Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих шпор.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
461.31 Кб
Скачать

1917Ж 27 ақапн –Ресей буржуазиялық-демократиялық төңкерісі, монархияның құлауы Елде Қос өкімет орнады:1.Уақытша үкімет бағыты-капитализмді дамыту.2.Жұмысшы, шаруа, солдат депутаттары кеңесі.

Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі саяси партиялардың мүшесі болып оралды:-верныйда –«Қара жұмысшылар одағы»;-Петропавлда-«Жас арбакештер одағы»

Жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді:-Әулиеата мен Меркеде-«Қазақ жастарының революцияшыл одағы»;-Ақмолада- «Жас қазақ».Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар: -1905ж-«Алаш» қозғалысы;-1917ж-«Алаш» партиясы.Әлеуметтік негізі –капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар. Мақсаты:-Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;-Автономиялық ұлттық мемлекет құру.Жетекшісі-Ә.Бөкейханов. Мшелері- А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құд,М.Тынышбаев,...

«Алаш» партиясы жетекшілері Қазан төңкерісін және Қазақ мемлекеттігін кеңестік негізде құру идеясын қабылдамады. -1917ж қырк –түркістан федералистер партиясы құрылды.1917ж күз- «Үш жүз» партиясы құрылды. Жетекшісі: Көлбай Тоғысов Мақсаты: большевиктік бағыт ұстау. 1917ж –Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Орл, Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды.1917ж көктем -өлкеде эсерлер ұйымы құрылды Мақсаты:-Жерді шаруаларға беру;-Патша үкіметінің отарлау саясатын айыптау.Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ өлкесінде көппартиялық жүйе қалыптасты. Билік жолында күрескен саяси партиялар мен ағымдар дағдарыстан шығудың алуан бағдарламаларын ұсынды. 1917ж Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы:

-Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.

-Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.

Кемшіліктері:

-Ұлттық –аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.

-Отаршылдық басқару органдарын жоймады.

77.1916ж.ұлт-азаттық көтеріліс

1916ж 25 маусымда патшаның Қазақсатан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916ж ұлт азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақсатанның барлық аймақтырында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Тыл жұмысына алу үшінтізім жасау парақорлық пен бұрмалаушылыққа ұласты. Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. Жетіуда, оның басшылары:Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж. Мәметов, Т. Бокин және т.б, Торғайда, басшылары:Ә. Жанбоснов, А. Иманов, Ә. Жангелдин және басқалар оның ірі ощақтары пайда болды. Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді. Хан сайлау Шерубай Нұра болысында Н. Қойшеев, қарашақ болысында О. Шомыр, Жайымтал болысында Б. Әшекеев, Торғай уезінде Ә. Жанбосынов хан болды. Сот алқасы жасақшы. 1916ж 23тамызда генарал губернатор Курапаткиннің құпия бұйрығы құпия бұйрығы шықты: ол бұйрыққа лауызымды адамдар, қара жұмысқа шақырудан босатылды. Көтерілісшілердің әрекеттері: қара жұмысқа шақырушылардың тізімдерін жою, жер сату жөніндегі құжат жою, болыс басқармаларын, болысауылдарын талқандау. Торғай мен Жетісуда ірі ірі шайқастр болды. Олар: Татыр шайқасында Торғай мен Жетісуда ірі ірі шайқастр болды. Олар: Татыр шайқасында 300 көтілісші, 3 жазаланушы қаза тапты және т.б. Көтерілістің жеңілу себептері: Бытыраңқылығы, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руарлықтартыстар, жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Бұл көтерілітің тарихи маңызы: қазақ халқының таптық санасы өсті, қазақ халықтары ұлттық мүдделерінің орталығын ұғынды., Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.

78.ХІХғ.соңы-ХХғ.басындағы Қазақстан мәдениеті

Осы кезеңнің басында Қазақ мідениеті өзіндік ерекшеліктермен дамыды. Осы кездегі маңызды оқиғалар мәдениеттің жаңаша дамуына әсер етті. Мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына ең алдымен 1905-1907 жж революциялық қозғалыстардың әсері көп болды.

Баспа ісі. Мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына осы кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Қазан, Ташкент қалаларында қолға алынды. Кітап шығару ісінде орыс географиялық қоғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды.

Әдебиеттің дамуы. 1909 ж Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты. Бұдан басқа А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың, С.Дөнентаевтың шығармалары да басылып шықты, С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы», «Адасқан өмір», «Бір адамға», «Қамар сұлу», «Алты аяқ», С.Көбеевтың «Қалың мал» шығармалары осы кездегі әдеби туындылардың озық үлгісі болып саналады.А.Байтұрсынов – қазақ әдебиетін және лингвистика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым. 1913 ж ол «Қазақ» газетін шығара бастады. «Маса» өлеңдер жинағы Орынбор баспасынан жарық көрді.Ш.Құдайбердиев – Абайдың шәкірті, қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі. Парсы, түрік, араб, орыс тілдерін меңгерген. Оның «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тарихи еңбегі, «Қазақ айнасы» атты өлеңдер жинағы, «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары жарық көрген.Ағарту ісі. 1906 ж Патша үкіметі оқу ағарту ісінің ережелерін бекітті. Ереже қазақ жерінде орыс мектептерінің көбеюіне жол ашса, медреселердің жұмыс істеуіне шек қоя бастады. Ағарту ісін дамытуға қаржы өте аз бөлінді. «Айқап» журналы, «Қазақ», «Степной край», «Сибирская жизнь» газеттері қазақ халқының негізгі басылымдары ретінде ағарту ісін дамытуға үлкен үлес қосты.

Музыка және ауыз әдебиеті. Қазақ ауыз әдебиетінің дамуына Ж.Жабаев, Н.Байғанин сияқты қазақ әдебиетінің өкіодері үлес қоса білді. Ал музыка мәдениеті бұл кезде жақсы дамыды. Осы кездегі музыка әдениетінің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар: Д.Нұрпейісова, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Әміре Қашаубаев, Қ.Байжанов, Е.Беркімбаев. Осы кездегі белгілі әндер «Гәкку», «Майда қоңыр», т.б.

79.ХХғ.70-80жж.Қазақстан:экономика мен қоғамдық-мәдени өмірдегі қайшылықтар

ХХғ.70-80жж.республиканың қоғамдық саяси өмірінде де күрделі жағдай қалыптасты. КОКП-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Ұлттың салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді.КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау етек алды. Қазақ халқының тарихы 1917ж. Қазан төңкерісінен кейін басталады деп есептелді. Оған дейінгі болған тарихы фактілердің барлығы жалған деп есептелді. Шұғыл интернационалдандыру, ұлттық мүдделерді есепке алмай бюрократтың ж/е күштеп қудалау әдістерімен біртұтас совет халқының қалыптасуын тырысу ұлт саясатында өрескел ағаттықтар мен елеулі қателіктер жіберуге әкеліп соқтырды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың «Аз и Я»деген талантты кітабы «Звезда», «Москва» журналдарының мақаласында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірілді. Ол ұлтшылдық, пантюрхистік шығарма ж/е орысқа қарсы деп айыпталды.1976ж. философия институтының авторлар ұжымы даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тыйым салды. Антрополог О.Исмағұловтың «Қ/ң этностық географиясы» деген кітабы идеологиялық тұрғыдан зиянды деп табылды.

81.ХХғ.халыққа білім берудің дамуы. Ыбырай Алтынсарин

Өлкедегі жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Оралда орысша білім беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты.

1789 ж.— Азиялық училище ашылып,мрнғол, маньчжур, қытай, парсы т.б. тілдерді оқытты.

1813 ж — Орынборда әскери училище ашылып, ресейлік әкімшілік үшін чиновниктер дайындады.

1837 ж — Орынбор әскери училищесі Сібір кадет корпусы болып қайта құрылды.

1844 ж — осы училище Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды.

1831 ж 18 қыркүйек— Семейде алғашқы орысша оқытатын училище ашылды.

1836 ж — Өскеменде интернаты бар училище ашылды.

1841 ж — Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастырылуымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды.

1850 ж — Орынбор шекаралық комиссияның жанынан орыс метебі ашылды.

XIX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап Қазақстан жерінде оқу-ағарту ісі жолға қойыла бастады. 1868 жылы Түркістан статистикалық комитеті,1878 жылы Семей статистикалық комитеті құрылды. Орыс географиялық қоғамның қазақстандық бөлімдері Қазақстан жерін зерттеу мақсатында көптеген экспедициялар ұйымдастырды. 1883 жылы Семей қаласында қоғамдық кітапхана ашылды. XIX ғасырдың аяғына қарай Қостанай, Торғай, Орынбор қалаларында ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар ашылды.1883 ж. Орск қаласында алғашқы қазақ мұғалімдер мектебі ашылды.

1879 жылы ол Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1881-1882 жылдары Ы.Алтынсарин облыстың төрт уезінде екі сыныпты орыс-қазақ училищелерін ашты, оларды оқушылармен, мұғалімдермен толықтырды. 1888 жылы қазан айының аяғында Ырғызда қазақ қыздарын оқыту үшін интернат ұйымдастырып, патша әкімшілігінен қыздар училищесін ашуға рұқсат алды, мұндай оқу орындары Торғайда 1891 жылдан, Қостанайда1893жылдан, Қарабұтақ поселкесінде 1895 жылдан, Ақтөбеде 1896 жылдан бастап жұмыс істеді. Бұл училищелерде 1896 жылы 211қыз оқыса, оның 70-і қазақ қыздары еді.

Ол педагогика, этнография, фольклор салаларында жемісті еңбек етіп, “Қырғыз хрестоматиясы”, “Қырғыздарды орыс тіліне үйретудегі бастапқы қеңес” оқу құралдарын жазды, “Қобыланды батыр”, “Жәнібек батыр” жырларынан үзінділер келтірді. “Қыпшақ Сейітқұл”, “Бай баласы мен жарлы баласы” және басқа тарихи еңбектерін жазды. Алтынсариннің шығармалары қазақ халқының өмірін әділ көрсетті. Ол өзінің өлеңдерімен ғылымды насихаттап, надандықтан сақтандырды,тәрбиелік мәні әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.

82 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қаз/ң экон/сы

Соғыстың алғашқы ж\н бастап республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды):

  • Бейбіт мақсатқа жұмсалатын қаржы қысқартылды

  • Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады

  • Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика,цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.Көшірілген 54 зауыт пен фабрика Тамақ өнеркәсібі комиссариаты қарамағында болды.Жеңіл ж\е тоқыма өнеркәс\ң 53кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Көшіріліп әкелінген зауыттар мына аймақтарда орналасты:Алматы,Орал,Петропавл,Шымкент.Семей,Қарағанды,Ақтөбе.Қазақстан- КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.1942ж Қаз\да өндірілген:қорғасын 85%-ын,көмірдің 1|8 бөлігін,молибиденнің 60%- ын,октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.Соғыс жылдарында салынған құрылыстар:Мақат-Қосшағыл теміржолы,Петровский машина жасау зауыты, Пешной-Шарин құбыр жолы,Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты.1943ж қазан Ақтөбе ферроқорытпа зауыты іске қосылды.1943сәуір Қарағанды металлургия зауытын салу шешімі қабылданып, «Қазметаллургстрой» тресі ұйымдастырылды. 1943сәуір-Жезқазған комбинаты құрылды. 1944-45ж салынған жаңа өнеркәсіп объектілері:Текелі қорғасын-мырыш комбинаты,Белоусов байыту фабрикасы, Ақмола ауылшаруашылық машина зауыты, Алматы вагон жасау зауыты,Атырау мұнай өңдеу зауыты. 1991-45 ж барлығы 460 зауыт, фабрика,шахта салынды.Республика экономикасын соғыс жағдайында көшіру жүзеге асырылды.Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып,майдан мен тылды қару-жарақпен,оқ-дәрімен,азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.

