Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОДУЛ..энд-кан-жуйке-Ас.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
478.72 Кб
Скачать

Сенсорлық бұзылыстар .Ауырсыну сезімі.

44. Жүйке жүйесінің сезімтал жолының қыртысы аймағы болып табылады: 1) маңдай бөлімі; 2) шүйделік бөлім; 3) шеке бөлімі мен арқы орталық иірім; 4) таламус пен солғын шар; 5) гипофиз бен гипоталамус.

45. Беткейлік сезімталдыққа толық немесе жартылай жатады: а) проприоцептивті; б) ауырсынулық; в) температуралық;г) вибрациялық; д) тактильді: 1) а,б,д; 2) а,в,г; 3) б,в,д; 4) в,г,д; 5) г,д.

46. Терең сезімталдыққа толық немесе жартылай жатады: а) проприоцептивті; б) ауырсынулық; в) температуралық;г) вибрациялық: 1) а,б,; 2) а,г; 3) б,в,; 4) в,г, 5) г,д.

47.Сезімталдықты жоғалту аталады: 1) анестезия; 2) астения; 3) астазия; 4) алексия; 5) атония.

48. Сезімталдықтың бір түрінің жойылуымен қатар басқа түрінің сақталуы аталады: 1) сезімталдықтың диссоцияциясы(ажырау); 2) гипестезия; 3) парастезия; 4) дискриминациялық сезімталдық; 5) гиперестезия.

49. Сезімталдықтың «қолғап» және «шұлық» түрінде бұзылуы осылар зақымдалғанда байқалады : 1) шеткі жүйкелер; 2) жұлын миының артқы мүйізі; 3) гипоталамус; 4) жұлын миының бүйірлік бағанасы; 5) ауырсыну сезімталдығының қыртыстық проекциясы.

50.Шеткі жүйке бағаны зақымдалғанда жойылады: 1) сезімталдықтың барлық түрлері; 2) тактильді және температуралық сезімталдық; 3) терең және тактильді сезімталдық; 4) ауырсыну,температуралық,тактильді сезімталдық; 5) тек ауырсыну сезімталдығы.

51.Жұлын миының артқы мүйізі жасушаларының зақымдалуы осының жоғалуына әкеледі: 1) зақымдалу жағындағы ауырсыну мен температуралық сезімталдықтың; 2) зақымдалу жағына қарсы жақтағы, ауырсыну мен температуралық сезімталдықтың; 3) зақымдалу жағында бұлшықетті-буындық және тактильді сезімталдық; 4) ; 5) дененің екі жағында да сезімталдықтың барлық түрлерінің.

52. Жұлын миының артқы бағанасының зақымдалуы осының жоғалуына әкеледі: 1) бұлшықетті-буындық сезімнің; 2) температуралық сезімталдықтың; 3) тактильді сезімталдықтың; 4) ауырсыну сезімталдығы; 5) сезімталдықтың барлық түрлерінің.

53.Броун-Секар синдромы дамиды:1) жұлын миы артқы мүйізінің жасушалары зақымдалғанда; 2) жұлын миының артқы бағанасы зақымдалғанда; 3) шеткі жүйкелер зақымдалғанда; 4) сопақша ми зақымдалғанда; 5) жұлын миының жартысые кескенде.

54. Броун-Секар синдромында келесі бұзылыстар болады: 1) зақымдалу жағында терең мен тактильді сезімталдықтың,қарсы жақта ауырсыну мен температура сезімталдығының; 2) зақымдалу жағында ауырсыну мен температура сезімталдығының ,қарсы жақта терең мен тактильді сезімталдықтың ;3) зақымдалу жағына қарама-қарсы жақта сезімталдықтың барлық түрлерінің; 4) зақымдалу жағына қарама-қарсы жақта тактильді және ауырсыну сезімталдығы; 5) зақымдалу жақтарына байланыссыз сезімталдықтың барлық түрлерінің.

55.Жұлын миы жарақатында болуы мүмкін: 1) қозғалыстық және сезімталдық бұзылыстары; 2) қозғалыстық және вегетативті бұзылыстар; 3) сезімталдық және вегетативті бұзылыстар; 4) қозғалыстық,сезімталдық және вегетативті бұзылыстар; 5) тек сезімталдық бұзылыстары.

56.Қарама-қарсы жақтағы сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылысы осылар зақымданғанда дамиды: 1) көру төмпешігі; 2) маңдай бөлігі; 3) жұлын миының артқы бағаны; 4) жұлын миының артқы мүйіздерінің жасушалары; 5) бас миы қыртысы.

