- •1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
- •2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
- •3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
- •4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/к), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
- •5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
- •6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
- •7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
- •8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
- •9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.
- •10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.
- •11.Кбтқ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер
- •12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.
- •3. Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама
- •6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
- •7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
- •8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
- •9. Кедендік сараптама ұйымдастыру
- •14. Кедендік қоймаларды уақытша сақтау қоймалар, еркін қойма, еркін кедендік аумақ.
- •15. Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау.
- •III блок
- •2.Кеден құқығы пәні және әдістері.
- •3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
- •4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
- •5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
- •6. Кеден құқығы институттары.
- •7. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің құрылымы.
- •8.Кедендік шекара,территория
- •9.Халықаралық кеден құқығының негіздері және Еуропалық кеден құқығы.
- •10.Кедендік одақтар мен халықаралық кедендік ұйымдар
- •11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
- •II тарау (2-5 бап) Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы
- •13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
- •14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
- •16. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу туралы жалпы ережелер
- •17. Кедендік режимдер
- •18. Кедендік төлемдер және салықтар.
- •20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
- •22 Кедендік тасымалдаушы
- •23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
- •24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
- •25.Кедендік статистика.
- •26. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
- •27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •28. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жүргізілетін жұмыстар
- •29. Кеден саласындағы қылмыстар.
- •30. Экономикалық контрабанда түсінігі.
III блок
1.Қазақстан Республикасы кеден құқығына жалпы сипаттама. Кеден құқығының жалпы және ерекше бөлімдері.
Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Кеден құқығы – кеден құқығы саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларрының жиынтығын білдірретін құқықтың кешенді дербес саласы.
Кеден құқығы жүйесі жалпы және ерекше бөлігімен тұрады. Жалпы бөлімге кеден ісінің түсінігі мен мазмұны, кеден құқығының түсінігі мен жалпы терминдері, оның мақсаты, кедендік саясаты, кеден құқығының субъектілері туралы бөлімі, кеден органы қызмет інің әдісі мен формасы туралы,кеден құқығының жауапкершілігі кіреді.
Ерекше бөлімі кеден ісінің сәйкес элементтері мен блоктарын есепке ала отырып, кеден номенклатурасының ішкі экономикалық қызметін енгізу, кеден оргнадарымен жүзеге асатын алдын ала білу, жедел іздестіру қызметы қалыптастырылған.
Кеден құқығы пәнінің жалпы бөлімі 6 тараудан тұрады:
ҚР кеден ісінің құқықтық және ғылыми-теорилық негізі
Кеден құқығы құқықпен оқу пәнінің саласы ретінде
Құқықтық қатынастар және нормалар
Кеден құқығының субъектілері
Кеден органдары қызметінің формасы
Кеден құқығы бойынша жауапкершілік.
Ерекше бөлім 4 тараудан тұрады (яғни 11 блок):
2.Кеден құқығы пәні және әдістері.
Құқықтың әрбір саласын оның пәні мен құқықтық реттеу әдісі анықтайды.
Құқық нормасы – мемлекетпен белгіленіп, руқсат етілген, оны бузған жағдайдабелгілі бір жауапкершілікке тартылатын, нормативтік құқықтық актіде бекітілген мінез-құлық ережесі.
Қоғамдық қатынастар – білімнің белгілі бір аясында қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Құқық жүйесі – қоғамдық қатынастардыңбелгілі бір аясын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Құқық жүйесі келесілерге бөлінеді:
құқықтық реттеу пәні – бул құқықты реттейді (қоғамдық қатынастар)
құқықтық реттеу әдісі – бул қоғамдық қатынастарға әсер ететін қуралдардың және әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы
Кеден құқығының пәні – кеден құқығы аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. ҚР құқықтық жүйесінде кеден құқығының орны туралы қөзқарас бар:
кеден құқығы құқықтың дербес саласы (Габричидзе, Сарсембаев, Алибеков)
кеден құқығы әкімшілік құқықтың салалығы (Чемакин, Сандровский, Марков)
кеден құқығы жоқ, ал тек қана кеден заңнамасы бар.
Кеден құқығы қазақстандық құқықтың кешенді саласы, яғни кеден құқығы пәнінің басты ерекшелендіретін қасиеті - кеден ісі саласындағы құқықтық қатынастар. Осы қатынастардың кешенді мінез-құлқы мен топтардың бір текті еместігі болып табылады. Алексеев бойынша құқық салаларының жіктелуі:
құқытың тазалық салалары (конституция,құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық,әкімшілік құқық)
арнайы салалар (енбек құқығы, экологиялық құқық, қаржы құқығы)
әртекті институттарды кәсіптік және арнайы құқық салаларына біріктіретін кешенді құқық салалары (шаруашылық, сауда,теніз құқығы).
Кеден құқығын құқықтық реттеу әдісі – императивті, диспозитивті.
Кеден құқығы – кеден құқығы саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларрының жиынтығын білдірретін құқықтың кешенді дербес саласы.
Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы: конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді.
Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет.