Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAZM_1200_NY.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

3 Қосалқы станцияларға қойылған трансформаторлар

Трансформатор (лат. transformo – түрлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Кернеуді неше ece арттырса, ток күші сонша есе кемиді. Қазіргі трансформаторлардың пайдалы әрекет коэффициенті өте жоғары, ол 99%-ға дейін жетеді, яғни шығын бар болғаны 1—2%. Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады. Қуаттың тұрақты дерлік мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагин жетілдірді. Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады. Красногорской РЭС-інде екі орамды және үш орамды трансформаторлар орнатылған.

6 сурет − Үш орамды трансформатор

7 сурет - «Отар-1» қосалқы станциясында маркасы ЗОН-110 кВ-і трансформатор орнатылған

8 сурет − «Қордай» қосалқы станциясында ТМТН-6300-110кВ-і трансформатор орнатылған.

9 сурет - «Бель» қосалқы станциясында

ТМ-6300-35кВ-і трансформатор орнатылған

10 сурет − «Умтыл» қосалқы станциясында ТМ-6300-35кВ-і трансформатор орнатылған

4 Сақтандырғыштар

Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынға ток өткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады. Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды. Кең тараған түрі — балқыма сақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғас өндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады. Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады, ал кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. Сондықтан олар тұрмыстық, өнеркәсіптік электр қондырғыларында, электртораптарында, электрстансалары мен қосалқы стансаларда кеңінен қолданылады.

1-ші кесте − Балқыма сақтандырғыштар

Ток күші

Чек түсі

Жоғарғы қуаттылығы, 220 В

Жасыл

1200 Ватт

10А

Қызыл

2000 Ватт

16А

Сұр

3200 Ватт

20А

Көк

4000 Ватт

26А

Сары

5200 Ватт



Қосалқы станцияларда ПКТ, ПКН және ПВТ маркалы сақтандырғыштар қойылған. ПКТ сақтандырғышы 6кВ-35кВ кернеу аралығына және номиналды ток 40-400А арлағында қойылатын сақтандырғыш.

11 сурет - ПКТ сақтандырғышы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]