57.Сезімталдықтың бұзылысы осылар зақымдалғанда байқалады: 1) таламус; 2) қабық; 3) қара субстанция; 4) қызыл ядро; 5) сопақша ми ядролары.

58.Тітіркендіру жерін жергілікті ету қабілетінің жойылуы осы кезде байқалады: 1) бас миы қыртысына серпіндер түсуінің бұзылысында; 2) лимбиялық жүйеге серпіндер түсуінің бұзылысында; 3) бас миы қыртысының көру аймағына серпіндер түсуінің бұзылысында; 4) бас миы қыртысының орталықтан кейінгі иірімі зақымдалғанда; 5) қара субстанция зақымдалғанда.

59.Сыртқы тітіркендіргіштерге байланыссыз әдеттен тыс сезімдердің пайда болуының аталуы: 1) парестезия; 2) гиперестезия; 3) дискриминациялық сезім; 4) Броун-Секар синдромы; 5) гипералгезия.

60.Ауырсыну-бұл: 1) патологиялық үрдіс; 2) патологиялық серпіліс; 3) патологиялық күй; 4) нозологиялық бірлік; 5) экстремальді жағдай.

61.Ауырсыну хабарларын қабылдап және таратушы жүйенің аталуы: 1) физиологиялық; 2) патологиялық; 3) ноцицептивті(ауыруды сезіну); 4) антиноцицептивті; 5) алгиялық.

62.Ноцицептивті (ауыруды сезіну) ықпалдар-бұл ықпалдар: 1) ауыру сезімін шақырушы; 2) ауырсынуға қарсы қорғаныс ; 3) организмде ішкі опиоидтардың төмендеуін шақырушы; 4) вирусқа қарсы қорғаныс; 5) батерияға қарсы қорғаныс.

63. Ноцицептивтік ықпалдарға жатады: 1) финлепсин; 2) антиконвульсанттар; 3) карбамазепиннің препараттары; 4) гистамин; 5) новокаин.

64.Ауырсынудың нейромедиаторлары: 1) капсаицин; 2) Р заты; 3) вазопрессин; 4) тегретол; 5) новокаин.

65.Аналгезияны шақырады: 1) гистамин; 2) ГАМҚ; 3) брадикинин; 4) Р заты; 5) простогландин.

66. Аналгезияны шақырады: 1) гистамин; 2) допамин; 3) Р заты; 4) простогландин; 5) брадикинин.

67.Ішкі анальгетик болып табылады: 1) новокаин; 2) брадикинин; 3) гистамин; 4) энкефалин; 5) Р заты.

68.Ішкі анальгетик болып табылады: 1) гистамин; 2) простогландин; 3) брадикинин; 4) бета-эндорфин; 5) Р заты.

69.Нейропептидтерге жатады: 1) гистамин; 2) серотонин; 3) холецистокинин; 4) норадреналин; 5) простогландин.

70.Опиаттарға жатады: 1) морфин; 2) гистамин; 3) серотонин; 4) брадикинин; 5) простогландин.

71.Ішкі опиаттар: 1) Р субстанциялар бөлінуін бөгейді; 2) Р субстанциялар бөлінуін белсендіреді; 3) Р субстанциялар бөлінуіне әсер етпейді; 4) Р субстанциялар түзілуіне әсер етеді; 5) Р субстанциялар түзілуін ширатады.

72.Ауырсыну тітіркендіргіштеріне сезімтал емес құрылымдар: 1) бас миының артериялары; 2) париетальді плевра; 3) жүрек қабы; 4) өкпе тіні; 5) тәждік артериялар.

73.Ауырсыну тітіркендіргіштеріне сезімтал емес құрылымдар: 1) висцеральді плевра; 2) бас миының артериялары; 3) тәждік артериялар; 4) шажырқай; 5) париетальді көк ет.

74. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне сезімтал құрылымдар: 1) париетальді көк ет; 2) висцеральді плевра; 3) өкпе тіні; 4) бауыр тіні; 5) альвеолалар.

75.Физиологиялық ауырсыну пайда болады: 1) зақымдаушы әсерлерге жауап ретінде жүйке жүйесі бүтіндігінде; 2) жүйке жүйесінің зақымдалуында; 3) созылмалы қабынулық үрдістерде; 4) сүйек тінімен өскен тыртықтардың қысылуында; 5) эндокринопатияларда.

