Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Materialtanu_2_lab_1_jauaptary

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
13.94 Кб
Скачать

1) Қаттылықтың мәні металдың құрылымына және оның химиялық құрамына тәуелді. Осыған байланысты қаттылықты өлшеу – болаттардың қасиеттерін және жылумен өңдеу сапасын бағалау үшін өндірісте кең қолданылады.

2) біріншіден, осы әдіспен анықталған қаттылық өлшемін пайдаланып металдардың беріктік шегін анықтауға болады (жез, дюралюминиий, жасытылған болат). Екіншіден, орындау техникасы бойынша шағын қаттылықты, беріктікті, майысуды, тұтқырлықты анықтағанға қарағанда қаттылықты өлшеу техникасы салыстырмалы оңай. Үшіншіден, қаттылықты өлшегенде тексерілген тетік қирамайды және төртіншіден, қаттылықты аздаған өлшемді және қалың емес тетіктерде, сонымен қатар металдың өте жұқа қабатында өлшеуге болады.

3) Бринель әдісінде шарлардың түрөзгертуінің арқасында болатын қателерден сақтану үшін, әдетте қаттылығы 450/мм-ден көп болмайтын металдар қолданылады. Дұрыс шариктің ізін алу үшін келесі шарттарды сақтау керек: үлгінің қалыңдығы таңбаның тереңдігінен он реттік аз болмау керек, ізінің ортасы үлгінің шетінен арақашықтығы 4d аз болмауы керек.

4) Бринель әдісінде шарлардың түрөзгертуінің арқасында болатын қателерден сақтану үшін, әдетте қаттылығы 450/мм-ден көп болмайтын металдар қолданылады.

5) МЕСТ2999-75 бойынша жүктемені тиеу екі сатыдан қарастырылады: алдымен 100Н-қа тең болатын үлгіде алғашқы жүктеу, одан кейін негізгі алғашқы жүктемені тиеп, ізді өлшенетін тереңдігін өлешейтін индикаторды 0 – көрсеткенше орналастырады. Роквелл әдісі бойынша аспаптың межесіндегі шартты бірліктермен қаттылық туралы пікір айтуға болады.

Айналу межесі бойынша индикатор тілінің 1-бөліміне орын ауыстыруы басып батудың тереңдігінің екі микронына сәйкес келеді.

Ізді алғаннан кейін жүктемені алып тастап, ал алғашқы жүктемені қалдырып, ұштықтың қалдық тереңдігін өлшейді.

Құралдың циферблатының бөліну көрсеткіштері индикатор тілінің қозғалу бағытына кері таңбаланады, сондықтан іздің тереңдігі азайған сайын қаттылық саны өседі, яғни неғұрлым катты металл болады.

Құралдың циферблатында екі түрлі межелік бар: біреуі қызыл, екіншісі қара. Қызыл межелік қара межелікке қарағанда 30 бөлімге ығысқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]