Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

46.XyIғ. Қазақ мемлекетінің сыртқы және ішкі саясаты.

XYIғ. Екінші он жылдығында Қасым хан қазақтың кең даласында өз билігін әбден нығайтып алды. Оңтүстігінде хандықтың шекарасы Түркістанның бірталай қалаларын қамти отырып, Сырдарияның оң жағалауына дейін , оңтүстік шығысында Ұлытау мен Балхаш көлінен өтіп, Қарқаралы сілемдеріне дейін, ал солтүстік батысында Жайық өзеніне дейінгі жерлерді қамтыды. XYIғ. Бірінші ширегінде хандықтың жоғары дәрежеге көтерілуі ішкі әлеуметтік-экономикалық және этникалық процестерінің нәтижесі болды, бұған тұтастай аймақтағы саяси жағдайлар да әсер еткені сөзсіз.

Тахирдің хандық құрған кезеңіндегі(1523-1531)қазақ хандығы тарихындағы негізгі оқиға 1526жылы бүкіл Жетісудағы қазақ руларының қазақ хандығының қол астына өтуі. Хақназар хан (1538-1580)билік еткенде ол Қасым хан,әкесінің , саясатын жалғастырып,хандықты нығайтуға күш салған. Ол Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алды да,Жайықтың сол жағалауындағы жерлерге ие болды. Есімханның билігі кезінде(1598-1628) сыртқы жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті. Оңтүстікте Ташкентке Бұхар ханы үздіксіз шабуыл жасады, шығыста ойрат тайпалары күшейе бастады, ал қазақ хандығының ішінде сұлтандар оқшаулануды көздеп, дұшпандық әрекеттерін тоқтатпады. Қазақтардың қарақалпақтармен қарым-қатынасы да шиеленісіп кетті. XYIғ. Аяғы қарақалпақтардың40шақты руының өкілдері орталық Қазақстан мен Арал теңізі жағалауынан өздеріне жер бөлуді өтініп,Тәуекел ханға келді. Хан олардың өтінішін қабылдап, қоластына жаңадан келгендерге өзінің ұлын билеуші етіп тағайындады. Бірнеше жылдан соң қарақалпақтар көтеріліс жасап Ташкентті басып алды. Есім хан қарақалпақтарға қарсы соғысып,» жылы оларды Сырдарияның орта ағысын тастап кері шегінуге мәжбүр етті.

XYIғ.екінші жартысының басында Қазақ хандығының сыртқы саясатында елеулі саяси және әскери күш болғанына қарамастан, ол дегенмен де XYIғ.ң аяғына қарай елеулі қиыншылдықтарды бастан кешірді және оны өз көршілері Жетісудың отырықшы егіншілік аудандарынан Сарясудың оңтүстік шебіне ығыстырды,яғни ол Дешті Қыпшақтан айырылды. XYIғ. Аяғы қазақ даласын ноғайлар басып алады.

47. Қазақ мемлекеті халықаралық қарым қатынастар жүйесінде(xyii- xyiiIғ)

Қазақ хандығының оңтүстік шептердегі саяси күресі, Қ.ның оңтүстік шығысындағы ойраттарға, батыс және шығыс шептерде қалмақтарға қарсы толас таппаған күресі, белгілі бір ұлыс пен жұрт әміршілерінің әрқайсысының саяси үстемдігін орнықтыруы негізіндегі әулеттік қырқыстар бүкіл XYII ғ.да жалғаса берді. Дүрбелең уақыт кезеңінде және мемлекет басына жаңа әулеттің орнығуы Қаз.н мен Ресей арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді саяси қатынастардың нығаюына жағдай жасамады. Саяси байланыстар XYII ғасыр аяғына ,екі мемлекеттеде де билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер – Тәуке хан мен I Петр келген кезде жанданады. Ресей мен қазақ хандығының жағындасуы жоңғарларға қарсы күрестің біртұтас саяси мүдделер негізінде орын алды.

Ұлы Жібек жолы кезінен бастап Қазақстан аумағы кең көлемді транзиттік сауда ауданына айналған еді. Сонау біртұтас Ноғай ордасы кезінде-ақ Орыс мемлекеті XYI ғ. Бірінші жартысында : “Ноғай князьдарымен және үнді ханы Бабырмен сауда саттық жөнінен қарым қатынас жасау мақсатын”көздеді. Бір бірімен сауда жасасуға Орыс мемлекетінің өзі де , көршілес халық та мүдделі болды.

XYIғ.дың аяғында товар айырбасы мына жол арқылы жүргізілген: Қазаннан Камаға, одан Башқұрт өлкесімен, Уфадан айналып өтіп, Жайықтың жоғарғы жағына қарай, Жайық өзенін Сақмар және Солқаш өзендерінің сағалары арасынан кесіп өтіп, даламен жүріп отырып, Сарысу өзені аңғарына беттеген де, Талас Алатауының бөктерінде аяқталған. Бұл жол 9 аптаға созылған.

Жалпы алғанда Москва мемлекетіне қазақ жері арқылы жасалатын Орта Азия экспорты жыл сайын 40-50мың сом болған,ал сауда керуендері санының өзі 300-400 түйе мен арбаға жеткен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]