Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
14.11.2019
Размер:
31.29 Кб
Скачать

[Өңдеу] Саяси құрылысы

Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемлекеттік дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемлекетінің, Түргеш, әсіресе Қарлұқ қағанаттарының терең ықпалы болды. Қарахан мемлекетінде басқару құрылымьша, тегінде, Қарахан бірлестігінін құрамына енген көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың қоғамдық институттары, ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы барысында өзгеріске ұшыраған әдеттегі құкық (тору) нормалары елеулі ықпал жасауы ықтимал. Газневилер сияқты, Қарахандар да Саманилердің мемлекеттік құрылысының кейбір сипаттарын қабылдады, алайда бұл ауыс- түйіс атүсті болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі билік құрылымы — жоғарыда аталған үш негізгі бастаудың диалектикалық жиынтығы. Қарахан державасындағы жоғарғы билік тек сырттай ғана патриархаттық (рулық-тайпалық) шапанын жамылды, ал шын мәнінде ол феодалдық иерархия принципіне негізделді. Зерттеушілердің екі тайпалық федерация: жікіл және яғма шонжарлары арасында саяси билік қатан бөлінді деген пікірінің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіндігін дәлме-дәл айту әлі де қиын. Соған қарамастан, егер көшпелілер құрган басқа мемлекеттерге ұқсастық бойынша пайымдайтын болсақ, онда Қарахан мемлекетінде, қалай болғанда да оның тарихының ерте кезеңінде жеңіп алған өңірлерге билік жүргізу нақ сол ең ірі және күшті этникалық-саяси бірлестіктер басшыларының, бірінші кезекте жікіл және яғма көсемдерінің қолына шоғырланған деп жорамалдауға болады. Бұл «арслан» («арыстан») және «богра» («бура») құрметті атақтарымен атанған жоғарғы Қарахан билеушілерінің атақтарымен дәлелденеді. Арслан, дәлірек айтқанда, арслан хан (арслан қара-хақан) атағын жікілдердің билеушісі, ал боғра (богра кара-хақан) атағын яғма көсемі алды. Арслан қара-хақан басты билеуші деп саналды немесе сондай билеуші болуға дәмеленді, ал боғра қара-хақан, тегінде онымен бірге билік еткен болуы мүмкін. Атақтар иерархиясында әр түрлі кезенде қолданылатын атақтардың жалпы жиынтығы бірдей болмады, жекелеген атақтардың маңызы өзгеріп тұрды. Барлық жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелді және оның ыдырауына дейін бүкіл мемлекетті көбіне тамғаш-хан атанған «хандардың ханы» биледі. Қарахандар мемлекеті құрылымының негізі өзінің мәні жағынан феодалдық үлестік жүйе болды. Мемлекет өз билеушілері басқарған бірқатар ірілі-ұсақты өңірлерге — үлестік жерлерге белінді. Олардың көпшілігі, әдетте ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттерден болды. Округтердің орталықтары болған Тараз, Испиджаб және Баласағұн ірі үлестер еді. XI ғасырдың басында Баласағүн жоғарғы қағанның үлесі, ал Тараз бен Испиджаб олардың жақын тумаларының қолында болды.

[Өңдеу] Шаруашылығы мен мәдениеті

Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.

Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды.[2