Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОДУЛ..энд-кан-жуйке-Ас.doc
Скачиваний:
71
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
478.72 Кб
Скачать

Бауыр циррозы

84. Бауыр цирроздарына тән: 1) бауырдың қалыпты құрылымының қайта құрылуы; 2) бауырдың бөліктік құрылысының сақталуы; 3) бауыр паренхимасының қанмен қамтамасыз етілуінің күшеюі; 4) порталды жолдар фиброзының болмауы; 5) коллагенді талшықтады синтездеуге мүмкіншіліктің болмауы.

85. Бауыр цирроздарына тән: 1) бауырдың қалыпты құрылымының сақталуы; 2) құрылымды-ақаулық регенераторлы түйіндердің түзілуі; 3) бауыр паренхимасының қанмен қамтамасыз етілуінің күшеюі; 4) порталды жолдар фиброзының болмауы; 5) коллагенді талшықтарды синтездеуге мүмкіншіліктің болмауы.

86. Бауыр цирроздары дамуының ең жиі себебі: 1) емдік дәрілер мен улы заттар; 2) темір мен мырыш алмасуының бұзылысы; 3) АІЖ аурулары; 4) вирустар мен алкоголь; 5) өт жолдарының аурулары.

87 . Бауырдың криптогенді цирроздары сипатталады: 1) бауырдың вирусты зақымдалуымен; 2) бауырдың алкогольді зақымдалуымен; 3) бауырдың уытты зақымдалуымен; 4) бауырдың аутоиммунды зақымдалуымен; 5) шығу тегі белгісіз.

88. Бауыр цирроздарының патогенезіндегі бастапқы кезеңі: 1) гепатоциттер некрозы; 2) гепатоциттер дистрофиясы; 3) гепатоциттер қабынуы; 4) гепатоциттер дегенерациясы; 5) гепатоциттердің ісіктік трансформациясы.

89. Бауыр цирроздарында кезекті некроздардың түзілуі осыған байланысты: 1) бауыр жасушалары регенерациясының күшеюімен; 2) жалған бөліктердің пайда болуымен; 3) перицеллюлярлы фиброздың түзілуімен; 4) интакті гепатоциттерге зақымдаушы әсер ететін дәнекер тінінің белсенісіне; 5) дәнекер-тінді септалардың қалыптасуымен.

90. Бауыр циррозы кезіндегі жасушалар регенерациясының күшеюі осыған әкеледі: 1) қабынудың тежелуіне; 2) гепатоциттер некрозының тежелуіне; 3) жалған бөліктердің түзілуіне; 4) құрылымды-ақаулық регенераторлы түйіндер түзілуінің азаюына; 5) қақпа венасы жүйесінде қысымның төмендеуіне.

91. Бауырдың цирротикалық қайта құрылуы осыған байланысты: 1) ағза паренхимасын қанмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мен қосылыстар арқылы қанды тамырластыруға; 2) бауырдың нейро-эндокринді реттелуінің бұзылысына; 3) бауыр іші және бауырдан тыс өт жолдарындағы іркілулік құбылыстарға; 4) бауыр қабынуының төмен фибропластикалық белсенісіне; 5) бауыр тінінде жоғары сезімталдықтың баяу түрінің дамуына.

92. Бауыр циррозы кезіндегі қабынудың ерекшелігі: 1) жоғары фибропластикалық белсеніс; 2) жасушалар жіктелуіне жоғары қабілеттілік; 3) жасушалардың төмен пролиферативті белсенісі; 4) альтеративті және пролиферативтіден экссудативті механизмдердің үстем болуы; 5) пролиферация үрдісінен регенерация үрдісінің басым болуы.

93. Бауыр циррозына тән шеңбер: 1) аутоиммунды үрдіс  нысана-жасушалардың зақымдалуы  аутоиммунды үрдіс; 2) гепатоциттердің зақымдалуыбаяу дамитын жоғары сезімталдық гепатоциттердің зақымдалуы; 3) некрозқабынунеофибриллогенезгепатоциттердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысынекроз; 4) некрозмезенхима белсенісін басужалған бөлшектердің түзілуівеналық тамырлардың қысылуынекроз; 5) қабынуаллергиялық серпілістің иммунокомплексті түрігепатоциттердің зақымдалуықабыну.

94. Ұсақ түйінді цирроз жиі болады: 1) алкогольді себепті; 2) вирусты себепті; 3) уыттық себепті; 4) дәрілік себепті; 5) бактериалды себепті.

95. Ірі түйінді цирроз жиі болады: 1) алкогольді себепті; 2) вирусты себепті; 3) уыттық себепті; 4) аутоиммунды аурулар негізінде; 5) жалпы зат алмасу бұзылыстары негізінде.

96. Ірі түйінді цирроз ағымында осы көріністер басым: 1) портальді гипертензия; 2) некроз нәтижесінде гепатоциттердің қызметтік бұзылысы; 3) бауырішілік холестаз; 4) бауырдан тыс холестаз; 5) холемиялық синдром.

97. Біріншілікті билиарлы цирроз негізінде жатыр: 1) бауырішілік холестаз; 2) бауырдан тыс холестаз; 3) портальді гипертензия; 4) гепатоциттердің қызметтік бұзылысы; 5) спленомегалия.

98. Екіншілікті билиарлы цирроз негізінде жатыр: 1) бауырішілік холестаз; 2) бауырдан тыс холестаз; 3) портальді гипертензия; 4) гепатоциттердің қызметтік бұзылысы; 5) спленомегалия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]