76.Қорғаныш қызметін орындайды: 1) физиологиялық ауырсыну; 2) патологиялық ауырсыну; 3) фантомды ауыру; 4) каузалгия; 5) алгиялық ауырсыну .

77.Патологиялық ауырсынудың басты биологиялық белгісі,оның: 1) адаптивті маңызы; 2) дизадаптивті маңызы; 3) физиологиялық маңызы; 4) қорғаныстық маңызы; 5) позитивті маңызы.

78.Ауырсынудың генераторлық тегершіктері теорияларының авторы: 1) Г.Н.Крыжановский; 2) И.П.Павлов; 3) А.А.Ухтомский; 4) Н.М.Ашмарин; 5) С.М.Павленко.

79.Патологиялық ауырсынудың негізгі патогенетикалық тегершігі болып осының қалыптасуы болады: 1) жоғарғы сезімталдықтың баяу түрі; 2) жоғарғы сезімталдықтың жедел түрі; 3) қозудың патологиялық күшейген генераторы; 4) доминантаның; 5) парабиоз.

80.Ішкі ағзаларда орналасқан ауырсыну аталады: 1) фантомды; 2) біріншілікті; 3) висцеральді; 4) эпикритикалық; 5) физиологиялық.

81.Шаншу сияқты сезіммен жүретін ауырсыну түрі аталады: 1) патологиялық; 2) эпикритикалық; 3) соматикалық; 4) висцеральді; 5) протопатикалық.

82.Ұзақ болатын және таралымды,күйдіруші мінездемесі бар ауырсыну түрі: 1) эпикритикалық; 2) соматикалық; 3) протопатикалық; 4) физиологиялық; 5) алгиялық.

83.Жүйке иннервациясы(жүйкеленуі) аймағында пайда болатын ауырсынудың аталуы: 1) жергілікті; 2) проекциялық; 3) біріншілікті; 4) фантомды; 5) физиологиялық.

84.Ампутацияланған аяқ-қолдарда пайда болады: 1) фантомды ауырсынулар; 2) каузалгиялар; 3) физиологиялық ауырсынулар; 4) тұйық ауырсынулар; 5) диффузды(таралымды).

85.Каузалгия дамиды: 1) жүйкенің ұзақ тітіркенуі немесе зақымдалуы нәтижесінде; 2) ампутацияланған аяқ-қолдарда; 3) рак метастаздарының сүйекке өтуінде; 4) әртүрлі зиянды заттар әсерінен; 5) эндокринопатияларда.

86.Жансыздандырудың физикалық әдісіне жатады: 1) акупунктура; 2) биологиялық кері байланыстар әдісі; 3) десимпатизация; 4) реампутация; 5) гипноз.

87.Жансыздандырудың хирургиялық әдісіне жатады: 1) десимпатизация; 2) электронаркоз;3) таламикалық ядроларды бұзу; 4) гипофиздің алкоголизациясы; 5) гипноз.

88.Жалпы әсер ететін жансыздандырушы заттарға жатады: 1) наркозға арналған заттар; 2) нейролептиктер; 3) транквилизаторлар; 4) антидепрессанттар; 5) новокаин.

89.Электронаркоз жатады: 1) жансыздандырудың психологиялық әдісіне; 2) жансыздандырудың физикалық әдісіне; 3) жансыздандырудың нейрохирургиялық әдісіне; 4) жансыздандырудың фармакологиялық әдісіне; 5) жансыздандырудың гомеопатиялық әдісіне.

90. Жергілікті әсер ететін жансыздандырушы заттарға жатады: 1) новокаин; 2) нейролептиктер; 3) антидепрессанттар; 4) наркозға арналған заттар; 5) транквилизаторлар.

91.Наркотикалық емес аналгетиктерге жатады: 1) промедол; 2) аналгин; 3) новокаин; 4) наркозға арналған заттар; 5) транквилизаторлар.

92. Наркотикалық аналгетиктерді қолданғанда олардың айтарлықтай жеткіліксіздігі болып табылады: 1) физикалық және психиалық тәуелділіктің дамуы; 2) есін жоғалтпай ауырсынуды жою; 3) сезімталдықтың басқа түрлерінің басылуының жоқтығы; 4) физикалық тәуелділіктің болмауы; 5) психикалық тәуелділіктің болмауы.

93. Жансыздандырудың психиологиялық әдісіне жатады:1) гипнотикалық сендіру; 2) акупунктура; 3) электростимуляция; 4) наркозға арналған заттар; 5) транквилизаторлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]