83.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында

Қазақ жауынгерлері соғыста ерлікпен шайқасты. 316 дивизияның ерліктері

  1. Мәскеу шақасындағы ерлігі үшін 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл ту орденімен марапатталды

  2. Латвияны азт еткені үшін құрметті Ригалық атағын алды

  3. Риганы азат еткені үшін 2-дәрежелі Суворов орденімнен марапатталды

Бауыржан Момышұлы-аға лейтенант Б.Момышұлы өз батальоның Мәскеу түбінде жау қоршауынан үш рет алып шықты.1941жылғы шайқастарда батальоның 27 рет шабуылға бастап шығып 5 рет қоршады бұзып шықты.1995 жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы атанды.

Төлеген Тоқтаров-Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп,5 офицердің көзін жойды. Ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атанды.Мәлик Ғабдулин-оның басшылығындағы автоматшылр тобы жау танкысын жойып, бөлішелерін жау қоршауынан аман алып шықты. Ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атанды.Сұлтан Баймағамбетов-А.Матросовтың ерлігін қайталап дзотын кеудесімен жапты.Әлия Молдағұлова-Ленинград шайқасындағы ерліг үшін 3 дәрежелі данқ орденімен марпатталды.Нұркен Әбдіров-1942 жылы 19 желтоксанда ұшағын жау танкілері шоғырына құлатты. Ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атанды.Толыбай Мырзаев-Павлов үшін қорғауда ерлік көрсетті. Брест қамалында аттары аңызға айналған 30ұлт пен ұлыстың өкілдерінен тұрған қаһарман батырлары 42 күн бойына күші басым жаумен арпалысты. Брест қамалын капитан И.Н.Зубачев, полк комиссары Е.М.Фомин, майор П.М.Гаврилов т.б. қайсарлықпен қорғауды ұйымдастырды. Брест қамалын жаудан қорғауға қазақстандықтар да ат салысты: қатардағы жауынгерлер А.Мүсірепов,Н.Сыдықов ; шекарашылар К.Абдрахманов және В.Лобанов; атқыш К.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, курсант В.Горянов, минометші В.Фурсов, артиллерист Ғ.Жұматов және т.б. Соңғы екеуі соғыстан кейін елге оралып, ғылымның қара шаңырағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде (қазаір әл-Фараби атында) студенттерді тәлім-тәрбиеге баулып, білімдерін ортаға салды.267-штурмдық авиадивизияның 808-штурмдық авиаполкінің ұшқышы Нүркен Әбдіров 1942жылғы 19желтоқсанда әуе ұрыстары кезінде жанған самолетін жау танкілерінің қалың тобына құлатып, экипажбен бірге ерлікпен қаза тапты. 61- атты әскер дивизиясы 13-жеке атты –артилериялық дивизионының миномет оқтаушысы Қ.Сыпатаев Сталинград түбіндегі Шарнутовский поселкасы маңында батареяға қарай өтіп кеткен жау танкісінің астына мина ұстап тұрып қиратты.

84.ХХғ.20жж.Қазақстан. Индустриализация саясаты

1921-25 жылдар тарихта азамат соғыс жылдарынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі болып табылады. Қ.-да осы жылдар индустриялық даму барысы жүрді.

Индустрияландырудың ерекшеліктері.

1. Қазақстанда индустрияландыру ісі өнеркәсіпке қажетті өлкенің табиғи ресурстарын зерттеуден басталды. Қ.-ң жас инженер-геологы Қ.И.Сатбаев Жезқазған мыс кен орындарын зерттеді.

