Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Охр труда.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
27.7 Кб
Скачать

2.Жарықтандыру

2.1.Бөлмелердің жарықтандырылуы

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін көру қызметінің дұрыстығын сақтау проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.

2.2.Табиғи жарық

Табиғи жарық. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы.

Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. Бірақ ҚНменЕ талаптары сақталған күннің өзінде көптеген жағдайлар кері әсер етіп, табиғи жарықты сандық және сапалық жағынан біршама төмендетуі мүмкін. Бұндай жағдайларға бөлме интерьерінің бояуы, жиһаздар мен басқадай құрал-жабдықтардың түр-түсі мен орналасуы, терезенің өлшемі мен конфигурациясы, санитарлық жағдайы, терезе алдының биіктігі т.с.с. жатады.

Күнделікті санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.

Алынған мәліметтер СанНменЕ, ҚНменЕ сияқты нормаландыру құжаттарының талаптарымен салыстырылады. Қажетті жағдайда ұсыныс, нұсқаулар беріледі. Негізгі бөлмелердің терезелерінің бағыты барлық климаттық аудандарда, барлық оқу-тәрбие мекемелері үшін оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс болып табылады. Терезе өлшемдері мен конфигурациясы және саны - жарық коэффициентін, яғни оның жеткіліктілігін анықтап біркелкілігін сипаттайды. Стандартты типтік терезелердің биіктігі 2-2,5м, кеңдігі 1,8-2,0м, формасы жарық ағынын (әсіресе жоғарғы жағынан) жақсы өткізуі керек. Сондықтан терезенің жоғарғы жағы мейілінше төбеге жақын (0,15-0,3м) орналасқаны дұрыс. Екі терезенің аралығы 0,5м көп болмауы керек.

Терезе алдының биіктігі типтік жобамен салынған оқу орындарында 0,7-0,8м, мектепке дейінгі мекемелерде 0,5-0,6м. Терезе алдына гүлдер, өсімдіктер өсіруге күндізгі мезгілде, перделерді жабық ұстауға болмайды. Терезенің шаң басу, ластануы табиғи жарықты 40%-ға дейін төмендетеді. Сондықтан оларды мектепке дейінгі мекемелерде аптасына 1 рет, орта оқу орындарында айына 1-2 рет ішкі жағынан жуып, тазалау қажет, сыртқы жағынан тазалануы жылына 3 реттен кем болмауы керек. Қыста қырау басудан сақтандырмаса табиғи жарық 60-80%-ға дейін төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]