Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Word

.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
975.18 Кб
Скачать

Тақырып: Адам биологиясы. Адам биологиясында кездетін негізгі анатомиялық терминдер.

Мазмұны:

1.Анатомия. Анатомияның негізгі бөлімдері.

2.Адам анатомиясы.

3.Адам анатомиясындағы негізгі терминдер.

Қосымша. Анатомия мен физиология ғылымдарына үлес қосқан ғалымдар.

Кіріспе.

Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адаманатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:

  1. жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;

  2. мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;

  3. топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;

  4. салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;

  5. түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;

  6. түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;

  7. жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;

  8. қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;

  9. сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;

  10. микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.

Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

  • остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім

  • синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім

  • миология - бұлшықеттер туралы ілім

  • дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім

  • спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім

  • эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім

  • ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім

  • неврология — жүйке жүйесі туралы ілім

  • эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.

Анатомия ғылымының негізін көне грек ғұламалары: Алкмеон Кротонский, Гиппократ, Аристотель, Герофил, Эразистрат, ертедегі Рим ғалымдары: А.К. Цельс, К.Гален, орта ғасыр шығыс ғүламасы Әбу Әли ибн Сина, қайта орлеу дәуірінің ғалымдары: Леонардо да Винчи, А.Везалий және т.б. ғалымдар қалады.

Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.

Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.

Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі жасушалардан тұрады. жасушалар жасушааралық затпен қосылып тін (ұлпа) құрайды.

Тін:

  • эпителиалдық,

  • дәнекерлік,

  • бұлшық еттік,

  • жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді.

Тін қосылып органдарды құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын органдар – органдар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам ағзасын құрайды.

Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді:

  1. тірек-қимыл аппараты;

  2. ас қорыту жүйесі;

  3. тыныс алу жүйесі,

  4. несеп-жыныс аппараты;

  5. жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді);

  6. сезім ағзалары;

  7. эндокриндік бездер;

  8. жүйке жүйесі.

Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады.

Адам денесі бас, мойын, бағана, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына бағана қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әртүрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.

Анатомия мен физиология ғылымдарына үлес қосқан ғалымдар.

1. Гиппократ.

Гиппократ (б.з.д. 460-377 жж.) - медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым әрі дәрігер. Адам денесіне көптеген бақылаулар жасап, алғашқы медициналық тұжырымдарды бір жүйелеген. Қабырғалар мен омыртқалардын, бұлшық еттердің, қантамырларының құрылысын зерттеген ғұлама. Темперамент пен дене бітімінің төрт типі жайында ілімді тұжырымдады. Гиппократ этикалық тәртібі және адамгершілігі мол дәрігердің жарқын үлгісі. Әлі күнге дейін медицинаға бет бұрған жандар "Гиппократ сертін" - дәрігердің өнегелік кодексін жаттайды. Гиппократ - "медицина атасы" болып саналады.

2. Клавдий Гален.

Клавдий Гален (б.з.д. 130-200жж.) - рим анотом-физиологі. антикалық дүние дәрігері. Ол адам анотомиясын сипаттады. Гладиаторлар мектебінде хирург қызметін атқарып, анотомиялық білімін кеңейтті. Көптеген мүшелерді алғаш боп сипаттап, артерияда қан болатынын тұжырымдаған алғашқы адам. Бұған дейін артерияда ауа болады деп саналған. Клавдий өзінің дәрістерінде алғаш рет маймылмәйітін қолданған (ол кезде адам мәйітімен жұмыс жасауға рұқсат етілмеген). Оның "Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы" атты еңбегі бар. Бұл кітапта ол өзінің анатомиялық тұрғыдана қарағандағы пікірлерімен бөліскен еді. Клавдийдің еңбектері көпке дейін құндылығын жоймай келеді.

3.Әбу Насыр әл-Фараби.

Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер дана. Әл Фарабидің еңбектерінен оның медициналық білімі болғандығын дәлелдейді. Ол өмір сүрген заманда медицина жаратылыстану ғылымдарының ішінде дамыған сала болды. Медицина ол кезде "емдеу шеберлігі ғылымы" деп атады. Әл-Фарабидің ірілі-ұсақты 150 ғылыми еңбегі артында қалған болса соның ішінде бірнеше еңбегі медицина саласына бағытталған. Мысалы: "Адам ағзасындағы мүшелер", "Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі " және тағы да басқалары.

4. Әбу Әли ибн Сина.

Ибн Сина

Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) (980-1037 жж.) - шығыстың ұлы энциклопедист ғалымы, тәжік философ әрі дәрігері. Оның "Дәрігерлік ғылымның ережелері" деген энциклопедиясында сол заманғы медицина жайлы құнды деректер бар. "Адам анотомиясы" кітабы ғасырлар бойғы дәрігерлердің таптырмайтын нұсқау құралы болды. Бұл кітапта адам денесінің қызметі мен құрылысы жайлы жылпы сипаттама берілген. Әбу Әли ибн Синаның медициналық еңбектерімен қатар философиялық трактаттар, математика, астрономия, геология, тіл білімі, музыка теориясы жөнінде жазған еңбектері бар.

5. Андреас (Андрас) Везалий.

Везалий

Андреас Везалий (1512-1564 жж.) - қазіргі медицинаның негізін салушы, Италиядаға Падуан университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке жұмыс жасап, 7 кітаптан тұратын "Адам денесінің құрылысы туралы" еңбек жазып қалдырған. Еңбектерінде ізашарларының қателерін ашық көрсетіп, қарсыластарының қуғындауына ұшырады. Везалий ер адам мен әйел адамның қабырғалар саны тең болатынын дәлелдеген. Ол адамның шынайы анатомиясына көптеп еңбек сіңіріп, анатомдар мектебін құрды.

6. Уильям Гарвей.

Уильям Гарвей

Уильям Гарвей (1578-1657) - ағылшын дәрігері, қазіргі заман физиологиясының негізін салушы. Қанайналымның тұйық екендігін дұрыс түсіндіре алған ғалым. Үлкен қанайналым шеңберін ашқан. Уильям физиология ғылымының негізін салушы. "Жануарлардағы жүрек пен қанның қозғалысы туралы анатомиялық зерттеулер" еңбегінің авторы.

7. Николай Пирогов.

Николай Пирогов.

Николай Иванович Пирогов (1810-1881 жж.) - орыс анатомы, хирург. "Артерия діңінің хирургиялық анатомиясы" деген кітабында "Адам денесінің қолданбалы анатомиясының толық курсын" жария етті. Біраздан кейін Пироговтың "Топографиялық анатомия" атты әлемге әйгілі еңбегі жарық көрді. Ол алғаш рет эфирлі наркозды, сүйек сынғанда гипс таңғышты, жара іріңдегенде спирт пен йодты пайдаланған болатын. Сонымен қатар ол ота жасаудың жолдарын ұсынып, іс жүзінде тәжірибелер жасады. Қазіргі таңда ғалымның үйінде мұражай ұйымдастырылды.

  1. Иван Сеченов.

Иван Сеченов (1829-1905жж.) - орыс физиологиялық мектеп ашқан ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді және қанның тыныстық қызметін зерттеді. "Ми рефлекстері" атты еңбегінде адамның саналы-санасыз әрекеттерінің рефлекстік табиғатын негіздеді. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.

9. Илья Мечников.

Илья Мечников (1845-1916жж.) - иммунитет теориясы үшін Нобель сыйлығына ие болды. Фагоцитоз құбылысын ашты. "Адам табиғаты туралы этюдтер" атты еңбегінде қартаю мен өлу проблемаларын талқылайды.

Илья Мечников

10. Иван Павлов.

Иван Павлов (1849-1936 жж.) - адам мен жануардың жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымның реттелуін зерттеді. Жүрек бұлшықеттерінің арнайы жүйкелерінің болатынын дәлелдеген. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығана иеленді.

11. Халел Досмұхамедов.

Халел Досмұхамедов(1883-1939)

Халел Досмұхамедов - ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. Онық негізгі еңбектері: «Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент); «Табиғаттану» (1924, Ташкент); «Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент); «Адамның тән тірлігі» (1927, Ташкент) және т. б.

X. Досмұхамедовтың әсіресе әр мүшенің тазалығын (гигиенасын) сақтау үшін айтқан өсиеттері өз алдына бір төбе. Соның кейбіреулерінен үзіндісін ғана келтіре кетейік.

  1. «Құлағың сау болсын десең... - құлағыңның құрылысы мен қызметін біл; құлағыңа ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уақытта еш нәрсе тықпа; құлағыңның ішін, сыртын таза ұста...»

  2. «Мұрның сау болсын десең... - мұрныңды әрдайым таза ұста; аузыңның тамақ жеп, сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа!»

  3. «Тынысың сау болсын десең... - дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын; үйдің ішінде еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме; киім, төсегіңді үйде қақпа; гулеген желден сақтан!»

  4. «Көзің сау болсын десең... - ымыртта, ала көлеңкеде, жарық нашар түскенде жазба, оқыма, үй жұмысын жасама; жазғанда қою сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз; бөгде адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе».

Бұл ережелер осыдан 78 жыл бұрын жазылса да осы күнге дейін құндылығын жоймай қолданылып келеді.

X. Досмұхамедов анатомия, физиология, гигиенаға бірдей көңіл бөлген. Мүшелердің гигиенасына тоқталмас бұрын оның құрылысы мен қызметін талдап барып, ең соңында гигиенасына тоқталады. Бұдан біз X. Досмұхамедовтың анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуына көп еңбек сіңіргендігін көреміз. Анатомия,физиология, гигиена ғылымдарының дамуы аталған ғалымдардың зерттеулерімен ғана шектелмейді.

Қорытынды.

Адам анатомиясы – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Оның озіне тән зерттейтін объектілері, ғылыми терминдері бар.