- •1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
- •2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
- •3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
- •4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/к), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
- •5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
- •6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
- •7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
- •8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
- •9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.
- •10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.
- •11.Кбтқ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер
- •12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.
- •3. Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама
- •6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
- •7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
- •8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
- •9. Кедендік сараптама ұйымдастыру
- •14. Кедендік қоймаларды уақытша сақтау қоймалар, еркін қойма, еркін кедендік аумақ.
- •15. Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау.
- •III блок
- •2.Кеден құқығы пәні және әдістері.
- •3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
- •4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
- •5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
- •6. Кеден құқығы институттары.
- •7. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің құрылымы.
- •8.Кедендік шекара,территория
- •9.Халықаралық кеден құқығының негіздері және Еуропалық кеден құқығы.
- •10.Кедендік одақтар мен халықаралық кедендік ұйымдар
- •11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
- •II тарау (2-5 бап) Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы
- •13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
- •14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
- •16. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу туралы жалпы ережелер
- •17. Кедендік режимдер
- •18. Кедендік төлемдер және салықтар.
- •20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
- •22 Кедендік тасымалдаушы
- •23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
- •24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
- •25.Кедендік статистика.
- •26. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
- •27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •28. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жүргізілетін жұмыстар
- •29. Кеден саласындағы қылмыстар.
- •30. Экономикалық контрабанда түсінігі.
8.Кедендік шекара,территория
Кедендік шекара - Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара — Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикальды бет. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң шарты кедендiк шекарадан iс жүзiнде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген iс-әрекеттердi жасау болып табылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету кезiнде өткiзудiң шарты кедендiк декларация беру немесе тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге бағытталған өзге де iс-әрекеттер болып табылады. Өзге iс-әрекеттерге:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететiн жеке адамның кедендiк бақылау аймағына кiруi (енуi);
2) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаның тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету туралы хабарлама беруi;
3) автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне енуi;
4) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшiн тауарларды көлiк саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтiмдерiн халықаралық почта қызметiн көрсетушi ұйымдарға тапсыру жатады.
Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына iс жүзiнде өткiзу тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтуi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтуге осы Кодекстiң 55-бабына сәйкес айқындалатын өткiзу пункттерiнде, олардың жұмыс iстеу уақытында жол берiледi және тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаға тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органына мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жеткiзу мiндетiн жүктейдi.
9.Халықаралық кеден құқығының негіздері және Еуропалық кеден құқығы.
Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтінқұқықтық нормалардың жиынтығы.
Кеден құқығының пайда болуына Қазақстанның мемлекеттік қызметінде кеден саласының бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келеді.Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның, пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады. Еуропа кеден құқығының тәжірибесі көрсеткендей, фискальды функцияның басқа экономикалық бірыңғай нарықтың шараларымен салыстырғанда, рөлі төмен болуы тиіс. Кеден саласының құқық қорғау аспектілеріне заңсыз есірткі және заңсыз қару айналымдары, халықаралық терроризммен күресу жатады. Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, еліміздің интеграциялық процестерге тікелей қатысуы кеден құқығының рөлі мен маңыздылығын арттыруда. Еуропа Одағының және ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарына салыстырмалы талдау жасалған. Кеден саласындағы құқықтық қатынастардағы мәселелерді шешу мен реттеуге деген мемлекет талпынысының пайда болуы және соған арнайы құқықтық нормалардың қабылдануы кеден құқығының пайда болуына әкелді.Жалпы кеден құқығының дамуының екі кезеңін атап айтуға болады:
- 1991 жылғы желтоқсаннан 1995 жылдың шілдесіне дейін
(кодификацияланған актінің қабылдануына дейін);
- 1995 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін.Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесі жанындағы Үкімет басшылары кеңесімен 1998 жылғы 24 қарашада “Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңестік құру және оның жүзеге асыру шаралары туралы, келісім жобасы туралы” шешім қабылданды.1999 жылғы 26 ақпанда мемлекет басшылары қабылданған Келісім (Қазақстан 1999 жылғы 24 маусымда ратификациялаған) Кеден Одағындағы өзара қатынасқа өзгеріс әкелмек, сондай - ақ интеграциялық процестерді күшейтіп, ұлттық кеден заңдылықтарының өзгеруіне септігін тигізбек. Қазақстанның кеден құқығының негізгі ережелері кеден заңдылықтарының құқықтық институттарына негізделген. Оларға кеден саясатын, кеден ісін, кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдары өтуінің қағидалары мен құқықтық механизмдерін, кеден режимдерін, кеден төлемдерін, кеденді рәсімдеу мен кедендік бақылауды, кедендік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жатқызуға болады.Кеден саласындағы коғамдық қатынастардың пайда болуы кеден құқығы субъектілерінің өзара қатынастарымен тығыз байланысты.Кеден құқығы материалдық та, ұйымдастырушылық та сипатқа 4 ие. Ол кеден құқығын материалдық және ерекше бөлімнің негізін құрайды. Құқық жүйесі – қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Құқық жүйесі келесілерге бөлінеді:
құқықтық реттеу пәні – бул құқықты реттейді (қоғамдық қатынастар)
құқықтық реттеу әдісі – бул қоғамдық қатынастарға әсер ететін қуралдардың және әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы
Кеден құқығының пәні – кеден құқығы аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы: конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді. Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет.