Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAZM_1200_NY.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
2 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

3

1 «Краснагорской» РЭС-і жайлы жалпы мағлұмат

4

2 «Краснагорской» РЭС-тің қосалқы станциялары

5

3 Қосалқы станциялардағы негізгі трансформаторлар

9

4 Сақтандырғыштар

12

5 Ажыратқыштар

14

Қорытынды

20

Әдебиеттер тізімі

21

КІРІСПЕ

Жамбыл электр жүйелері (ЖЭС) ЖСШ-і Қазақстандағы электр энергиясын таратушы басты кәсіпорындардың бірі. Бұл өндіріс орны 1999 жылы Жамбыл облысында Тараз қаласында құрылды. Жамбыл облысындығы электр энергиясын жеткізуші басты мекеме. Басқарушы Жарбулов. Күнделікті өмірімізде электр қуатының қандай маңызға ие екені айтпаса да түсінікті. «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС облыс аумағындағы тұтынушыларға электр қуатын жеткізеді және таратады, электр жүйелері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды пайдаланумен шұғылданады. Кәсіпорын 12 аудандық электр тарату жүйесі, Тараз қалалық электр жүйесі және 8 орталық өндірістік қызметті біріктіреді. Мекеме 146,445 мың шаршы шақырым аумаққа қызмет көрсетеді, қарамағында 0,4-110 киловаттық 15077 шақырым электр желісі және 6-10-35-110-220 киловаттық 3215 бірлік трансформаторлық қосалқы станция бар. Біз практикалық тәжірибеден өткен филиалдарының бірі Қордай ауданында орналасқан Красногрский РЭС-і. 40 күндік өндірістік практикамыз осы бір кәсіпорында өткен болатын. Осы уақытта кәсіпорынның ішкі жай-жапсарын бақылып, қызметкерлердің жұмыс күнінің қалай өтетіне көзжеткіздік және де станция туралы мәліметтер жинадық. Станцияларға қойылған трансформаторлармен ажыратқыш, сақтандырғыш және басқа да электр жабдықтарымен таныстық.

1 «Краснагорской рэс-іне» жалпы шолу

Жамбыл электр жүйелерінің құрамына кіретін қосалқы станциялардың бірі – Краснагорской РЭС-і. Ол Қордай ауданында орналасқан. Алматы облысынан және Қырғызстан Республикасынан келген 110кВ-ты электр энергиясын төмендетіп тұтынушыларға таратады. Құрамына бірнеше қосалқы станция кіреді. Ең ірілеріне «Отар-1», «Қордай» қосалқы станциялары 110кВ кернеуді төмедетуге арналған. Басқарушысы: бас электрик Кривочкин В.И., дисперчерлік басқару бөлімін Құтманбаев Д.А және бас инженері Қасекеев М. Мекеме 50 жуық адамды жұмыспен қамтып отыр және жұмыс тәжірибесі көп мамандар жұмыс жасайды. Алдыңғы 30-35 жылдық, орта буын жас мамандардың жұмыс тәжірибесі 10-15 жылды құрайды. Жұмыс уақыты бір ауысымды. Кеңес үкіметі кезінді негізі қаланған бұл қосалқы станция қазірге дейін Қордай ауданын электр энергиясымен қамтып отыр. Жылына екі мезгіл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жаз және қыс айларында: істен шыққан құралдырды ауыстырады, тазалық жұмыстарын жасайды.

1 сурет − «Краснагорской РЭС»-тің бас сызба нұсқасы

2 «Красногорской» рэс-тің қосалқы станциялары

«Красногорской» РЭС-тің қосалқы станцияларына: «Отар-1», «Отар-2», «Қордай», «Умтыл», «Красногорка», «Бель», «Матыбулак» және «Новая» жатады. Аты айтып тұрғандай бұл станциялар жергілікті елді мекендерді электр энергиясымен қамтиды. Жоғарға вольтті желілер әуе жолы арқылы және жер асты жолы арқылы бір-бірімен байланысқан.

2 сурет «Красногорской» РЭС-тің қосалқы станциялары

Басты қосалқы станциясы ол – «Отар-1». Бұл жерге Қырғызстаннан және Алматы облысынан 110кВ жоғарғы вольтті энергияны қабылдап, осында орналасқан үш орамды қос трансформатор кернеуді төмендетеді. Екінші орамы энергияны 35кВ-қа төмендетіп келесі қосалқы станцияларға таратады: «Отар-2», «Бель» және «Новая» қосалқы станциясына. Үшінші орамы энергияны 10 кВ-қа төмендетіп Отар ауылдық округін электр энергиясымен қамтиды. «Отар-1» қосалқы станциясында қос үш орамды маркасы ЗОН-100кВ-і трансформатор орнатылған. Сонымен қатар мұнда майлы ажыратқыштар маркасы МКП-35-1000-25, разрядниктер маркасы РВС-110 және ПК-10, ПКТ маркалы сақтандырғыштар қойылған. Қос трансформатор кезектесіп жұмыс атқарады.

Ауданы 12, айналасы сыммен қоршалған. Мұнда сонымен қатар дисперчелік орталықта орналасқан. Төменде қосалқы станцияның схемасы берілген. Схемада сонымен қатар орнатылған трансформатордың, ажыратқыштардың, сақтандырғыштардың т.б электр жабдықтарының маркалары көрсетілген.

1 сызбанұсқа – «Отар-1» қосалқы станциясы

Екінші ірі қосалқы станцияның бірі – «Қордай» қосалқы станциясы. Бұл қосалқы станция Қырғызстаннан және Алматы облысынан 110 кВ жоғарғы вольтті энергияны қабылдап, осында орналасқан үш орамды қос трансформатор кернеуді 35кВ және 10кВ төмендетеді. Қордай ауылдық округін электр энергиясымен қамтиды. «Қордай» қосалқы станциясында ТМТН-6300-110кВ-і трансформатор орнатылған. Сонымен қатар мұнда майлы ажыратқыштар маркасы МВ-35-1000-25, разрядниктер маркалары РВС-110, РВС-35 және ПК-10, ПКТ маркалы сақтандырғыштар қойылған.

3 сурет − «Қордай» қосалқы станциясы

Тағы да бір ірі қосалқы станциясы Үлкен Сұлутөр ауылында орналасқан «Краснагорка». Тұтынушылары Үлкен Сұлутөр және Сұлутөрдің өзі, Көктебе елдімекендері. «Отар-1» қосалқы сатнциясынан 35кВ-і желі келіп, 10кв-қа түрленеді. Келесі Кенен Әзірбаев ауылында орналасқан «Умтыл» қосалқы станциясы, тұтынушысы осы жергілікті ауыл тұрғындары және тағы басқа «Новая», «Бель», «Матыбулак» қосалқы станциялары бар.

4 сурет − «Умтыл» қосалқы станциясы

5 сурет − «Краснагорка» қосалқы станциясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]