- •Қазақстан Республиқасының рәміздері туралы сөйлем құрастыр.
- •Үндестік заңы.
- •3) Фонетикалық талдау жаса:
- •Атамекен, ел туралы әңгімеле.
- •Сөз мағыналары.
- •3) Берілген сөздерге синоним, антоним тап:қалың, ерте, сұйық, жұқа, ақ, жаңа. Омоним сөздердің мағыналарын ажырат: түс, күн.
- •Әбу Насыр әл-Фараби туралы әңгімеле.
- •Сөз құрамы.
- •3) Берілген сөздерді құрамына қарай талда:
- •Ыбырай Алтынсарин.
- •Берілген етістерден етістер жаса, сөйлемдер құрастыр: ойла, шеш,жу,тара,ки.
- •Шоқан Уәлиханов туралы әңгімеле.
- •Шылаулар.
- •Керекті шылауларды пайдаланып, сөйлемдерді аяқта:
- •Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.
- •Етістіктің шақтары.
- •Халық батыры-Қабанбай.
- •Етістіктің райлары.
- •Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құра:
- •Кеңес Одағының батырлары м.Мәметова мен ә.Молдағұлова туралы әңгіме құра.
- •Шешендік сөздер.
- •Жай сөйлем түрлері:
- •Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- •Тіл тұралы өленді жатқа айтып бер.
- •Мәтінде оқып,түсіндір.(17-бет, 4-тапсырма, т.М. Артықова)
- •Мақалда оқып, қазақ тіліне аудар:
- •Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
- •Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.
- •Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:
- •Қазақтың атақты билері.
- •Салалас құрмалас сөйлемдер.
- •Берілген сөздерге антоним тап, сөйлем құрастыр:
- •Абай Құнанбайұлы. (1845-1904 ж.Ж.)
- •Абай өленің жатқа айтып бер.
- •Мәдениет дегеніміз не?
- •М.Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жатқа айт.
- •Менің болашақ мамандығым.
- •Білім-өнер туралы сақал-мәтеледр айтып бер.
- •Қаныш Сәтбаев.
- •Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.Ж.)
- •Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыш тұлғаларының жасалуы.
- •Көп нүктенің орнына қажетті әріпті қойындар:
- •Көп нүктенің орңына септеулік шылауларды қойып жазындар:
- •Наурыз мейрамы.
- •Сөз құрамы.
Керекті шылауларды пайдаланып, сөйлемдерді аяқта:
Біз ауылға бара алмаймыз, себебі ол жаққа жол жоқ.
Көктемде де жаңбыр жауады, өткені қар көп болды.
6-билет
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, мемлекеттік туын және әнұранын бекітті. 1997 жылы Қазақстанның бас қаласы және астанасы – Астана қаласы болып жарияланды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл – қазақ тіл. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақстан – көп ұлтты, егеменді мемлекет. Халқының саны – 17 млн. Қазақстанда көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар. Қазақ жері – пайдалы кендерге өте бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі. 1993 жылы Ұлттық Валюта теңге қабылданды. 1993 жылы Қазақстан БҰҰ-ға кірді. (БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұымы)
Етістіктің шақтары.
Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Етістіктің 3 шақ тұлғасы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Оның 2 түрі бар: нақ осы шақ (-ып,-іп,-п,-а,-е,-я+4 ет.: жатыр, жұр, отыр, тұр + ж.ж.) және ауыспалы осы шақ (нег. түбір+ -а,-е,-и,-я+ ж.ж.). Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар: жедел (нег. түбір+ -ды,-ді,-ты,-ты+ж.ж.), бұрыңғы (нег. түбір+ -ған,-ген,-қан,-кен, -ып,-іп,-п+ж.ж.) және ауыспалы өткен шақ (нег. түбір +-атын,-етін,йтын,-итін+ж.ж.). Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар: болжалды (нег. түбір+-ар,-ер,-р,-мас,-мес,-бас,-бес,-пас,-пес+ж.ж.), мақсатты (нег. түбір+-мак,-мек,-бак,-бек,-пак,-пек+ж.ж.) және ауыспалы келер шақ(нег.түбір+-а,-е,-и,-я+ж.ж).
Сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жаса: Ұшақпен Астана қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самалы соғып тұр. Әуежай жақпан кірер жолда биік мемориал орнатылыпты. Ол-саяси қуғын көрген адамдарға арналғын ескерткіш.
Соғып тұр-етістік, не істеп тұр?, б.ф.-соғып тұр, күрделі, туынды, болымды, 3 ж. ж.ж. жоқ. сөйлемде-баяндауыш.
Соғ, тұр- негізгі түбір етістік.
ып-нақ осы шақ жұрн.
Кірер- етістік, не істер, б.ф.-кірер, дара, негізгі, болымды, сөйлемде-анықтауыш
кір-н.т. етіст.
ер-болж.етіст.келер шағы жұрн.
Орнатылыпты-етістік, не істепті, б.ф.-орын, дара, туынды, болымды,сөйлемде-баяндауыш
оры-н.т.зат ес.
ат-ет.сөз.туд. жұрн.; ыл-ырық. етіс. жұрн.; ып-көсемшенің өтк. шақ жұрн.; ты-ж.ө.ш. жұрн.
Көрген-етістік, дара, негізгі, болымды,
көр-н.т.етістік.
ген-есімшенің өтк. шақ жұрн.
7-билет
Халық батыры-Қабанбай.
XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін ол 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, "Қабан батыр" атанады. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады.