Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

1917 Ж 30 қазан – Перовскіде (Қызылордада) Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.

1917 Ж 1 қараша – Ташкентте қарулы күреспен, ал Әулиеатада, Черняевта бейбіт жолмен орнады. Осы жылдың 25 желтоқсанында Қостанайда қарулы күреспен орнады.

Кеңес өкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. Сол жылдары қарашада Петропавлда Уақытша революциялыққ комитет құрылды. 1917 ж желтоқсан айында Бөкей ордасында, Көкшетауда Кеңес өкіметі орнады. 1918 ж басында Семей, Павлодарда да орнады.

1917 ж қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюцияляқ көтеріліс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл үкімет билігін басып алды. Осы жылдың аяғында Торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.

Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 ж 15 қаңтарда жеңіп шықты. Орал қңірінде қалыптасқан контрреволюция ошағы 1918 ж 28-29 наурызда төңкеріс жасап Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі осындай қиындықтармен Орал өңірінде азамат соғысы жылдары кезінде ғана біржола орнатылды.

Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. Контрреволюциялық күштер 1917 ж желтоқсанда Верный кеңесін таратып, большевиктер жағында болған Симбирск жасағын қарусыздандырып, прапорщиктер мектебін ашты. 1918 ж наурызда революцияшыл күштер көтеріліс жасап, Верныйда Кеңес өкіметі жеңді.

1918 Ж наурыз Жетісу облысында Кеңес өкіметі орнады. Кеңес үкіметі 1918ж наурызда Жаркентте, Сергиопольде, Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

1917 Ж қазан – 1918 ж наурыз аралығы Кеңес қкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

59 XIXғ.IIжарт. Қ.дағы әлеум.экономик жағдай.

Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы: 1881-1883 жылдары Орыс үкіметінің келісімімен ұйғыр, дүнгендер Жетісу мен Солт.Қырғыз өлкесіне қоныс аударды. Ұйғырлар 45000, дүнгендер 5000. Қазіргі Талдықорған мен Алматы жерінде алты болыстары құрылды. 1897 жылғы санақ бойынша ұйғырлар 55999, дүнгендер 14136 адамға өсті. Жұмысшы қозғалысының басталуы: қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланңан жері тау кен өнеркәсібі. Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды. Қарсылық түрлері: шағым, арыз жазу, өндіріс орындарынан қашу, ереуілге шығу, жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Жұмысшы ереуілдері: Алғашқы ереуіл 1849 жылы қазанда Көкшетау кен орнында болды, 1891 жылы Өскемен уезінің Владимирск алтын кенішінде ереуіл ұйымдасқан түрде өттғ. 1893,1895, 1899 жылы Батыс Сібір теміржолында ереуілдер өткізілді. 1899 жылы Омбы теміржолында ереуіл болды.Тау кен өндірісі: Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығ.Орт.Қ.да ашылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы Қарқаралы уезі. Химия өнеркәсібі бастамасы Шымкент сантонин зауыты. Алматы өнеркәсібінде жұмысшы әйедер саны 1873 жылы 12% ал 1893 жылы 17,8% болды. Темір жол: 1893-1895 жылдар –Сібір темір жолы салынды. 1893-1897 Рязань Орал темір жолы салынды. 1899-1905 ж. Орынбор Ташкент темір жолы салынды. 1906 жылы іске қосылды

60Қазақстанда саяси қуғын сүргін. (XXғ 20-30жж

XXғ 20-30жж жылдарындағы қазақ зиялыларына бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Кеңес өкіметінің өлкедегі әр түрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын сүргінге ұласты. Қуғын сүргін ұйымдастыру жылдары 1920ж аяғы 1930ж басы болды. Большевиктердің байларды тәркәлеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыпатап оларға қарсы шабуыл бастады. Соның нәтижесінде 1928ж-дың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері Байтұрсынов, Жұмабаев, Дулатов, Ғаббасов және т.б.44 адам қуғындалып тұтқындалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]