Кернеу жне деформация 5 лекция
.docxДәріс №5
Тақырыбы: Кернеу және деформация
-
Деформация дегеніміз –
А) кернеу әсерінен дененің формасы мен өлшемінің өзгеруі;
Б) кернеу әсерінен дененің тек қана формасының өзгеруі;
В) кернеу әсерінен дененің тек қана өлшемінің өзгеруі;
Г) тұрақты қысымда өтетін процесс;
Д) механикалық жұмыс жасалмай, ішкі энергияның өзгеру процесі.
-
Кернеу дегеніміз –
А) ішкі күштердің әсерінен дененің формасының өзгеруі;
Б) қозғалыс кезінде жапсарлас қатты денелердің беттерінің арасында пайда болатын күш;
В) бөлшектің қимасының бірлік ауданына әсер ететін күш;
Г) ішкі күштердің әсерінен дененің көлемінің өзгеруі;
Д) денелердің жанасы орнында пайда болатын және олардың салыстырмалы қозғалысына кедергі болатын күш.
-
Кернеу мен оның деформация туғызуы неден көрінеді?
А) ішкі созылу күшінің денеге әсері кезінде;
Б) ішкі сығылу күшінің денеге әсері кезінде;
В) фазалық айналулар нәтижесінде;
Г) металдарда өтетін және көлемнің өзгеруімен байланысты физика-химиялық процестердің нәтижесінде;
Д) барлық жауаптар дұрыс.
-
Кернеу жағдайында тұрған металл жүктелудің кез келген түрінде
А) әрқашанда нормальды және жанама кернеуге түседі;
Б) әрқашанда тек қана нормальды кернеуге түседі;
В) әрқашанда тек қана жанама кернеуге түседі;
Г) ештенеге түспейді;
Д) әрқашанда ауырлық күшіне түседі.
-
Нормальды кернеудің өсуі неге әкеледі?
А) морт сынуға;
Б) пластикалық деформацияға;
В) серпімді деформацияға;
Г) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтығының өзгеруіне;
Д) тұтқыр сынуға.
-
Пластикалық деформация нені туғызады?
А) жанама кернеуді;
Б) нормальды кернеуді;
В) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтығының өзгеруіне;
Г) жұлып алу жолымен морт сыну;
Д) барлық жауаптар дұрыс.
-
Кернеу әсерінен металдың деформациялануы қандай болады?
А) серпімді және пластикалық;
Б) тек қана серпімді;
В) тек қана пластикалық;
Г) кернеу әсерінен металдың деформациялану болмайды;
Д) дұрыс жауабы жоқ.
-
Серпімді деп қандай деформацияны айтады?
А) оған кернеу туғызған әсерді тоқтатқаннан кейінгі деформация;
Б) қозғалу;
В) созылу;
Г) жан жақты сығылу;
Д) оған кернеу туғызуды алып тастағаннан кейін толық жоғалатын.
-
Серпімді деформациялану кезінде не өзгереді?
А) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтық өзгереді;
Б) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтық өзгермейді;
В) кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты жанама кернеу әсерінен ауысады;
Г) кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты нормальды кернеу әсерінен ауысады;
Д) кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты жанама және нормальды кернеу әсерінен ауысады.
-
Серпімді деформациялану кезінде жүктемені алу
А) атом аралық қашықтықтың өзгеруін тудырған себептерді жояды, атомдар бастапқы орындарына тұрады, деформаци жоғалады;
Б) деформация жоғалмайды;
В) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;
Г) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;
Д) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама және нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі.
-
1-суреттегі деформация диаграммасындағы серпімді деформация қалай сипатталады?
1-сурет. Металл деформациясының ε әрекет етуші кернеуге σ тәуелділік диаграммасы
А) ОА сызығымен;
Б) ОВ сызығымен;
В) АВ кесіндісімен;
Г) σ1-σ2 бөлігімен;
Д) σпц-σ2 бөлігімен.
-
Егер нормальді кернеу атом аралық байланыс күшінің мәніне жеткенде, не байқалады?
А) жұлып алу жолымен морт сыну;
Б) пластикалық деформация;
В) серпімді деформация;
Г) кристалдық тордағы металл атомдарының арасындағы арақашықтығының өзгеруі;
Д) барлық жауап дұрыс.
-
Серпімді деформация мен кернеу σ арасындағы тәуелділік формуласы
А) k=S*E/ℓ0;
Б) σ=ξ/E;
В) σ=E/ ξ;
Г) σ=ξ*E;
Д) σ=F/S.
-
Пластикалық немесе қалдық деп қандай деформацияны айтады?
А) оған кернеу туғызуды алып тастағаннан кейін толық жоғалатын;
Б) қозғалу;
В) оған кернеу туғызған әсерді тоқтатқаннан кейінгі деформация;
Г) созылу;
Д) жан-жақты қысу.
-
Пластикалық деформацилану кезінде кристалдың бір бөлігі басқасына қатысты ауысады
А) жанама кернеу әсерінен;
Б) нормальді кернеу әсерінен;
В) жанама және нормальді кернеу әсерінен;
Г) ауырлық күшінің әсерінен;
Д) барлық жауап дұрыс.
-
Пластикалық деформация артуы нәтижесінде не болады?
А) морт сыну;
Б) қозғалу арқылы тұтқыр сыну;
В) қысу деформациясы;
Г) созылу деформациясы;
Д) қозғалу деформациясы.
-
Транскриталиттік сыну дегеніміз –
А) ұрық денесі бойынша жарылу таралуы;
Б) ұрық шекарасы бойынша жарылу таралуы;
В) нормальді созылымды кернеу әсерінен бір қабат атомдарды басқаларынан жұлып алу;
Г) жанама кернеу әсерінен кесу арқылы болатын сыну;
Д) барлық жауаптар дұрыс.
-
Интеркристалиттік сыну дегеніміз –
А) ұрық денесі бойынша жарылу таралуы;
Б) ұрық шекарасы бойынша жарылу таралуы;
В) нормальді созылымды кернеу әсерінен бір қабат атомдарды басқаларынан жұлып алу;
Г) жанама кернеу әсерінен кесу арқылы болатын сыну;
Д) барлық жауаптар дұрыс.
-
Морт жарылу бірнеше параллель жазықтықтыр бойынша таралады, сынған жері
А) нормальді кернеулерге перпендикуляр;
Б) нормальді кернеулерге параллель;
В) жанама кернеулерге перпендикуляр;
Г) жанама кернеулерге параллель;
Д) барлық жауаптар дұрыс.
-
Пластикалық деформациялану кезінде жүктемені алу
А) дененің формасы мен өлшемінің қалпына келуіне әкелмейді;
Б) атом аралық қашықтықтың өзгеруін тудырған себептерді жояды, атомдар бастапқы орындарына тұрады, деформаци жоғалады;
В) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;
Г) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама кернеу әсерінен ауысуына әкеледі;
Д) кристалдың бір бөлігінің басқасына қатысты жанама және нормальды кернеу әсерінен ауысуына әкеледі.