; б) парездер; в) гемиплегия; г) салданулар; д) хорея: 1) а,б,в; 2) а,г,д; 3) б,в,г; 4) в,д; 5) г,д.

35.Күрделі қозғалыс әрекеті кезіндегі көмекші қимылдардың күшеюі аталады: 1) гипокинезия; 2) акинезия; 3) гиперкинезия; 4) тырысулар; 5) астазия.

36.Қара субстанцияның қызметі бұзылғанда пайда болуы мүмкін: 1) Паркинсон ауруы; 2) Вильсон-Коновалов; 3) Альцгеймер ауруы; 4) хорея; 5) фантомдық ауыру.

37.Паркинсон аруруына тән: 1) бұлшықет тонусының төмендеуі; 2) аяқ-қолдар мен дененің дірілі(тремор); 3) клоникалық тырысулар; 4) эпилепсия тәрізді талмалар; 5) бұлшыеттер атрофиясы.

38.Бұлшықеттің тонусының өзгерісімен жүретін оның еріксіз жиырылуы аталады: 1) тырысулар; 2) миотония; 3) миастения; 4) миоз; 5) гипокинез.

39.Клоникалық тырысулар дегеніміз: 1) бұлшықеттердің бір немесе басқа тобының жылдам жиырылуы мен босаңсуының алмасуы; 2) бұлшықеттердің ширығуының өсуімен қатар жүретін олардың ұзақ жиырылуы; 3) сөйлесу бұлшықеттерінің тырысуы; 4) бет бұлшықеттерінің тырысуы; 5) бұлшықеттердің фибриллярлық жиырылуы.

40.Бас миы қыртысының моторлық аймағының зақымдануына тән:1) клоникалық тырысу; 2) тоникалық тырысу; 3) хорея; 4) тремор; 5) снесетивті атаксия.

41. Тоникалық тырысулар дегеніміз: 1) бұлшықеттердің бір немесе басқа тобының жылдам жиырылуы мен босаңсуының алмасуы; 2) бұлшықеттердің ширығуының өсуімен қатар жүретін олардың ұзақ жиырылуы; 3) аяқ бұлшықеттерінің тырысуы; 4) бет бұлшықеттерінің тырысуы; 5) бұлшықеттердің фибрилляциясы.

42.Моторлық анализиатордың қыртыс асты орталықтарының зақымдануына тән: 1) клоникалық тырысу; 2) тоникалық тырысу; 3) хорея; 4) тремор; 5) снесетивті атаксия.

43.Эпилепсия кезінде алдыменен дамиды: 1) қозғалыстық бұзылыстар; 2) салданулар; 3) сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылысы; 4) жоғарғы жүйке қызметі бұзылысы; 5) психоздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]