Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_30-45.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
31.07.2019
Размер:
56.78 Кб
Скачать

Билет № 43 Берілген сөздермен сөйлем қүраңыз

  1. Қостанай облысының Торғай деген аймағында шипалы су шығатын екі жер бар.

  2. Емдік балшық немесе пелоидтер – бұл жоғары жылу сыйымдылықты, жылу ұстайтын қасиеті және құрамында тұздар, газдар, биостимуляторлар мен тірі организмдері бар, табиғи органоминералды коллоидты құрылымдар.

  3. Балалық шақ әлемі қандай ғажап

  4. Жыл басынан бері облыс көлемінде барлық 47 емдеу, сауықтыру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп

  5. Жыл сайын тоғыз мыңнан астам адам демалып, ем қабылдайды

  6. Тамақ калориялығы күш-қуатты жұмсаукөлеміне байланысты белгіленеді

  7. Әсем табиғат, көлдер мен минералды бұлақ көздері әдемі жағайжайлар, таулар мен тегіс далалар бар.

  8. Әр мемлекеттің өзінің ардақтайтын көрікті жерлері болады.

  1. Мысықтың емдік қасиеті бар дейді

Билет № 44 Алматы тұратын аймақтары емдеу сауйқтыру орындары

Ақсу-Жабағлы - Қазақстанның ең көне қорығы. Ол – Орталық Азиядағы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны ретінде  ЮНЕСКО-ның бақылауында. Бұл жерден тау қойы мен ешкілерін, маралдарды,  еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді,  аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да  көруге болады. Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен  алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің  ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман  көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған  дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында  көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге  болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады. Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды құрайды. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады. Теңіз деңгейінен 3000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген. Ақсу-жабағылының сазды топырағынан палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктер, жәндіктер, балықтар мен кесірткелердің іздерін тапқан. Биосфера  қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1000-нан  4,280 м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің  таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы  ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан  жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң  қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]