Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. жауап RESMI IS KAGAZDAR.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
51.91 Кб
Скачать

10.Мамандығыңа қатысты мәтінге аннотация жазу.

Орынбасаров М.О.,

Математикалық физика теңдеулері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. -320 б.

Автор М.О.Орынбасаров “Математикалық физика теңдеулері” оқу құралы жоғарғы оқу орындарының физика математика факультеттерінің оку жоспарына сәйкес жазылған. Кітапта дербес туындылы дифференциадық тендеулер мен канондық түрге келтіру әдістері.Кітап негізгі интегралдық түрлендірулер әдістерінің теориясына арналған.

11.Ресми-іскери стильде қолданылатын қалыптасқан сөздерді жазыңыз.

1)    ресми-іскери  стильге  дэстүрлілік  тән;   эсіресе  қүжаттың  сыртқы формасы стереотип;

2)    ресми-іскери стиль мэтіндерінде образды сөздер қолданылмайды;

3)    ресми-іскери стильде ақпаратты нақты жеткізе алатын сөздер тура мағынасында қолданылады;

4)    терминдер жоғары жиілікпен қолданылады;

5)  ойды аяқтаушы және дэнекерлеуші тілдік құралдар (туралы, осы, осыған сэйкес, осыған орай, жүзеге асыру, сондай-ақ, онымен қатар, қоса есептегенде, қоса алғанда, соның ішінде, бүл ретте) жиі қолданылады;

6)      Ресми қркаттарда көрініс тапқан кейбір терминдерді бекітілген, нормаланған деп есептеуге тура келеді, өйткені жаңа аталым, термин қолданылған мэтін Үкімет, Мемлекет басшысы тарапынан бекітіліп, заң күшіне енеді;

7)      Логикалық ойды аяқтаушы етістік түлғалар бүйрық, өкім сияқты қүжаттарда - міндеттілік мағынасында (бекітілсін; жүзеге асырылсын; тағайындалсын;    орындалсын;    жүктелсін;    қадағалансын;    әзірленсін; қолдансын) ал өзге құжаттарда (ереже, жарғы, үндеу) - баяндау мазмүнында (айқындайды,   анықтайды,   жүзеге  асырады,  тағайындайды,  бақылайды, қадағалайды, реттейді, жүзеге асырылады, болып табылады, күшіне енеді, іске асырады, өткізеді) беріледі.

Қазіргі кезде қүжаттану саласында қүжаттаманың біріздендірілген мына жүйелері қалыптасқан:

-         ұйымдық-өкімдік қүқықтық қүжаттамалар;

-         жоспарлау қүжаттамалары:

-         алғашқы есепке алу қүжаттамасы;

-         қаржылық,  алғашқы есепке алу жэне есеп беру бухгалтерлік қүжаттамалары;

-         есеп айырысу-ақша қүжаттамалары;

-         есеп беру-статистикалық қүжаттамалар;

-         баға белгілеу бойынша қүжаттамалар;

-         сауда қүжаттамалары;

-         зияткерлік және өнертапқырлық пен жаңалық ашу күжаттамалары;

-         еңбек жэне элеуметтік мэселелер жөніндегі құжаттамалар;

-         түрғындарға түрмыстық қызмет көрсету жөніндегі қүжаттама;

-         жоспарлау     жэне     көлік    тораптарын     басқаруға    арналған қүжаттамалар.

12. Басқару органдарының басқару – реттеу қызметіне қатысты құжаттары.

1. Өтініш               

            2. Өмірбаян                      

            3. Түйіндеме          

            4. Мінездеме          

            5. Жеке іс парағы 

            6. Хабарландыру            

            7. Хаттама           

Өтініш – жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауысу, демалыс беру және т.б. туралы өтінішпен ұйымға немесе лауазымды тұлғаға бағытталған құжат.Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады. Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Түйіндеме  – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек.Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу.

Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Жеке іс парағы  Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтермен дәлме – дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық халжағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі. 

Хабарландыру - бірдеңе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін

   Хаттама – жиналыстарда, отырыстарда, мәжілістерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]