Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ШПОР НОВЫЙ.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
14.09.2019
Размер:
97.46 Кб
Скачать
  1. Бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы Бухгалтерлік есеп – бұл шаруашылық субъектісін және ақпарат қолданушыларды сенімді, нақты, сол уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету көзі болып табылады. Экономиканы басқарудың жетіле түсуі, нарықтық қатынастардың қалыптасуы, меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі мен мәнінің алдағы уақытта да арта тусетінін білдіреді. Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп терден тұрады. Жедел (немесе жедел-техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған. Жедел есеп әртүрлі процестер мен құбылыстарды әртурлі өлшем бірліктедің - натуралды, ақшалай және еңбек бірліктерінің көмегімен көрсетеді.Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді, оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т.б. беруге болады. Жекелеген жағдайларда жедел есеп үшін арнайы құжат нысандары жасалады, мысалы: жұмысқа шығу мен жұмыс уақытын пайдалану табелі.Сонымен, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған. Статистикалық есеп немесе статистика экономика, мәдениет, білім беру және т.б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді. Халық шаруашылығы есебінің жүйесіндегі статистика -бухгалтерлік есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп түрі. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондайақ ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді. Шаруашылық қызметін жалпылама көрсету деп барлық мүлікті, өндірістік қорлардың барлық түрін, шығындарды, өнімдерді, ақша қаражаттарын, қорларды, кәсіпорынның берешектерін және т.с.с. міндетті түрде есепке алуды түсінуге болады. Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің ісі деп санайды. Бухгалгерлік есеп оның алдына койған міндеттерді орындай алатындай ұйымдастырылуы керек. Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп жылдан жылға дамып жетілуде. 2002 жылы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» жаңа өзгертулермен заң қабылданды, шоттардың бас шоттар жоспары бекітілді. Қазіргі кезде біздің елімізде есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуде, бірақ бұл осы уақытқа дейінгі қолданылған бухгалтерлік есеп стандарттары өз күшін жойды дегенді білдірмейді. Кәсіпорындар бухгалтерлік есепті Қазақстандық стандарттарға сәйкес жүргізеді және өз кезегінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сүйенеді.

  1. Есеп ақпаратын пайдаланушылар. Бухгалтерлік есеп өресіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты – сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын арнайы ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз- шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар қажет. Ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген түсінбеушілік пен орын алған қарама – қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпраттар өз бетінше қалыптаспайды, ол үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар жүйесін құрайды. Ақпараттар деп – ұйымдардың шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын есепке алуды айтамыз. Сонымен, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың талабын қанағаттандырады. Яғни бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың барлығы да есептің мақсатын, мұның өрісіндегі мәліметтер мен бастапқы құжаттарды дұрыс және дер кезінде рәсімдеу бухгалтерлік есепті толығымен аяқтаудың сатылы принциптерін, есеп жүргіздің техникалық әдістерін, шаруашылақ операцияларының мазмұнын білгені жөн. Мұның барығы да басқару үрдісін күнбе – күн жетілдіріп отырумен қатар, эконо-қ талдау жүйесіне негіз бола алады. Ұйымдар деңгейінде талдау жүргізген кезде тек қана бух-к қорытынды есеп көрсеткіштерін өзара салыстыра салмай, бұған қосымша схема, бұған қосымша схема, графикалық қорытынды есептің құрылымы мен маңызын тереңдете түседі. Нарықтық қатынастар жағдайында бух-к есеп ақпараттар мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестік тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар мен өзара ақпарат алмастырушылар арасында қарама –қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір апалы және жоғарғы деңгейде орындалуы керек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн. Осылайша қалыптасқан ақпараттар жүйесі тиісті тұтынушыларға хабарлаған кезде капитал рыногының және қаржы салымшыларының экономикалық экон-қ мүмкіндіктерін біліп отыруға болады. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі. Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне , мемлекеттік салық инспекциясына , мемлекеттік басқарудың басқа органдарына , несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде , ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті. Бюджеттік мекемелер айлық , тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады. Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар , кредиторлар , жеткізушілер , қызметкерлер , сондай – ақ министрліктер , ведомстволар және жұртшылық жатады . Кәсіпорынның , ұйымның , мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар , сатып алушылар , жеткізушілер , инвесторлар , биржалар , банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады. Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар , банктер , сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде , журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті . Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп , оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс . Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда , сондай – ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен бірінің тапсырмасы бойынша жүргізіледі

3. Қаржылық ж/е басқару есебі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға ж/е несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін ж/е оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады. Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Қаржылық есеп беру мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан Қаржылық есеп беру –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады. Қаржылық есеп беру көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық есеп беруді білу –оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, Қаржылық есеп беру арқылы:

- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;

- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;

- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;

- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;

- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.

Басқарушылық есеп – бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу, интерпритация және қандай да бір объектінің басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру. баскарушы есептің негізі болып калькуляциялау мен шығындар жөніндегі ақпараттарды жинақтап, ұйымдастыру болып табылады. Отандық тәжірибеде калькуляциялауға байланысты мәселелер терең зерттелген. Басқарушы есептің „стандарт-кост жүйесіне ұқсас болып келетін калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдістері аясында, бүгінде өте бай теориялық және практикалық тәжірибелер жинақталған. Басқарушы есептің шексіз құқына тән кейбір мәселелерімен шар/қ субъектінің жекелеген бөлімшелері бүгінгі күннің өзінде-ақ айналысуда, бірақта бұл ақпараттар әр түрлі службалар арасында сан тарапқа бөлшектенген, сондықтан оларды дер кезіңда, кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері айтарлықтай деңгейде болмай отыр. Эк/қ қызметті талдау жүргізілсе де, ол тек шаруашылық субъектілеріндегі негізгі қаржылық көрсеткіштері толық калыптасып біткен соң барып, бір шама кешіктіріліп жасалады және де оларға әсер ету мүмкіндіктері де пайдаланбайды; жеке бөлімшелердің жұмыстарының тиімділігі мүлдем талданбайды.

4.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі. Бух/к есеп кәсіпорынның қызметін көрсетеді. Субъектінің меншігі, шар/қ құралдарының ж/е оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы, яғни оның қаржы-шар/қ қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бух/к есептің пәні б.т. Жекелеген құрамдас бөліктері бух/к есептің объектілері болып саналады. Бух/к есеп объектілеріне жабдықтау, өндіріс және өткізу жатады. Жабдықтау, ол бух/к есептің объектісі болып, кәсіпорын сатып алған шикізат, материалдар, отын ж/е басқа да материалдық қорлар. Бұл процесс есебінің негізгі міндеті: дайындалған тауар-материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнын ж/е оларды дайындау мен сатып алу кезіндегі шығындарды анықтау. Өнім өндірумен байланысты барлық шығындар сол өнімнің өзіндік құнын құрайды.Бух/к есептің әдіс/і: Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бух/к есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалмағандығын н/е орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналынады. Бух/к есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады: Құжаттау - Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бух/к есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түрдегі анықтамасы б.т.Құжатқа орындалған операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты – жөні ж/е тағыда басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі.Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме деп те атайды. Түгендеу - Ұйымның шар/қ операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді.Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады.Соған байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан алынған заттарды, сондай – ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді терсеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Шоттар - Бух/к есеп шоттары д/з – шар/қ құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары б.т.Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай – ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады.Шоттар кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай,оларды экономикалық маңызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады. Екі жақты жазу әдісі - Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бух/к есепте 2 жақты жазу әдісі д.а. Калькуляциялау әдісі - Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі. Осы үдерістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын ж/е материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді.Ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет б.т. Бух/к есепте өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляциялау д.а. Бағалау әдісі - Бух/к есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісн бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды. Бух/к баланс - Кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп 2 жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс д.а.Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелерімен меншікті капиталы бейнеленеді. Қорытынды есеп -Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шар/қ үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп д.а.

5.Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары. Бухгалтерлiк есеп жүйесінде операцияларды көрсету кезінде бухгалтерлiк есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау қағидаттары, сондай-ақ қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары сақталуы тиіс. Қаржылық есептiлiкке сапалық сипаттамалар пайдаланушылар үшін пайдалы ақпарат алу мақсатында қойылады.

