- •1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
- •2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
- •3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
- •4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/к), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
- •5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
- •6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
- •7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
- •8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
- •9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.
- •10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.
- •11.Кбтқ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер
- •12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.
- •3. Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама
- •6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
- •7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
- •8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
- •9. Кедендік сараптама ұйымдастыру
- •14. Кедендік қоймаларды уақытша сақтау қоймалар, еркін қойма, еркін кедендік аумақ.
- •15. Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау.
- •III блок
- •2.Кеден құқығы пәні және әдістері.
- •3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
- •4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
- •5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
- •6. Кеден құқығы институттары.
- •7. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің құрылымы.
- •8.Кедендік шекара,территория
- •9.Халықаралық кеден құқығының негіздері және Еуропалық кеден құқығы.
- •10.Кедендік одақтар мен халықаралық кедендік ұйымдар
- •11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
- •II тарау (2-5 бап) Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы
- •13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
- •14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
- •16. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу туралы жалпы ережелер
- •17. Кедендік режимдер
- •18. Кедендік төлемдер және салықтар.
- •20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
- •22 Кедендік тасымалдаушы
- •23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
- •24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
- •25.Кедендік статистика.
- •26. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
- •27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •28. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жүргізілетін жұмыстар
- •29. Кеден саласындағы қылмыстар.
- •30. Экономикалық контрабанда түсінігі.
4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Осы сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі – кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9 % артық.
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Кеден саясатының құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік емес шектеулер кіреді.
Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.
Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.