Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. жауап RESMI IS KAGAZDAR.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
51.91 Кб
Скачать

13. Терминдердің ұғымы мен мағынасы. Мамандығына қатысты терминдерді қолдана отырып сөйлеу құру.

Термин -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде орнықтырудың ең басты да маңызды жолының бірі - түрлі саладағы терминологияны ана тілімізде қалыптастыру.  Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылымитерминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек.  Бұл жағдай әр ғылымның пәніне зерттейтін обьектісіне де, қалыптасқан зерттеу тәсілдеріне де байланысты болса керек. Ғылыми терминдер жүйелі түрде қалыптасса, әрі термин терең мағыналы болып, әдеби құбылыстың сипатын нақтылы, дәл көрсетсе ғана зерттеу еңбектердің теориялық дәрежесін биіктетуге жол ашылады. Терминдік жүйенің дамуы ғылыми танымның өрісін кеңейте түспек. Қазақ әдебиеттану ғылымында да терминдерді қалыптастыруда бірталай жетістіктер баршылық. Ғылыми ұғымдардың қазақ тілінде мағынасын терең ашып жеткізетін және өзі жатық, құлаққа жағымды, көпшілік жақсы қабылдайтын терминдерді әлі де көптеп қалыптастыру қажеттігі бүгін өмір талабынан туып отыр

14.Талапарыз қандай жағдайда жазылады? Сіз кәсіпорынның басшысысыз. Сіз сотқа мекеме атынан талапарыз жазыңыз.

Егер Сізге қылмыспен зиян келтірілген жағдайда, Сіз қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап кез келген уақытта, алайда сот тергеуі басталғанға дейін азаматтық талап қоюға құқығыңыз бар.

Азаматтық талап арыз жазбаша түрде беріледі.

Талап арызда мыналарды көрсету қажет:

қандай қылмыстық іс бойынша талап арыз беріледі

кім талап арыз береді

кімге талап арыз беріледі

қандай негізде талап арыз беріледі

азаматтық талап арыздың мөлшері

зиянды өтеу үшін нақты ақша сомасын немесе мүлікті өндіріп алу туралы өтініш.

Егер, Сіз талап қою негізін, талап мөлшерін нақтылағыңыз келсе, сіздің қосымша азаматтық талап арыз беруге құқығыңыз бар. Есте сақтаңыз! Егер Сіз қылмыстық процесте азаматтық талап арыз бермесеңіз немесе сот сіздің талап арызыңызды қараусыз қалдырса, сіздің оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен беруге құқығыңыз бар.

Азамат К. ОАО «С» мекемесінде жүктасушы болып жұмыс жасаған, мекеме директорының міндетін атқарушысы екі жақтың келісімі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрық шығарған. Жұмысшы жұмыс берушінің әрекетімен келіспей, аудандық сотқа талап арыз жазып, өзін бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастыруды, бос жүрген күндеріне еңбек ақы өндіруді және моралдық залал мен өкілдің қызметі үшін кеткен шығындарды өндіруді талап еткен.

15.Ресми іс қағаздар стилі. Ресми хат, хаттама жазу.

15 Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағанын байқауға болады. Бірі – сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және басқа да ресми құжат үлгілері.

Хаттама - жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім кабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]