  • Қаржылық есептiлiктегі ақпарат ол бизнес, экономикалық қызмет және бухгалтерлiк есеп туралы жеткілікті білімі бар пайдаланушыларға түсінікті болатындай етіп ұсынылуы тиіс.

  • Қаржылық есептілікте берілетін ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, орынды болуға тиіс. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне оларға өткен, қазіргі немесе болашақ оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып немесе олардың бұрынғы бағалауларын түзете отырып әсер еткен жағдайда орындылық сапасына ие болады.

  • Қаржылық есептерде берілетін ақпарат сенімді болуға тиіс.Операциялар мен басқа да жағдайлар мен оқиғалар олардың заңды нысанына ғана қарамастан, олардың мазмұнына және экономикалық мәніне сәйкес есепке алынуға және есептілікке ұсынылуға тиіс. Бұл қаржылық есептердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

  • Субъектінің қызмет барысында көптеген оқиғалар мен жағдайларға қатысты әр түрлі сипаттағы белгісіздіктер туындамай тұрмайды. Сақтық – бұл активтердің немесе кірістердің тым арттырылмауы, ал міндеттемелер немесе шығыстар тым төмендетілмеуі үшін белгісіздік жағдайында есептік бағаларды жүзеге асыру үшін қажетті субъективтік бағаларды қолдану кезінде белгілі бір сақтық дәрежесін сақтау.

  • Пайдаланушылар оның қаржылық жағдайындағы және қызмет нәтижелеріндегі үрдістерді айқындау үшін субъектінің әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептерін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Пайдаланушылар, сол сияқты әр түрлі субъктілердің қаржылық есептерін олардың салыстырмалы қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын бағалау үшін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс.

6.Кәсіпорынның  есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында пайдаланады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен есеп өкімімен бекітеді.Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Кәсіпоынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқарушылықтарымен, яғни бұйрық,өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет.йымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі   мүмкін:

-                     Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;

-                     Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеру салдарынан;

-                     Жаңа бухгалтерлік есептің стандарттарына көшуге байланысты және т.б.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінен таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрлымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолднылады. Ұйымның, филялдарының еншілес және тәуелі серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатынын таңдауына құқығы жоқ. Ұйымдардың түсініктеме жазуларының жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбәр түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты(түсімді) есептеу әдістері және сол сияқты.

7.Бухгалтерлік есеп қағидалары мен есеп саясаты. Бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық операцияларын тұтас, үздіксіз және құжаттарды рәсімдеу арқылы ұйымның мүліктері, міндеттемелері және олардың қозғалысы жөніндегі ақшалай ақпаратты жинаудың, тіркеу мен жалпыламалаудың реттелген жүйесі болып табылады. Бухгалтерлік есеп қағидалары мен есеп саясаты: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңның 5-1 бабында бухгалтерлік есеп жүргізудің келесідей қағидалары анықталған: -Есептеу әдісі бойынша есеп жүргізу; - Қызметтің үздіксіздігі.Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру үшін ұйым қабылдаған әдістер жиынтығы.Есеп саясаты бухгалтерлік есептің қағидаларына (есептеу және үздіксіздік), сонымен қатар сапалық сипаттамаларына (түсініктілік, орындылық, сенімділік пен салыстырмалылық) сәйкес бір жылдан артық мерзімге құрастырылады. Ұйым басшылығы есеп саясатын таңдап, оны қаржылық есептілік ХҚЕС сәйкес болатындай етіп қолдануы қажет. Нақты талаптар болмаған жағдайда ұйым басшылығы саясатты өздері даярлауы қажет. Құжаттау – бухгалтерлік есептің негізі болып таылады, ол субъектпен жүргізілетін барлық шаруашылық операцияларды бухгалтерлік ақтайтын құжаттарға үздіксіз бейнелеуге негізделеді.Бухгалтерлік құжат- шаруашылық операцияның орындалғаны немесе орындауға құқығы туралы жазбаша куәлік болып танылады.Бухгалтерлік құжаттарға біріншілік құжаттар, есептік регистрлар, қаржылық есеп беру мен есептік саясат жатады. Шаруашылық операцияларды біріншілік құжаттарды тіркеу есептік жұмыстың бірінші сатысы болып саналады.. Бухгалтерлік есептің принциптерінің бірі - құжаттау.

