- •1Метрологияның мәні,мазмұны және оның түрлері
- •2Метрологияның негізгі қызметтері
- •3Физикалық шама.Физикалық шаманың сипаттамалары. Терминдермен анықтамалар.
- •4.Физикалық шамалардың өлшем бірліктері.
- •5. Қазақстан Республикасының «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы.
- •6 Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы. Метрологияның экономикалық базасы.
- •7 Өлшеу бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері. Метрологиялық қызметтің міндеттері.
- •8 Мемлекеттік метрологиялық қызмет жұмыстарының бағыттары
- •9 Мемлекеттік қадағалау. Заңнамалық база.
- •10 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері
- •11 Өлшеу құралдары. Метрологиялық, жұмысшы өлшеу құралдары.
- •12 Стандартталған, стандартталмаған, негізгі және қосалқы өлшеу құралдары.
- •13 Өлшеу құралдарының түрлері және сипаттамалары.
- •14.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
- •15. Өлшеудің қателіктері. Пайда болу сипаты бойынша түрлері.
- •16.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •17. Өлшеудің классификациясы. Өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •18 .Жанама өлшеу.
- •19. Эталон. Бастапқы және арнайы эталон.
- •20.Екінші эталондарды жасау негіздемелері және оның түрлері.
- •21. Халықаралық, мемлекеттік эталондар.
- •22.Топтық эталон.
- •23. Қазақстан Республикасының эталондық базасы
- •24.Өлшеу құралдарын сенімдеу. Сенімдеу әдістері.
- •25.Сенімдеу түрлері және сипаттамалары.
- •26.Өлшеу құралдарын сенімдеу нәтижесін рәсімдеу.
- •27.Өлшеу құралдарын сенімдеу құқығына аккредитация.
- •28.Сенімдеушілердің жұмыс орнын аттестаттау.
- •29.Өлшеу құралдарын калибрлеу.
- •30.Өлшеу тұтастығын қамтамасыз ету бойынша құқықтық негіз.
- •31.Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (сүмқ).
- •32.Мемлекеттік метрологиялық қызмет. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (уж, мк).
- •33.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің абсолюттік ауытқуы деген не?
- •34.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •35.Құрал көрсеткішінің келтірілген салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •36.Абсолюттік түзету деген не?
- •37.Дәлдік класы мен келтірілген салыстырмалы ауытқу арасындағы байланыс қандай?
- •38.Өлшеу құралы көрсеткішінің орнығу уақыты деген не?
- •39.Өлшеу құралының шкаласында қандай белгілеулер келтіріледі?
- •40.Эталондық құралдың дәлдік класы қандай болуы керек? МемСт бойынша құралдар неше дәлдік классқа бөлінеді?
- •41.Эталондық құрал қандай шарттарды қанағаттандыруы тиіс?
- •42.Эталондық құралдың қандай екі шарттары бар?
- •43.Абсолюттік ауытқудың шамасы қандай болуы керек?
- •44.Дәлдік класын білудің маңыздылығы неде?
- •45.Ығыстыру қандай мақсатта қолданылады?
- •46.Прибор көрсеткішінің рұқсат етілген салыстырмалы ауытқуы екі мүшелі өрнекпен нормаланатын жағдай үшін дәлдік класы қалай белгіленеді?
- •47.Бөлшек санмен белгіленген дәлдік класы туралы ақпаратты қалай қолданған жөн?
- •48) Амплитудалық модуляция коэффициенті дегеніміз не? Оны қалай өлшеуге болады?
- •50.Сенімделетін құралдың көрсеткішінің абсолюттік ауытқуы деген не?
- •51) Сенімделетін құралдың көрсеткішінің салыстырмалы ауытқуы деген не?
- •54.Мемлекеттік метрологиялық қадағалау. Метрологиялық ережелер мен нормалардың бұзылғандығы үшін жауапкершілік.
- •55.Өлшеу қателігі? Абсолютті қателік? Салыстырмалы қателік?
- •56.Өлшеу қателіктерінің қалыптасу тәсіліне қарай қалай бөлінеді?
- •57.Өлшеу қателіктерінің көріну тәсіліне қарай қалай бөлінеді?
- •58. Метрологияның қоғамдағы рөлі.
- •59.Си Халықаралық бірліктер жүйесі.
- •60.Өлшеудің тұтастығын қамтамасыз етуге қатысты нормативтік құжаттарға талдау жасау.
25.Сенімдеу түрлері және сипаттамалары.
Сенімдеудің келесі түрлері бар: Алғашқы; Периодты; Кезектен тыс; Инспекциялық; Экспертті;
Өлшеу құралдары алғашқы сенімдеуге олар өндірістен шыққан кезде, жөндеуде болған кезде, сонымен қатар импорт бойынша келген кезде душар болады.
Импортталатын өлшеу құралдары Қазақстан Республикасында алғашқы сенімдеуге душар болады, егер басқа елдерде жүргізілген сенімдеу нәтижелерін сенімдеу нәтижелері өзара тану туралы халықаралық келісімге сәйкес уәкілетті орган мойындаған жағдайда.
Алғашқы сенімдеуді
Өлшеу құралдарын дайындау орнында;
Өлшеу құралдарын жөндеу жүргізу орнында;
Өлшеу құралдарын қолдану орнында
жүргізеді.
Өлшеу құралдарын пайдалану процесстерінде белгілі сенімдеу аралық интервалдарында периодтық сенімдеу жүргізіледі.
Егер өлшеу құралдары тұрақты түрде қолданылатын болса, периодты сенімдеу өлшеудің барлық диапазондарына және физикалық шамалардың барлығына жүргізіле бермейді.
Осындай жағдайларда өлшеу құралдарында қолдану облысы көрсетілетін шартты белгілер болуы қажет. Сәйкес жазбалар пайдаланатын құжаттар мен сертификаттарда болуы қажет.
Кезектен тыс сенімдеу периодты сенімдеу мезгілі келгенге дейін жүргізіледі, бірақ келесі жағдайларда:
Сенімдеу аралық интервалдарын түзету кезде;
Сенімдеу аралық интервалдарын бекітудің қажеттілігі кезде;
Сенімдеу таңбасында суретті пломбасы зақымданған кезде және сенімдеу туралы құжаты жоғалған кезде;
Сенімдеу аралық интервалдарының жарты мезгілі өтіп кеткенде өндірушілермен іске аспаған өлшеу құралдарын тұтынушыға жіберген кезде.
Инспекциялы сенімдеу өлшеу құралдарының жөнділігін орнату, соңғы сенімдеудің нәтижесінің дұрыстығын, қабылданған сенімдеу аралық интервалдарының дұрыстығын бағалау және өлшеу құралдарының пайдалану дұрыстығын орнату үшін мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау болған кезде жүргізіледі.
Экспертті сенімдеу метрологиялық сипаттама бойынша даулы мәселе туындаған жағдайда, өлшеу құралдарының түзулігіне және оны қолдану жарамдылығына, сонымен қатар соттың, прокуратураның, орындаушы билік органдарының, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша талаптары (арыздары) бойынша жүргізіледі. Экспертті сенімдеу нәтижесі бойынша арызданушыға жіберілетін қорытынды жасайды.
Сенімдеуді шамаларға сәйкес өлшеу құралдарын сенімдеу бойынша дайындықтан өткен және орнатылған тәртіппен сенімдегіш ретінде аттестатталған жеке тұлға жүргізеді.
26.Өлшеу құралдарын сенімдеу нәтижесін рәсімдеу.
Көп жағдайларда сенімдеу процесі кезінде сенімдеудің нормативті құжатында көрсетілге формасы бойынша хаттама жүргізіледі.
Сенімдеу аяқталуы бойынша және хаттаманы талдап болғаннан кейін өлшеу құралдары қолдануға жарамды және жарамды емес туралы қорытынды шығарады және хаттамаға сәйкес жазбаларды кіргізеді.
Сенімдеу хаттамасы заңды мағынасы бар негізгі құжат болып саналады, сондықтан оны жасауда оған көп назар аудару керек. Жазбаларды бөлек қағазға жазып, оны қайтадан көшіруге болмайды, өйткені қате кетуі мүмкін.
Егер реттеу жүйесіне (бөлшектеріне) рұқсат бермеу қажеттілігі туындаса, онда өлшеу құралдарына нөмірлі пломбалар іліп қояды немесе сенімдеу таңбасының нөмірлі суретті жапсырмаларды қояды, яғни олардың зақымданусыз өлшеу құралдарының мехнизмін ашуға болмайтындай.
Сенімдеу таңбасының суретінде таңба әрекетінің екі соңғы цифрынан, ӨМЖ реестрінің белгісі, кәсіпорынның шифры, сенімдегіштің жеке белгісінен тұрады.
Өлшеу құралдарын таңбалаудан басқа, сенімдеу оң нәтиже берген жағдайда орнатылған үлгімен сенімдеу туралы сертификат беріледі, яғни онда өлшеу құралдары сол және басқа да нормативті құжаттар талаптарына сәйкес туралы ақпараттар немесе өлшеу құралдарының көрсеткішіне түзетулер көрсетіледі.
Сенімдеудің теріс нәтижесінде сенімдеуші өлшеу құралдары қолдануға жарамсыз туралы хабарлама жібереді.
Сенімдеуге жатпайтын өлшеу құралдары калибрленеді