2. Өлкеде индустрияландыру үрдісі елдің басқа аймақтарына қарағанда біршама кешірек басталды және уақыт мерзімі бойынша КСРО-ның халық шаруашылығының бірінші бесжылдық жоспарына (1928-32)сәйкес келді және күрделі жағдайда жүрді.

3. Өлкеде транспортты, әсіресе темір жолды дамыту алдыңғы қатарға қойылды.

4. Қазақстанда индустриялық даму жалпы одаққа қарағанда жоғарғы қарқынмен жүрді.

Индустриализация саясатындағы кемшіліктер:

Машина жасау,металлургия,қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады

Энергетика базасы,құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.

Тау-кен шикізатын дайынаушы база ретінде қала берді.

Республикадан сирек кездесетін металдар,мұнай,көмір,фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы жүк тасмалдау 1913 жылғы деңгейінен 213есе асып түсті.

Индустриализацияның Қазақстанға тиғізген кері әсері:

  • Халық дәстүрі бұзылды

  • Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады

  • Лагерьлер жүйесі орнықты

  • Қ-н Ресейдің шикізат көзіне айналды

  • Жергілікті мамандар дайынауға көңіл бөлінбеді.

85.Н.Ә.Назарбаев еңбектері – жаңа замандағы Қ/н тарихының дерегі ретінде.

1992ж – “Қ/ң егмен мемл/т ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің Маңызы: 1)Тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді. 2)Ел дамуының түбегейлі концепсиясы алғаш рет анықталды.3)Қазақ халқының тарихына тоқтатылып,жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылады.

1993ж 9қазан – “Қ/ң болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңб жария/ды. Бұл еңб/де Қ/ға жаңа үлгідегі идеалогияның қажеттігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтылды.Маңызы, Қ/ң қазіргі кездегі қоғамдық саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.

1996ж – “Ғасырлар тоғысында”еңб жар/ды.Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді. Маңызы:екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

1997 жылғы қазан – Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды

1999ж – “Тарих толқынында” еңб жаррыққа шықты. “Тарихтың шеңберлері ж/е ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі. Маңызы:Тарихи қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.

2003ж – “Сындарлы он жыл” еңб шықты. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды. Маңызы:әлемдік проблемалар көтеріліп, оның шешу жолдары қарастырылды.

86. XXғ 90ж Қ/ғы демократияландыру процестері. Қ/ң саяси партиялары мен қоғамдық қозғалыстары

Қ-ғы қайта құру, жаңару және демократияландыру процесі республиканың саяси өміріне айтарлықтай ықпал еткен көппартиялық қалыптасуымен қатар жүрді. Қ-да реформалар стратегиясының мемлекеттік негізі демократияландыру және саяси реформалардың бағдарламасы. Бұл бағдарлама қоғамдық процестерді одан әрі демократияландыру жүйесіне мемлекеттің тиімді әрі ықпалды әсер етуіне жағдай жасайды.1996 жылдың шілдеден бастап елде “ҚР-ғы саяси партиялар туралы” заң күшіне енді. Елдегі саси партиялар:

1.Қазақстанның социалистік партиясы (ҚСП). Ол1991жылдың 7қыркүйегінде шықты.2.“Қазақстанның халық конгресі”1991жылдың 5 қазанда құрылды. Республикадағы алғашқы партиялардың бірі.3. Қазақстанның коммунистік партиясы (ҚКП)-1991жылы қазанда құрылды. Оның 55мүшесі бар.Қ-ғы жұртқа кеңнен танымал оппозициялық партиялардың бірі.4. Қазақстанның ұлттық “Алаш” партиясы. 1992жылы ақпандаҚ-ның респ.-лық партиясы құрылды. Ол 1999жылы қыркүйектен “Алаш”Ұлттық партиясы болып аталады. “Алаш” партиясы нағыз этникалық сипатқа ие, қызметі негізінен қазақ ұлтының мүдделерін қорғауға бағытталған.

5.Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы (ҚХКП).1994 жылы желтоқсанда құрылды.ҚХКП филиалдары респ.-ның барлық облыстарында бар. 6.Қазақстанның қайта өрлеу партиясы-1995 жылы құрылтай съезінде құрылған. Респ.-ның барлық облыстарында филиалдары бар.7.Республикалық саяси еңбек партиясы-1995 жылы қыркүйекте “Қазақстан инженерлерінің одағы” қоғамдық-саяси қозғалысының негізінде құрылған.8. Қазақстанның “Азамат” демократиялық партиясы- “Азамат” қозғалысының негізінде құрылған.Өздерінің нақты оппозициялық көзқарастарымен ерекшеленеді әрі Алматыда үлкен қолдауға ие.9. Қазақстанның республикалық халық партиясы (ҚРХП)-1998жылы 17желтоқсанда бұл партияның құрылтай жиналысы болды. Бұрынғы ҚР премьер –министрі Ә.Қажыгелдин төрағасы болып сайланды. 10.ҚР-ның әділет партиясы-1999 жылы көктемде құрылды. 11. “Отан”республикалық партиясы-Қ.-ның демократиялық партиясының, Қ-ның халық бірлігі партиясының, Қ-ның либералдық қозғалысы мен “Қазақстан-2030 үшін”қоғамдық қозғалысының бірігуі арқылы,1999 жылы қаңтарда Алматыда өткен құрылтай съезінде Президентке кандидат Н.Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб негізінде құрылды. 12.Қазақстанның аграрлық партиясы-1999 жылы 16 наурызда тіркелген. 13. “Ақ жол”партиясы-2002 жылдың аяғында “Қазақстанның демократиялық таңдауы” бірлестігінің саяси кеңесінен бір топ мүшесі бөлініп шығып, “Ақ жол”партиясын құратындықтарын мәлімдеді.

87.Невада семей қозғалысы. Қ/дағы экол/қ мәселелер.

Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен Өскемен, Шымкент, Алматы, Теміртау сияқты өнеркәсіп орталықтарында ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда,Ақтөбе,Семей облыстарында өте ауыр жағдай қалыптасты. “Невада-Семей” ядролық қаруға қарсы күрес күшейіп,Семей полигонының жабылуына қол жетті.

1989ж.ақпан – “Невада-Семей”қозғалысы құрылды.Мақсаты:ядролық сынақтарға қарсы күресу. Жетекшісі – Олжас Сүлейменов.

1989ж.6 тамыз – Қарауыл ауылы (Семей облысы)жанында “Невада-Семей” қозғалысының ұйымастыруымен митинг өткізілді. Қаралған мәселе:КСРО мен АҚШ арасында ядролық сынаққа бірлесіп мароторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдау.

Ядролық сынауды тоқтату үшін әскери өнеркәсіп комплексімен күрес жүргізді. Ұзақ жылдар қорлыққа үнсіз шыдап келген халық енді басын көтеріп, “Жоқ,ядролық жарылыс тоқтатылсын!”- деді. Ядролық қауіп туралы ғалымдар баспасөзде , парламент мүшелері сессияларда айта бастады, дәрігерлер адам денсаулығына радияцияның әсері,оны емдеудің тәсілдері туралы ашық талқылай бастады, ең бастысы тұңғыш рет ядролық сынау құрбандықтарының, радияциялық сәулеге шалдығып,денсаулығынан айырылғандардың өз дауыстары естілетін болды. Республиканың Жоғарғы Кеңесі қолдаған жұртшылықтың күшті қысымымен одақтық үкімет Семей полигонында жарылыс жасауды азайтуға мәжбүр болды.

Нәтижесі:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]