8.Бухгалтерлік баланстың құрылымы . Бухгалтерлік баланс – кең шеңбердегі тұтынушылар үшін негізгі ақпарат көзінің қызметін атқарады. Өйткені ол меншік иелерін, менеджерлерді және басқа да басқаруға ұйымның қызметіне араласуға құқық берілген тұлғаларды ұйымның жағдайымен салыстырады. Бухгалтерлік баланстың мәнінің жоғарылығы соншалық басқа есеп беру нысандары олардың жиынтығы, оған қосымша болып табылғандықтан оны дербес есеп беру бірлігінде жиі жекелеп көрсетіледі. Баланс баптары бухгалтерлік баланстың негізгі элементтері саналады. Баланс баптары экономикалық ресурстардың (активтер) және олардың құрылу көздерінің (міндеттемелер мен меншікті капитал) жеке түрлерін сипаттайтын көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бухгалтерлік баланс ұйымның нақты активтерін, міндеттемелер мен капиталын көрсетеді. Олар баланстың активінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер тарауына, пассивінде қысқа мезімді, ұзақ мерзімді міндеттемелер мен капитал тарауларына жіктеліп көрсетіледі.№ 1 халықаралық қаржылық есеп стандарттарында шектелген баланстық мазмұнына байланысты келесі сұрақтарды жекелеп көрсетуді қажет етеді:Активтерді, міндеттемелерді айналымдағы (қысқа мерзімді) және айналымнан тыс (ұзақ мерзімді);Айналым активтерін және қысқа мерзімді міндеттемелерді анықтау;Баланста ұсынылатын ақпараттарға қойылатын талаптар;Баланста немесе ескертуде сыналатын ақпараттарға қойылатын талаптар.

9.Бухгалтерлік баланстың элементтері. Баланс баптары бухгалтерлік баланстың негізгі элементтері саналады. Баланс баптары экономикалық ресурстардың (активтер) және олардың құрылу көздерінің (міндеттемелер мен меншікті капитал) жеке түрлерін сипаттайтын көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бухгалтерлік баланс ұйымның нақты активтерін, міндеттемелер мен капиталын көрсетеді. Олар баланстың активінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер тарауына, пассивінде қысқа мезімді, ұзақ мерзімді міндеттемелер мен капитал тарауларына жіктеліп көрсетіледі. № 1 халықаралық қаржылық есеп стандарттарында шектелген баланстық мазмұнына байланысты келесі сұрақтарды жекелеп көрсетуді қажет етеді: Активтерді, міндеттемелерді айналымдағы (қысқа мерзімді) және айналымнан тыс (ұзақ мерзімді);Айналым активтерін және қысқа мерзімді міндеттемелерді анықтау;Баланста ұсынылатын ақпараттарға қойылатын талаптар;Баланста немесе ескертуде ұсынылатын ақпараттарға қойылатын талаптар.

10.Есептегі операциялар түрлері және олардың балансқа тигізетін әсері. Кез келген ұйымда шаруашылық операциялары әсерінен мүліктері мен қорлану көздерінің өзгерісі орын алады, мұндай өзгерістер не олардың артуына немесе кемуіне қарай әсер етеді. Барлық шаруашылық операция-ларын бухгалтерлік балансқа әсер етуіне қарай төрт топқа біріктіреміз:

Шаруашылық операцияларының бірінші типі баланстың тек актив жағына әсер етеді: активті бір бап операция сомасына артса, дәл сол сомаға екінші активті бап кемиді. Баланс валютасы өзгермейді. А+ х –х = П; Шаруашылық операцияларының екінші типі баланстың тек пассив жағына әсер етеді: пассивті бір бап операция сомасына артса, дәл сол со-маға екінші пассивті бап кемиді. Баланс валютасы өзгермейді. А=П+ х –х ; Шаруашылық операцияларының үшінші типі баланс активінде де пассивінде де бір мезетте бірдей сомаға артуына қарай әсер етеді, яғни бір жағынан активте мүліктердің артуы және пассивте сәйкес қорлану көзінің артуы орын алады. Баланс валютасы да шаруашылық операциясының сомасына артады. А +х =П +х ;Шаруашылық операцияларының төртінші типі баланс активінде де пассивінде де бір мезетте бірдей сомаға кемуіне қарай әсер етеді, яғни бір жағынан активте мүліктердің кемуі және пассивте сәйкес қорлану көзінің кемуі орын алады. Баланс валютасы да шаруашылық операциясының сомасына кемиді. А –х =П – х

