Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кеден.docx
Скачиваний:
107
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
125.06 Кб
Скачать

18. Кедендік төлемдер және салықтар.

1. Қазақстан Республикасында мынадай кедендiк төлемдер қолданылады:

1) кедендiк баж;

2) кедендiк алымдар;

3) алымдар;

4) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.

2. Төлеушiлер, кедендiк төлемдердi есептеу, төлеу, қайтару және өндiрiп алу тәртiбi, сондай-ақ кедендiк төлемдер бойынша жеңiлдiктер осы Кодексте айқындалады.

3. Кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда алады.

4. Төлеушiлер, салықтарды есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

5. Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзу кезiнде кедендiк төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жиынтық кедендiк төлем түрiнде төленуi мүмкiн.

6. Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналыс үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн.

  • Барлық тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды, Кеден кодексімен анықталғандай төлемдерді тауарды шығарғанға дейін төлеу қажет болған жағдайдан тыс, кедендік рәсімдерге дейін және кедендік жүк декларациясын бергенге дейін төлеу қажет.

  • Тауарлардың импорты кезінде төлемдердің мынадай түрлерін ажыратады, кеден жинағы, кедендік импорт баж салығы, акциздер және СҚҚ.

  • Импортты кедендік баж салығы салынатын тауарлар және баж салығының мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы Қаулысында көрсетілген.

  • Акциз салынатын тауарларға акциз салынатын тауарлар тізіміне сәйкес кейбір мұнай өнімі, темекі және ішімдік өнімдері, алтыннан жасалған заттар, мотор қуаты 3 мың куб см. Асатын көліктік құралдары және ҚР Үкіметімен бекітілген акциздеуге жататын тауарлар тізімдері жатады.

  • Тауарлардың импортын рәсімдеу кезінде қосылған құнға салық төленеді, ол салынатын импорттан орнатылған 15%. Салық импортының мөлшеріне, импортталатын тауардың кедендік құны енгізіледі, сонымен қатар салық және т.б міндетті төлемдердің соммасы, сонымен қатар импортқа СҚҚ санамағанда, Қазақстан Респубикасына тауарлардың импортталуы кезінде бюджетке төленетін міндетті төлемдер.

  • Тауарлардың экспорты кезінде кедендік жинақ төленеді және экспорттық кеден баж салығы кейбір тауарларға төленеді. Экспорттық тауар баж салығы салынатын тауарлар және баж салығының мөлшері ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

  • МКҚ негізгі парақшасы үшін 50 ЕВРО мөлшерінде кедендік жинақ және әрбір қосымша парақшаға 20 ЕВРО Үкіметпен белгіленген кеден жинағының мөлшеріне сәйкес төленеді.

Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелінетін тауарлар және Қазақстан Республикасымен Кедендік Одақты құратын мемлекеттерден әкелінген тауарлар немесе еркін сауда шегінің саудаларының тауарлары тек қана СҚҚ мен салық салынады.Басқа мемлекеттер әкелінген тауарлар кедендік құннан 10% мөлшерде кедендік төлемін төлейді.

19 КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ ТҮСІНІГІ. Кедендік рәсімдердің түрлері

Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай:

1) ішкі тұтыну үшін шығару;

2) экспорт;

3) кедендік транзит

4) кеден қоймасы;

5) кедендік аумақта қайта өңдеу;

6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;

7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;

8) уақытша әкелу (жіберу);

9) уақытша әкету;

10) кері импорт;

11) кері экспорт;

12) бажсыз сауда;

13) жою;

14) мемлекеттің пайдасына бас тарту

15) еркін кедендік аймақ;

16) еркін қойма;

17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді.

Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту:

1. Тұлғаның таңдауы бойынша кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады.

2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы. Кедендік рәсіммен орналастыру: Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті: Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылау:

1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді.

2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі.