Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШПОР НОВЫЙ.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
97.46 Кб
Скачать

14. Бухгалтерлік есеп формалары.

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданылатын шоттарды классификациялаудың мақсаты - есеп жүргізуге қойылатын талаптарға жауап беруі. Барлық бухгалтерлік шоттар келесідей жіктеледі: активті және пассивті;жинақтамалы және талдамалы; баланстық және баланстан тыс; капиталдандырылатын және капиталдандырылмайтын. Шоттардың бірінші тобы: активті және пассивті. Олардың аты баланстың екі жағының аттарына сәйкес және солардың мазмұнын көрсетеді. Шотты ашу дегеніміз оған ай басындағы қалдығын (сальдоны) жазу дегенді білдіреді. Активті шоттар негізгі құралдардың, материалды емес активтердің, материалдық және ақша қаражаттарының, дебиторлармен есеп айырысу есебін жүргізу мен бақылауға арналған. Олардың құрылыстары бірдей, тек дебеттік сальдо ғана болуы мүмкін. Шоттың дебетінде материалдық және ақша қаражаттарының бастапқы және соңғы қалдықтары, келіп түсуі көрсетілсе, кредитінде олардың есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі пассивтік шоттар капиталдар мен қорлардың өзгерісінің алынған қаржыландырудың, несиенің, қарыздың, ұйым міндеттемелері мен кредиторлармен есеп айырысулардың есебін жүргізуге арналған. Сальдо тек кредиттік болуы мүмкін, ол меншікті және қарыздық қорлану көздері мен басқа ұйымдар мен жеке адамдар алдындағы борыш сомасын көрсетеді. Бұл шоттардың кредитінде қорлану көздері мен борыштардың нақты бары мен артуы, ал дебетінде олардың азаюы көрсетіледі. Қалыптаскан әдіс бойынша шоттардың қалдығын шығару төмендегі формула бойынша есептелінеді: Бқ + Д - К = Сқ Мұнда: Бқ - бастапқы қалдық; Д - осы шоттың дебетті айналымы; К - осы шоттың кредиттік айналымы;Сқ - соңғы қалдық. Бухгалтерлік есепте ақпаратты жинақтау дәрежесіне немесе көрсеткіштерді әртүрлі дәрежесіне қарай бөлшектеп көрсетуге байланысты шоттардың екі түрі қолданылады: синтетикалық және аналитикалық. Синтетикалық шоттар шаруашылық қорлары мен олардың қозғалыс-тары жөнінде жалпылама көрсеткіштерді береді. Олар кодталған түрде Типтік шоттар жоспарында көрсетіледі және тек қана ақшалай өлшемде ғана жүргізіледі. Аналитикалық шоттар синтетикалық шоттарда есепке алынған мәліметтерді бөлшектеп, сәйкес есеп объектілеріне жан-жақты сипаттама береді. Материалдық құндылықтар есебін жүргізуші аналитикалық шоттар тек ақшалай ғана емес, натуралды өлшем бірлігінде де жүргізіледі. Шоттар арсындағы байланыс шоттар корреспонденциясы деп, шаруашылық операциялары арқылы өзара байланысатын шоттар корреспонденцияланатын шоттар деп аталды. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операциясының сомасын көрсету бухгалтерлік жазу деп аталады және ол тек құжаттар негізінде құрастырылады. Корреспонденцияланатын шоттар бойынша қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазуларды ажыратады. Шоттар жоспары – бұл активтер мен олардың қорлану көздерінің ағымдағы бухгалтерлік есебін жүргізу үшін, қаржылық және басқарушылық есептіліктерді құрастыру мен бақылау үшін қолданылатын шоттардың жүйелендірілген тізімі. Шоттардың экономикалық мазмұны бойынша жіктелуі бухгалтерлік есеп объектілерінің топтасуына негізделеді: Актвитерді немесе мүліктерді құрамы мен орналасуына қарай есепке алу шоттары; Капитал көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар; Міндеттемелер көрсеткіштерін алуға қолданылатын шоттар; Жабдықтау, өндіру және сату кезеңдеріндегі шаруашылық операциялары бойынша көрсеткіштер алуға қолданылатын шоттар. Мақсаты мен құрылымына қарай шоттар негізгі, реттеуші, бөліп-таратушы, калькуляциялық, операциялық-нәтижелік, қаржылық-нәтижелік, баланстан тыс шоттар болып бөлінеді

15. Кассадағы қолма-қол ақшалар есебі. Есеп айырысу шотындағы қолма-қолсыз ақша есебі. Ақша-қаражаттарының бухгалтерлік есебі, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының 1000 «Ақша қаражаты» тармағындағы 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1020 «Жолдағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», 1040«Карт-шоттардағы ақша қаражаты» 1050 «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты», 1060 «Өзге ақша қаражаты» шоттарында жүргізіледі.Аталған шоттар активті.

Кассадағы қолма-қол ақшалар есебі. Күнделікті нақты қолма-қол ақшаға жасалатын шаруашылық операцияларына жететіндей қажетті ақша-қаражаттарды ұйымның кассасында сақтайды. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау бас бухгалтер қол қойған кіріс ордері бойынша жүргізіледі. Кассадан қолма-қол ақша беру ұйымның басшысы мен бас бухгалтердің қолдары қойылған шығыс касса ордері бойынша жүзеге асырылады. Шығыс ордерімен ақша берілгенде алушының жеке куәлігін талап етеді. Еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы, шәкіртақы тарату ведомость бойынша жүргізіледі. Ведомосттің бірінші сыртқы титул парағына басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылған ақшаны тарату және сомасы жазбаша көрсетілген қолма-қол ақшаны тарату туралы рұқсат жазба жасалады. Еңбекақы таратуға белгіленген мерзім ішінде алмай қалғандардың тұсында «депоненттелді» деген белгі соғылады. Кассир төлем ведомостін жазған кезде еңбекақыларын ала алмай қалған, яғни депонентке жатқызылғандардың тізімін жасайды. Ведомость бойынша нақты төленген сомаға шығыс ордерін жазып, кассалық кітапқа жазып, мөр басуы керек. Касса операцияларын жүзеге асыруға негіз болған кіріс және шығыс касса ордерлері бухгалтерияда кіріс және шығыс құжаттарын жеке тіркеу журналында тіркеледі. Кассир күнделікті жұмыс күнінің соңында бухгалтерияға есеп беріп отырады Кассирдің берген есбінің қызметін касса кітабы атқарады.

Касса кітабының әрбір беттерінің саны нөмірленіп, басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылып расталады. Кассалық кітап, яғни кассирдің есебі 2 дана етіп толтырылады. 1-ші данасы касса кітабында қалады, 2-ші данасы кіріс-шығыс ордері мен сенімхат, қолхаттар тіркеліп бухгалтерияға өткізіледі.

Есеп айырысу шотындағы қолма-қолсыз ақша есебі. Тиісті заңдарға сәйкес барлық субъектілер өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелеріндегі есеп айырысу шоттарында ақша қаражаттарын сақтауға міндетті. ЕАШ-тары төмендегі құжаттар негізінде ашылады:

* шотты ашу жөнінідегі өтініш;

*жарғы көшірмесі;

*мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

*үлес қосушылар(құрылтайшылар) шартының көшірмесі;

*салық комитетінің салық есебіне алынғанын анықтайтын анықтама;

*қойылатын қолтаңбалар мен мөртаңбаларының үлгілері мен карточкалары.

16. Арнайы шоттардағы ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі. Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандарына мыналар жатады: төлем тапсырмасы, инкассса бойынша, чекпен, аккредитивтер бойынша.

  • Төлем-талап тапсырмасы – сатылған өнімнің құнын сатып алушыдан немесе төлеушінің шотынан өндіріп алуға банкке берген бұйрығы. Төлем тапсырмасы – мердігерлердің, жаюдықтаушылардың және басқалардың шоттарына аударуға берілген бұйрығы.

  • Инкасса – есеп айырысу кезінде банк клиентінің тапсырмасы бойынша оның атынан төлеушіден төлемді алу және оны акцептеу бойынша әрекеттерді жүзеге асыруды міндетіне алады. Төлеуден алынған ақша-қаражаттар клиенттің ағымдағы есеп айырысу шотына есептеледі, клиенттен тапсырма алған банк оны орындау үшін басқа банктерді жұмылдыруға құқығы бар.

  • Чек бойынша есеп айырысу үшін шаруашылық қызмет көрсететін банк ұйымына ақша-қаражаттарының бір бөлігін чек кітапшасына салуға берген өтініші чек кітапшаларындағы көрсетілген ақша бойынша қолма-қолсыз есеп айырысу нысаны.

  • Аккредитив – клиенттің тапсырмасымен банктің өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген бұлжытпай орындауға тиісті және міндетті. Аккредитив ашылған банктен дер кезінде жабдықтаушыларға төлем жасауға мүмкіндік туғызады.Сатушының сатып алушыға сенімділігі артады.