11. Шоттар жіктелуі ж/е құрылымы. Шот – бұл ақпарат жинақтаушы, ал бухгалтерлік есептің шоттары д/з – шар/қ қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі. Шоттар шар/қ қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне ж/е шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарды тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Шоттар бух есеп объектілерін ж/е шаруашылық операцияларын жүзеге асыру барысында оларда болған өзгерістерді жүйелеу және олардың қалыптасу көздеріндегі өзгерістерді көрсету үшін 2 бөліктен тұратын кесте түрінде көрсетеді:

Дт Дт Шоттың аты

Кт

Бух шот ашу дег.з – б.е объектісінің бастапқы жағдайын сипаттайтын соманы сол шот бойынша ашылған кестеге жазу дегенді білдіреді. Шоттағы шаруашылық қаражаттары мен олардың қалыптасу көздерінің қалдығы «сальдо» деп аталады. Белгілі бір есепткік кезең аралығындағы шаруашылық қаражаттары мен олардың қалыптасу көздеріндегі өзгерістер айналым деп аталады. (дебеттік ж/е кредиттік). Сонымен бух есеп шоттарында келесі көрсеткіштер көрсетіледі: 1.Шоттың бастапқы және соңғы қалдығы; 2.Жүргізілген шаруашылық операцияларына байланысты дебеттік ж/е кредиттік айналымдар сомасы. Б. Шоттар баланспен өзара байланысты болғандықтан 2 – ге бөлінеді:1. активті шоттар;2. пассивті шоттар; Активті шоттар ұйымдарда шаруашылық қаражаттарының нақты бар екендігі ж/е онда болған өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналады. Активті шоттардың құрылымы:

Дт активті шот аты Кт

бастапқы қалдық

белгілі бір есептік кезеңдегі ұйым активтерінің көбеюі дебеттік айналымды көрсетеді. (+)

белгілі бір есептік кезеңдегі ұйым активтерінің азаюы кредиттік айналымды көрсетеді. (-)

дебеттік айналым – ДтА

кредиттік айналым - КтА

соңғы қалдық

Активті шоттар б/ша соңғы қалдық келесі формуламен есептеледі: С.қ = Б.қ + ДтА – КтА. Активті шоттар б/ша соңғы қалдық міндетті түрде дебеттік болады, н/е 0 – ге тең болуы мүмкін. Пассивті шоттар – Бұл ұйымдардың шаруашылық қаражаттарының қалыптасу көздерінің (меншікті капитал, міндеттемелер) нақты бар екендігін және онда болған өзгерістердің ағымдық есебін жүргізуге арналған.Пассивті шоттардың құрылымы:

Дт Пассивті шоттың аты Кт

бастапқы қалдық

белгілі бір есептік кезеңдегі меншік пен міндеттемелердің азаюы дебеттік айналымды көрсетеді.

белгілі бір есептік кезеңдегі ұйымдағы меншік капитал міндеттемелерінің көбеюі кредиттік айналымды көрсетеді.

Дебеттік айналым (-)

кредиттік айналым (+)

соңғы қалдық

С.қ = Б.қ + КтА – ДтА.

Бух есептің типтік жоспары Қ.Р. – ғы бух есептілік туралы заңға сәйкес әзірленген ж/е 23 мамыр 2007ж бекітілген. Бұл типтік жоспар 8 бөлімнен тұрады: 1.қысқа мерзімді активтер. 2.ұзақ мерз. Активтер. 3.қысқа мерз міндеттемелер. 4. Ұзақ мерз міндеттемелер. 5. Капитал ж/е резервтер. 6. Кірістер. 7. Шығыстар. 8. Өндірістік есеп шоттары.

12. Шаруашылық операцияларын шоттарға жазу тәртібі. Жүргізілген шаруашылық операцияларын бух е шоттарында көрсету үшін 2 жақты жазу әдісі қолданылады. Екі жақты жазу әдісі дегеніміз – жүргізілген шаруашылық операцияларын бір мерзімде бір шоттың дебеті н/е сол шотпен өзара байланысты 2 ші шоттың кредиті бойынша бірдей сомада көрсеуді айтамыз. Жүргізілген шаруашылық операциялары бойынша щоттарды жазуды бух жазба (проводка) деп атайды. Бух жазба жасау жүргізілген операция сомасын қандай шоттың қай жағында жазу дегенді білдіреді. Бух жазба 2 түрге бөлінеді. 1) жай; 2) күрделі; Жай бух жазба - кезінде 2 шот пайдаланылады, яғни жүргізілген операцияны 1 шоттың дебеті ж/е 2 ші шоттың кредиті бойынша көрсету. Мыс:

1. есеп айырысу шотынан кассаға 100 000тг алынды.

Д т Есеп айырысу шоты (1030Кт Дт Касса (1010) Кт

Дт касса 1010 100 000

Дт Е.а.ш 1030

Күрделі бух жазба кезінде жүргізілген шаруашылық операциясы бір мезгілде бір шоттың дебетінде ж/е бірнеше шоттың кредитінде және бірнеше шоттың дебетінде бірдей сомада тіркелуін көрсетеді. Бұл жағдайда дебеттелінетін шот сомасы кредиттелінетін шоттардың сомасына тең болуы керек н/е керісінше. Мыс: жеткізушіден 100 000 тг шикізаттар, 200 000 тг тауарлар келіп түсті, құндары төленбеген.

Д т жеткізуші (3310) Кт Дт шикізат (1310) Кт Дт тауар (1330) Кт

300 000 100 000 200 000

Сонымен, жүргізілген шаруашылық операцияларын бух шоттарда көрсету үшін келесілерді анықтау қажет:

  1. Жүргізілген шаруашылық операцияларын сипаттайтын шоттарды анықтау керек.

  2. Сол шоттардың активті н/е пассивті екендігін анықтау керек.

  3. Шаруашылық операциясының әсерінен болған өзгерістердің сипатын анықтау керек.

Мыс: кассадан жалақы берілді 1000тг.

Д т жалақы (3350) Кт Дт касса (1010) Кт

1000 1000

13. Екі жақты жазу әдісі және осы әдістің бақылаулық маңызы

Бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жинақтау және ақпараттарға жазылған әрбір жекелеген есеп объектілерінің жағдайы мен қозғалысын, сондай- ақ бухгалтерлік байқау мен бақылау үшін арнайы әдіс – бухгалтерлік есеп шоттары қолданылады. Бухгалтерлік есеп шоттары байқауға түсетін бухгалтерлік есеп объектілері өрісіндегі жекелеген шаруашылық фактілерінің мазмұнын тіркеп, тіркелген фактілердің сандық және сомалық нәтижелерін шығаруға арналған. Бух-г есеп шоттарын жүргізу екіжақтылық принципке негізделген. Екі жақты жазу деп - ақшалай өлшеммен өлшенген бірдей сомадағы шаруашылық фактілерін бух –г есеп шоттарына тіркеу әдісін айтамыз. Әрбір шаруашылық фактісі коммуникациялық принципке қарай тиісті тұлғаларға хабарлануы керек. Екіжақты жазу жүйесі Ренессанс дәуірінде пайда болған, шамамен ХІІІ – XIV ғасырда Солтүстік Италияның кейбір қалаларында пайда болыпты. Тарихи деректерге қарағанда екіжақтылық бухгалтерия 1340 жылы Генунада жүргізіле бастаған. Екіжақтылық принципті ойлап тапқан францискан монахы Лука Пачоли б.т. Екіжақты жазу тек қана бух-г есеп пен ұйымдар өрісінде ғана орындалады. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шот­тар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар корреспонденцияланатын деп аталынады. Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық, операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана катысады. Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашы­лық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен корреспон­денцияланатын жазу қарапайым деп аталынады. Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен корреспонденцияланатын, бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен корреспонденцияланатын бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталынады. Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві). Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең. Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талда­малы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады. Жинактамалы есептің ерекшелігі — ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Жинактамалы есептің ерекшелігі — ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет.Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталынады.